Анар жемісінің қаншалықты дәмді екенін көпшілік білетін шығар. Алайда оның бұл қасиетінен өзге денсаулыққа пайдасы да бар. Оның шырынан алу үшін 1 анар, көлемі 30х30 сантиметр болатын 4 қабатталған дәке және 15 минут қажет.
✅ 1. Жасарту қасиеті бар. Бос радикалдарды жоғалту мәселесінде анар бірінші орынға ие болады. Оның құрамында көптеген антиоксиданттар бар.
✅ 2. Бүйрекке пайдалы. Оны түрлі токсиннен қорғайды.
✅ 3. Бауырды қорғап, қайта қалпына келтіреді. Аталған ағзаның өлі жасушаларын қайта тірілтеді.......
✅ Адамның ішкі психологиясын оның түрлі іс-әрекетіне қарап анықтауға болатыны белгілі. Тіпті, қимылсыз, ұйықтап жатқандағы қалпы арқылы да көп нәрсе айтуға болады екен. Ал бүгінгі тест жұбайыңызбен ұйқыға батқанда, қалай жайғасасыз, соған қарай араларыңыздағы қарым-қатынас жайлы анықтама береді.
✅ Төменгі берілген суреттерге қарап, өзіңізге сай келетін нұсқаны таңдаңыз да, нәтижесіне назар аударыңыз.
✅ 1. Қарым-қатынасыңыз тұрақты. Алайда, оған қол жеткізу сіздер үшін оңайға соқпаған. Бастан өткізген сәтсіз өмірлік тәжірибелеріңізге қарап, бақыттың барына сенімдеріңіз жоғалған кезде, бір-бірлеріңізді тапқан болуларыңыз мүмкін. Бақыт пен шынайы махаббатқа қол жеткізгендеріңізге қарамастан, оны жоғалтып алу үрейімен өмір сүресіздер. ......
Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені ұсынамыз... Қарым-қатынас тәжірибесі Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз. Даналық Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз. ......
Егер сенің сөзіңді көп адам тыңдасын десең онда 6 нәрседен қашық бол.
1. Cөзіңнің арасына өсек араластырма 2. Әңгіме барысында ешкімді талқылама 3. Сөзіңе жағымсыз хабар (негатив) араластырма 4. Ақталма 5. Әңгімеңді әсірелеп айтпа. Әсірелеу өтірікке алып барады 6. Ешқашан жалған сөйлеме, жалған ақпарат таратпа.......
Салауатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде белгілі кепкен жемістер де ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын қыс айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген мамандар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күнделікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде. Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жемістердің қысқаша пайдалары:
Кепкен өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайдалы. Стрестің және қан аздығының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана кепкен өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде маңызы зор.
Кепкен жүзім: Энергия көзі. Қақырық түсіргіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.
Кепкен алма: Тыныс тарылуы, астма, жүрек мазасыздығына қарсы жақсы әсер етеді. Құрамындағы талшықты ерекшелігімен ішектерді тазалайды. Көзді шаршататын іскерлерге күніне бір уыс кепкен алма жеу пайдалы.
Кепкен құрма: Антиоксидант қасиетімен иммунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Асқорыту қиындығы барларға жақсы әсер етеді. В1, В2 дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне қорған. Ми функцияларын реттейді.
Кепкен қара өрік: Мол мөлшерде В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Құрамындағы калий және магний арқылы бауыр, жүрек, бүйрек және ревматизм ауруларына қарсы пайдалы.
Кепкен інжір: Талшық мөлшері өте жоғары болғандықтан салмақ тастауда пайдалы. Аминқышқылдар тұрғысынан қанық. Осы арқылы жасуша қалыптасуында, дененің жаңалануында белсенді рөлі бар. ......
Қою қара қас, қайырылған қалың кірпік, жібектей жұмсақ шаш... «Бұларға тек қымбат косметикасыз ғана қол жеткізуге болады» деп ойлайтын аруларымыз аз емес. Десе де, ешқандай косметикасыз-ақ та кемшіліксіз көрінуге болады. Қалай екенін өзіңіз оқып көріңіз... Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стакан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең аш қарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.......
1.Маса қышықыл иске жоламайтындықтан, жаңа лимонды сығып, шырынын маса көп кіретін жерлерге
Тамызып қойсаңыз, немесе жұқалап кесіп алған соң шырынын терезе ернеулеріне жағып қойыңыз. 2.Сарымсақты ұсақтап тұрап алып, бөлмелердің терезесіне шашып қойсаңыз. 3.Витамиын B мен витамиын C ды ылайықты мөлшердегі сумен Ертіп, денеңізге жағып алыңыз. 4.Маса шағып алған жеріңізге азырақ тұз суын немесе тыс пастасын жағып қойсаңыз қышыған......
✅ Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада қимылдау қажет. Мұның бәрін ағзаңыздың дабыл белгісі деп қабылдаңыз. Өйткені, жыл бойы сізге қажетті дәрумендерге сәбиіңіз ортақтасқандықтан.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
✅ Бет терісіндегі пигментті дақтар – көптеген қыз-келіншектің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан арулар дақтан арылудың жолдарын қарастырып, бетіне түрлі маскалар жасап, кремдер жағатыны да сөзсіз. Ал көп жағдайда олардың нәтижесі көңіл қуанта бермейді. Сондықтан маскалардың да үздігін таңдау керек.
Пигментті дақтардың пайда болу себептері де әртүрлі: гормональді өзгерістер, жүктілік, күн сәулесінің әсері, антибиотиктер қабылдау салдары, сапасыз косметика және тағы басқа.
Картоптан дайындалатын ағартушы маска, сонымен қатар, бет терісін жұмсартып, безеулердің алдын алады. Ал оның әсерін жақсарту үшін өзге де ингредиенттермен толықтыруға болады. Бұл масканың пайдасы, қолдануы жөнінде Кәмшат Жолдыбаева да бөліскен болатын. ......
Өз мүсінінің сұлу болғанын қалайтын арулардың еске сақтар ережелері:
✅ 1) Қарынға жиналған май сол жердің бұлшықеттеріне жасалған пресстен кетпейді. Пресс болады, бірақ, майдың астында қалып қояды. Сол себепті пресс жасаған сайын, қарныңыздағы май ұлғая береді. Май кетсін десеңіз, ішіңізді үнемі тартып, бұлшықеттеріне күш түсіріп жүріңіз.
✅ 2) Аяғыңызды көтеріп, сермеу – бөксеңізге, аяқтарыңызды созу – балтырыңызға, жаяу жүру – буындарыңызға өте пайдалы.
✅ 3) Таңертең аш қарынға 2 стақан суға лимон тамшыларын қосып, ішіп алыңыз. Ағзаңыздың асты дұрыс қорытуына көмектеседі. Сонымен қатар көк алма тойып тұрғанда тамақты басуға көмектеседі.......