Сабақ жоспары (ұмж): Архимед заңын қалай қолданады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Архимед заңын қалай қолданады?
Оқу мақсаты: Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
Судағы әртүрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Архимед күшін білу;
Денеге төмен қарай ауырлық күші, ал су тарапынан кері итеруші күш болатындығын білу;
Оқушылардың көбі:
Бір заттан жасалған денелердің бірі суға батып, бірі батпайтындығын түсіну;
Егер архимед күші денеге әсер ететін ауырлық күшінен кіші болса дене су түбіне бататынын біледі;
Егер архимед күші дененің ауырлық күшінен үлкен болса не су ішінде жүзеді немесе су бетінде қалқып жүретінін біледі;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қызыл Кітаптың маңызы (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты қорғау
Сабақ тақырыбы: Қызыл Кітаптың маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 5.6.3.3. ҚР Қызыл Кітабының маңызын анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
• Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтаудағы Қызыл Кітаптың рөлін түсіндіреді
• Ұлттық саябақтар және қорықтар мысалында тұрғылықты жерінің қорғалатын аймағын зерттейді
• Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бір өсімдік немесе жануар туралы презентация жасайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ынтымақты отбасы

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың бір - біріне деген қарым - қатынастарын байқау. Салт - дәстүрді дәріптеу.
Барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
Қазіргі отбасындағы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата - баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу. Халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады.
Бүгін біз «Ынтымақты отбасы» сайысын өткізгелі отырмыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалануға болады. Олар:
• Қарама - қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
• Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
• Жүйелік жақындау әдісі – бір - бірімен тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені біртұтас ретінде түсініп беру;
• Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Сонымен қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кейіпкерлерді сипаттаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлерді сипаттаймыз
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
3.3.1.1 жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу/пайымдау мәтіндерін құрап жазу
Сабақ мақсаттары: Шағын мәтін құруды үйрену. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясым 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясым 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш саяси партиясының құрылуы мен оның маңызына баға беріп, алғашқы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызын талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Рим ғасырлар тоғысында Мектеп:
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.2.4.1 Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақ тақырыбы: Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? 2-сабақ
Берілген сабақтағы іске асырылатын мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.2 ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Спартак көтерілісін зерделей отырып, Ежелгі әлемдегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.4.3 Әр түрлі дереккөздердің негізінде табиғи ортадағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.
3.1.4.4 Табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• табиғи ортадағы қатерлерді анықтай алады;
• өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қазақ сөздерін жаттатуға арналған ойындар

1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.

2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.

3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.

4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.

5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0