Өмірбаян: Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)

Қарасақал Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.

Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.

Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0