Ресей шенеуніктері үшін шетелдік шоттарға тыйым салынды
Жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер өздерінің мемлекеттік қызметтерін жоғалтып алмас үшін шетелдік шоттардан арылатын соңғы күн аяқталды.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында қабылданған заңға сәйкес, жоғары лауазымды шенеуніктерге, парламентшілерге, судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттарына ақша қаражаттарын РФ аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктерде сақтауға, шет ел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, облигацияларын, акцияларын иемденуге тыйым салынады - деп хабарлады baq.kz.
Аталмыш санаттағы мемлекеттік қызметшілер РФ аумағынан тыс жерде жылжымайтын мүлікке ие бола алады, бірақ ол міндетті түрде декларацияланған болуы тиіс.
Заңға бағынбау Федерация Кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік Дума депутаты, федералды судья өкілеттігін мезгілінен бұрын тоқтатуға, сондай-ақ алып отырған қызметінен босатуға алып келеді. Заңның тыйымдары сондай-ақ аталған мемлекеттік тұлғалардың жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына таратылады.
Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды
Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.
Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.
Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.
Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын.
"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп ескерту жасады.
Қазақша презентация (слайд): Ресей Федерациясы
Әйгілі әзірбайжандық көріпкел: Қазақстан Украинаның кебін киеді
Ресейге сыймаған "Рошенге" Қазақстанда рұқсат бар
Қазақстанда украиналық Roshen компаниясының өнімдерінен зиянды қоспалар табылмады, деп мәлім етті жұма күні, 16 тамызда, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
"Тексеріс аяқталды. Өнімнің 101 үлгісіне зерттеу жүргізілді, яғни Астанада – 46, Алматыда 55 өнімге, кәмпиттердің атауы осыншалық. Барлығы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин жұма күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ аталмыш компанияның тауарларын Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай тыйым салынбайтындығын атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Ресейде украиналық Roshen компаниясы өнімдерінің құрамынан бензапирен....