Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Қанша қызбен кездестім?)

Қанша қызбен кездестім?..
Есімде жоқ,
Шалқып өткен тал түс те, бесін де көп.
Жылдар өтіп кетсе де арада сан,
Құмар сезім әлі күн өшірмеді от.

Бар екенін білмеймін не күшінің,
Болады екен кейде өмір өрісі мұң...
Бәрінің де кескіні.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым)

Басқаным ба аяғымды шалыс тым,
Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым.
Сағындырды ма екен, шіркін, білмедім
Сонау, сонау артта қалған алыс күн?..

Не болды енді дейсіңдер ме аяғы?
Айтылмады -айтылған сөз баяғы.
О басында менің.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Тәттілігі татима тамсануға?)

Тәттілігі татима тамсануға?
Кеттім екен арман боп қайсы аруда?
Мен қыздардың көзіне ғашық болдым,
Ғашық болып алдымен Ән салуға.

Сондықтан да тым ерте ғашық болдым -
Алабұрттым, алқындым.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғабидолла Әбдірахымов Рахматоллаұлы (1975 жылы 23 қаңтар)

Өмірбаяны
Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында (қазіргі Түркістан облысы) туған
Білімі
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша тәмамдаған.
1997 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Германияға оқуға түсті. 1999 жылы неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде магистр дәрежесін алды.
Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін біледі.
Отбасы
Әкесі Рахматолла Әбдірахымов мамандығы бойынша – инженер. Анасы Анапия Майрихова – қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі. Отбасында бес ағайынды.
Үйленген, әйелі Данара Әбдірахымова. Әсел, Аделя, Алтынай есімді қыздары мен Әлихан есімді ұлы бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Рахымның бай болмағаны

Бұрынғы заманда үш сарт болыпты. Бұлар әпиін тартып, боза ішкеннен басқа түк білмейді екен. Бір уақытта бұлардың әпиіні де, бозасы да, һәм жарты тиын ақшасы да қалмапты. Бұлар қалайша ақша табамыз, – деп ойланды. Қанша амал ойласа да, ешбір ойының қисыны келмеді.
– Уай, ақша, уай, әпиін, боза! – деп, сарттар анда-санда күрсініп қойып, тағы да үндемей отырар еді. Бұлар бүйтіп отырғанда жандарынан бір қатын басына үлкен шелек қатықты қойып, өтіп барады екен. Сол арада тұрып қатын айтты:
– Біреуің мына қатықты үйге жеткізіп берсеңдер, жиырма бес тиын ақша берейін, – дейді. Бұлардың арасынан бір Рахым деген сарт:
– Мен жеткізіп берейін, – дейді.
Шелектегі қатықты алып, Рахым басына қойып, қатынның артынан бірге жүріп отырды. Бұлар қымбат бағалы әртүрлі пұлдары жайнап тұрған лапкенің алдынан өтті.
Рахым лапке менен пұлды көріп, өзіне-өзі айтты:.....
Ертегілер
Толық
0 0