Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған. Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады. Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген ....
Ұлттық күрестің дамуының тарихы. Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан –тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан –ұрпаққа оны байытып, жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық.Алдымен тарихқа үңілейік. Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған. Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшіті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді ....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Сабақ тақырыбы: Тәні саудың – жаны сау Спортшыларды сипаттау. (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының барлығының мағынасын түсінеді.....
Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Спортшының жұмысқабілеттілігі бұлшық ет қызметінің әр түрімен айқындалып, адамның дене жұмысына қабілеттілігімен және дайындығымен айқындалады. Дененің жұмысқабілеттілігі қазіргі таңда бірқатар сала мамандарының қызығушылығын туындатып отыр [1]. Дене жұмысқабілеттілігі адам тіршілігіне маңызды, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жарамды өндірістік қызметтің бірқатар түрлерімен анықталады. «Дене жұмысқабілеттілігі» термині кеңінен қолданыста бар, дегенмен осы күнге дейін негіздемелі анықтамасы жоқ. Бар анықтамалардың өзінде ағзаның функционалды күйі мен еңбек тіимідлігі ескеріле бермеген. Жұмысқабілеттілік көбіне кәсіи қызметпен астарланып жатады [2]. Күрес спорттық қызмет түрі ретінде күрделі бағдарлы болып келеді. Осы сала спортшысының дайындығын жетілдіруде күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік сияқты дене сапаларымен қатар иілгіштіктің де маңызы зор. Олай болса, спорттық күресте жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін күресшінің дене дайындығы деңгейімен қатар дене дайындығының, қимыл қасиеттері дамуының маңызы зор [4].....
Кіріспе 2.1 «Медеу» Медеу қысқы спорт түрінің ең биік және ірі спорт кешені болып табылады, мұз айдынының алаңы 10,5 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда 170 әлемдік рекордт жасалған, сондықтан да ол спорт кешендерінің көшін бастауда. Оның алғашқы кезенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған болатын, ал 1951 жылдың 4-6 ақпанында мұнда алғашқы ресми жарыстар өте бастады. 2003 жылы биік тау спорт кешені толық қайта жарақтанудан өтті, болашақта жабық шатыр жасау жоспарлануда. «Медеу» тәкаппарлығымен кәсіби спортшыларды, жалпы әлемнің әр түпкіріндегі табиғат сүюшілерді өзіне көптеп тартуда. Аспантаулар аясындағы әсем «Медеу» ғасырларға жалғасқан мәңгілік жасыл шыршалар арасындағы мұз аралы іспетті. Мұнда саф таза ауаны, таулы Арктиканың суық лебін сезгендей боласың. «Медеу» неліктен әлемдік рекродттардың ошағына айналып отыр? Ғалымдардың жорамалы бойынша мұз айдыны астында терең жер асты өзені бар айналымға орналасқан. Айналымда үлкен соленоид, бағыттаушы алаң бар. Демек, мұз сырты суықтан қабыршақтанған кезде, кристаллдар белгілі бағытқа қарай бұрылады. Мұздың екінші рет қабыршақтануы 17-20 минут аралығында емес, 12 минутте - ақ жүзеге асады. Мүмкін, конькилер осы қабыршақтардың қабырғалары бойынша сырғанайтын болар. Жылдамдықтың сыры, міне осында жатыр! Ғалымдар сандық сиқырды да байқаған: Медеу теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікке орналасқан, ал мұндағы «ең жылдам» мұз нөлден 1,7 градус төмен температурада пайда болады екен. Айдындағы ең сапалы мұз - күннің шығуына және батуына жарты сағат қалған кезеңдер. Мұнда Жер айналуының, космостық және күн сәулелерінің де өзара ықпалы айтарлықтай рөл атқарса керек 2.2 Қаржы тапшылығынан жастарды баулу үзіліп қалуы....