Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз бір топпыз ойыны

1. «Баспа машинкасы» ойыны
Ойынның барысы: «Бүгін біз топта қалай жұмыс істей алатынымызды тексеріп көрейік. Ал, ол үшін баспа машинкасымен сөздерді басу процесін көзімізге елестетіп, оны ойша және еркін орындап көруіміз қажет». Біз машинкамен басып шығатын сөз өзімізге таныс өлең жолдарынан алынған болса болады. Мысалға, «Алтын күн аспаны...». Әрбір қатысушы өлең жолдарында берілген сөздердің бір - бір әрпін дауыстап атайды да, қолымен жазады («Алтын күн...»). Әрбір сөз жазылып біткен соң тыныс белгісінің орнына барлық қатысушылар орындарынан тұрып аяқтарымен жерді тебеді, ал әрбір жол аяқталған кезде қолдарын шапалақтап соғады. Осы арада айта кетер жайт, ойынның бір шарты бар: қателескен бала - ойыннан шығады. Сонымен бірінші оқушы бірінші әріпті атап, ауада жазады, ал екінші оқушы – екінші әріпті... Тыныс белгілерін ұмытуға болмайды.
«Бастадық, енді кімнің ойыннан шығатынын, ал кімнің жеңімпаз атанатынын байқайық!». Барлықтарыңызға рахмет! Осымен ойынымыз аяқталды.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертөстік бізде қонақта

Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.
Сабақтың жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Жылулық шеңбері.
Тәрбиеші: балалар сабағымызды бастамас бұрын осы баулар арқылы жүрегіміздің жылуын жеткізейік.

Сабақ барысы:
Жылулық шеңбері.
«Күн шуағы» Балалар күн жылуына алақандарын созып, алған жылуды бір - біріне бере отырып барлығы қосылып тілек айтады.
Армысың жарқын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың жер ана!
Армысың жан досым!
Армысыз қонақтар!
Қызықтыру сәті: Әуенмен Ер Төстік келеді. Мұңайып, көңілі жабырқап тұрады.
Ер Төстік: Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Бұл балалар Ер Төстік ертегісіндегі Ер Төстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен сұрайық? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ё дыбысы және әрпі

Мақсаты: Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қостілді құрам: шырша - елка, шахтер - шахтер, кірпі - ежик.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Қысы - жазы бір түсте.
Ол не? (ШЫРША)
- Шырша сөзін орысша қалай айтамыз?
- Елка.
Е дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
Е - дауысты дыбыс, екі дыбыстан жасалған, Й+О=Ё, орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
- Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?
Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу.
Сергіту сәті. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сандар еліне саяхат

Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойлау арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Заттардың көлемдері бойынша салыстыруға жаттықтыру. Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойыншықтар, кеспе сандар, суреттер, қарындаштар.
Әдіс - тәсілдері: ойын, есептеу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қоршаған орта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
- Саламатсыздар ма? құрметті қонақтар!
- Балалар, мен қонақтарды көргеніме қуаныштымын, қонақтармен амандасайық. (балалар қонақтармен амандасып орындарына жайғасады).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Балаларға В дыбысы мен әрпін таныстыру. В дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: В әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлер, шаблон суреттері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдердің айтысы

Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны, төлі, ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөнінде өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.
Көрнекілік: Төлдердің суреттері және бетперделері

Сөздік жұмыс:
сиыр - корова,
жылқы - лошадь,
түйе - верблюд.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?
(Ата - аналар жиналысы)

Мақсаты: Балаларға айнала қоршаған ортаны тануға, әр баланың жеке тұлғасын сақтап қалуды қамтамасыз ету туралы ата - анаға толық мағлұмат беру. Отбасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру жүйесі.
Тәрбиешінің кіріспе сөзі: А. Эйнштейн «Біз сезінетін ең керемет және ең терең сезім құпиялықты сезіну, кімге бұл сезім жат, кім жүректегі дірілді сезінбесе ол өлі адам» - деп жазған.
Балалардың танымдық белсенділігін дамытудың маңызды факторлары төмендегідей:
- Ұстаздық тұлға
- Оның баламен қарым – қатынасы
- Баланың ішкі әлемінің ерекшелігі мен заңдылығы
Бала берген білімді практикада қолдана білу керек. Ол баланың өзіндік шығармашылық жұмысы. Тәрбиеші тек қана материалды беру емес әлемді таныту, баламен диалогқа түсу, өз сұрақтарына жауап іздеуге бағыт беру керек. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту.
Білімділік мәні: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиешілік мәні: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, магнит тақта, тірек сабақ, дидактикалық ойын, ғажайып кезең, буындар текшелер.
Әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап; түсіндіру.
Тәрбиешінің іс - әрекеті .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Коммуникативті- тілдік құзыреттілікті меңгерту

Сабақтың мақсаты: Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес балалардың бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың коммуникативтік, танымдық тілдік қабілетін дамыту басты мақсат болып саналады.
Мен өз тәжірибемде тіл дамыту жұмысының негізін мынандай мақсатқа бөліп қарастырдым:
1) Балалардың бақылағыштық , ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйретем.
2) Бала бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып бере алатындай дағдылар қалыптастырам.
3) Балаларды ана тілін сүюге,оның алтын қорын,тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге,оны сезініп құрметтей білуге баулу.
4) Балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып тәжірибемде қолданам.
Біздің ең басты мақсатымыз «Білім беру» саласы бойынша тіл дамыту арқылы дара қатынасқа қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Құзіреттіліктер ретінде: білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:
-Тілдік құзіреттілігі.
-Ақпараттық құзіреттілік.
-Коммуникативтік құзіреттілік.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0