Балабақша сабақ жоспары: Қазақ сөздерін жаттатуға арналған ойындар
1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.
2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.
3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.
4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.
5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....

Балабақша сабақ жоспары