Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан құрылатын: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институтардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. .....
ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі- ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу,сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер,сызулар,фотосуреттер,географиялық карталар) ғана емес,жаһандық жүйе,дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады.Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады. Мәліметтер базасы(МБ)-белгілі бір арқауы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау,сақтау менамал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы.Адамның қатысуы ықтимал,автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын,поездар қозғалысы кестесін,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді,студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т.б. айтуға болады. Электронды мәліметтер базасының басты қасиеті-ақпараттық тез іздестіру мен сұрыптау,сондай-ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру мүмкіндігі.Мысалы:сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады.Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты.Олардың бірқатарын келтірейік. Объект деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйесінің элементтері аталады.....
Метрологияның ғылым ретінде адамзатқа сіңірген үлкен еңбегі – бүгінде қолданылып жүрген метрологиялық сынап бақылауларды жүзеге асыру. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімі – өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарға қатысушы объектілер мен құжаттарды тіркеу есебінің құжаты. Уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық келісімдер (шарттар) (бұдан әрі - келісім) негізінде шет елдерде жүргізілген сынақ нәтижелерін тану және өлшем құралдарының түрін бекітуді жүзеге асырады. Сынақ нәтижелерін тану және өлшем бірліктерінің түрін бекіту «Сынақ нәтижелерін өзара танудың, өлшем құралдарының түрлерін, салыстырып, тексеруді және метрологиялық аттестаттауды бекіту» 06-2001 ПГМ-де белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды. Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының аумағында, шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады Жаппай шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін өлшем бірліктерінің түрлері түрлерді бекіту мақсаттары үшін сынақтардың оң нәтижелері негізінде бекітуге жатады. Өлшем бірліктерінің түрлерін бекіту туралы шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды....
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады. Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады. ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген. «Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. ....
Кіріспе Түсті металдар Казакстаннын, басты бағалы байлықтары болып саналады. Республика аумағында түсті металдар кен орындары үш металлогенді ауданда орналасқан, олардың ең ірілері - Орталық Қазақстан (бұрынға Жезказған мен Қарағанды облыстары) және Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстары). Оңтүстік Қазакстанда түсті металл кен орнындары Жоңғар Алатауы (Текеді) мен Қаратау жотасында жайғасқан. Қостанай мен бұрынгы Торгай облыстарындағы алюминий кен орындары пайдаланылуда. Едәуір мөлшердегі алтын кен орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстан экономикалық аудандарында орналасқан. Сирек кездееетін металдар кен орындары Орталық және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Түсті металлургия металдар мен олардың қорытпаларын кеннен өндіру, байыту және қорытыу жұмыстарын іске асырады. Қазақстаннын түсті металлургия кәсіпорындарында Менделеев кестесіндегі 74 элементі өндіріледі, олардын 50-І таза және химиялық қосылыстар түрінде тауарлы өнім құрамына енеді. Түсті металдар мынадай топтарга бөлінеді: Жеңіл металдар (алюминий, титан, магний); Ауыр металдар (мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы); Асы л металдар (алтын, күміс, платина);....
Кіріспе Курстық жұмысты орындаудың мақсаты курсты тереңдетіп үйренумен қатар, библиографиялық, статистикалық жинақ, монографиялар, зерттеулер, журнал мақалалары және бұл жұмысты орындауда өзімнің тақырыбымды терең зерттеп, түсіну оны жан - жақты қамту, өзімнің даму мүмкіндігімді жетілдіру болып табылады. Мақсатым жұмыс жоспарымды жетілдіріп, ғылыми – зерттеу болып табылады. Бұл тарау ХЭҚ-дың дәстүрлі және ең дамыған түрі – сыртқы саудаға арналған. Өз көлемі жағынан елдер арасындағы сауда айырбасы алдыңғы позицияларын сақтауда, сонымен қатар соңғы жылдары технологиялар мен қызмет көрсету саудасы қарқынды дамуда. Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет. Одан кейін біз мемлекеттік сауда саясатының құралдары (инструменттері) – кедендік реттеу тәсілдері мен тарифтік емес кедергілермен танысамыз. Өйткені олар мемлекеттің сауда және бүкіл сыртқы экономикалық іс-әрекетінің бағытын анықтап, ГАТТ - Әлемдік сауда ұйымының сыртқы сауданың халықаралық реттелуін қарастыру қажет. (Әлемдік сауда ұйымы Уругвай келіссөздер раундынан кейін, ГАТТ негізінде 1994 жылы құрылды)......
Кіріспе Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есепке алу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күші бар Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2. «Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін айқындайды, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары және жалпы ережелерін белгілейді.» 3. Тараулардың тақырыптарындағы «I», «IV» және «V» деген цифрлар «1», «4» және «5» деген цифрлармен ауыстырылған. 4. 1және2-баптар мынадай редакцияда жазылды: 1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы «1. Осы Заңның күші міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жеке кәсіпкерге (бұдан әрі – кәсіпкерлерге ), Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктеріне (бұдан әрі-ұйымдарына ) қолданылады. 2. Кәсіпкерлер мен ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, бухгалтерлік есепке алу стандартына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге және қаржылық есеп беруді жасауға міндетті. ....
Кіріспе Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.....
Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделеді. Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі, іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп қарастырылады. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде. 1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады. Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді біз бүрыңғыдай «кәсіпкерлік», «іскерлік» деген терминдерді басты қолданамыз ....
Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы