[quote]Жамбылды өлді деуге ауыз бармас, Сұм ажал көрнеу келіп, бауыздамас. Туған соң топыраққа қайтады әркім, Қара жер қайсымызбен ауызданбас. Адамға аз жас емес жүз жыл деген, Қуармыз басқан ізді білдірмеген. Өлмесе ата-баба қайда кетті, Мәңгіге ешкім тегі бір жүрмеген. Жүз жасқа Жамбыл ата келіп кетті, Жеңісін Ұлы Отанның көріп кетті.......[quote]
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Сабақтың тақырыбы: Ғылымның соңғы жетістіктері: заманауи автокөлік Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау 7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру 7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру Сабақтың мақсаты:Тыңдалым материалын мұқият тыңдай отырып, негізгі мазмұн мен өзекті ақпаратты ажыратады; Өзінің пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап береді;....
Қарашы! Ақ пен көктің арасы, Хақ пен көптің арасы, Бар мен жоқтың арасы, Аш пен тоқтың арасы, Қасірет пен шапағаттың арасы, Зұлымдық пен махаббаттың арасы, Адалдық пен арамдықтың арасы, Жақсылық пен жамандықтың арасы, Өтірік пен шындықтардың арасы ......
"Ол замандарда, біз xат жазушы едік, қазіргідей телефон деген жоқ," - деп бастады әңгімесін, Марат ағам. "Қателеспесем, 94 жылдың күзі. Мектептегі қатарласым, басқа сыныптағы Әлияға іштей ғашық болып жүрген кезім еді. Оныншы сынып оқып жатқан шағымыз. Мен де көркі өзіне сай жігіт болдым ау, шамасы. Себебі, оның да маған көңілі барын сезетінмін. Хат жазып көңілімді білдіруге бел будым. Бірінші xатты жазу мен үшін, сірә, "Абай жолын" жазып.....
Алдымыздағы шілденің 10-ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.
«Еңбекшіл қазақтың» 154-санында емле туралы. 178, 179- ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.
Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі. Бұл ақкөңіл басқарушының бір жаман мінезі кім не десе соған бірден сенеді екен. Күндердің күнінде басқарушының жанына жағымпаз және өзімшіл бір көмекші тағайындалыпты. Бірақ ол қала халқына мүлде жақсы қарамапты. Көңілінен шыққанға көмектесіп, көңілі қаламағанға көмектеспепті. Әрі ұнатпаған адамдарын басқарушыға жамандайды екен. Уақыт өте келе қала тұрғындары оған ренішін білдіре бастапты. Халықтың басқарушыға деген көзқарасы да бұрынғыдай емес, өзгере бастапты. Халықтың бұл наразылығы падишахтың да құлағына жетіпті.......
Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз. Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда. Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық. Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда. Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін. Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас. ....