Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жоғарғы оқу орны студенттеріне спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының азаматтарында жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлық қалыптастыру тұжырымдамасы, Этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы және Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық еңбегінде жаңа қоғамды құрушылар қандай болуы керек, қандай азаматты тәрбиелеу керек деген мәселеге зор көңіл бөлініп, оған ғылыми дәйекті жауап іздестірілген. Ол - өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып кіретін азаматты дайындау. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Адам да сол тәрізді. Олай болса ұстамды, көрегенді, түп-түзу, жып-жинақы, әсем бейнелі адамға қараудың өзі тым жарасымды. Жастарымыздың үлгі алатын, ең таңдаулы ішкі, сыртқы адамгершілік-эстетикалық сапаларын үйренетін адамы, міне, осындай болуы керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы дене дайындығын оқыту

Тақырыптың өзектілігі. Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.
Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0