Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады. Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы....
Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан). Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен. 2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген. 2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан); 2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері.....