Дипломдық жұмыс: Психология | Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
«Жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерің бірі - жеке және қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» - деп, көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында [1].
Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт - 2020» ұлттық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын [2]. Елбасы негізгі үш аспектісін нақтылаған. Олар: білім беру үрдісіндегі инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани тәрбиелеу. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.
Ел боламын деген мемлекет ұрпақ тәрбиесін бірінші кезекке қояды. Біз - бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген халықпыз. Тілдің дамуы да, ұлттық рухани құндылықтардың баланың бойына сіңірілуі де - тәрбиемен келеді. Ал тәрбиенің өзегі - ананың құрсағынан басталады. А.Байтұрсынов: «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейді [3]. «Интеллектуалды ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Темперамент туралы жалпы теориялары

Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды. Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайьш оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері буркемеленеді. Дамудың жоғары деңгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін - мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз.
Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Мәселен Е.П.Ересь үшінші сынып оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9-10 жастағылар), бұлардың арасынан темперамент айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан. Бұл жөнінде И.В. Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі болған 39 оқушының 33-інде темпераменттің анық түрлері кездескен де, бұлардың алтауы - аралық темпераментке жатқызылған. Сангвиниктердің таза типтері - 9 адам, холериктер - 10, флегматиктер - 9, меланхоликтер - 6 адам болған....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Мектепке дейінгі балалардың таным процестері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, «Бізге баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет» - делінген Қазақстан Республикасының Преизденті Н. Ә. Назарбаевты «Қазақстан 2030» бағдарламасында мектепалды даярлық тұжырымдамасының ІІІ – блогының «Мектеп жасына дейінгі балалардың психология» бөлімінде, «Балаларды мектепке психологиялық дайындау» - талаптары қойылған.
Қазіргі кезеңде балабақшаларда оқыту мен дамытуы үшін 3-4 сабақты, 4-8 минутты, 10-12 сағатты арнайды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін дамыту.
Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
- Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің зерттелу жайы;
- Мектепке дейінгі баланың сөйлеуінің қалыптасуы;
- Мектепке дейінгі баланың ойлауының дамуы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін зерттеу;
- Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қиял туралы жалпы ұғым

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болысының табиғатына, оның сапалы қоғам шеңберінде әркендеуі мен қалыптасуына, тәңірегіндегі басқа адамдармен қарым қатынасындағы ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге әрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина. әнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бір де бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объекті. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттеу объектісі болады. Психология ғылымы зерттейтін объектіні (пәнді) бірден түсіну қиын, әрі ол – күрделі мәселе. Өйткені, психикалық құбылыстар зерттеуші адамның дүниетанымдық көз-қарасына байланысты. Психологияның зерттейтін объектісі тіршілік пен өмірдің басқа құбылыстарынан ерекше. Заттар мен құбылыстар туралы адамның елесі, қабылдауы, тілегі сол заттардың өзінен ерекше болып жасалады. Сөйтіп, бірте-бірте олар адамның психикасы болып аталады. Оған психикалық әрекеттер, қасиеттер, процестер, күйлер (көңілге байланысты) т.б. жатады. Мұндай процестер көзге көрінбейді. Сонымен бірге олар сырты дүниедегі заттар мен құбылыстардан да ерекшеленеді. Бұл құбылыстар адамның ішкі жан-дүниесіне тән. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Кіші мектеп жасындағы балалардың мидың функционалдық жағдайының ерекшеліктері

Мектепте жүйелі оқытудың бастамасы баланың алдына жаңа тапсырмаларды сонымен қатар стрессогендік фактор болып табылады.Оқу процесінде баланың функционалды мүмкіндіктерін және психикалық процестердің мүмкіндіктерін анықтайтын физиологиялық механизмдерін мәні мектепке бейімделудің маңызды шарты болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың миының функционалды ерекшеліктерінің жағдайы.
Бала миының функционалды мүмкіндіктерін сипаттайтын ақпараттық көрсеткіштері болып ЭЭГ-де белсенділік формасын доминанттайтын альфа-ритм құрылуы болып табылады.ЭЭГ анализінің құрылымды әдісі қалыпты дамыған және 7-8 жастағы үлгерімі жақсы оқушылардың көбінде альфа-ритм жүргізу жиілігі 9 Гц болатын регулярлы сипатқа ие екенін көрсетті.Альфа –ритмнің регулярлы сипаты мидың құрылымдық – функционалды ұйымдастырушылық торшаның нейрондық аппаратының торша -торша асты өзара әсерге рөлінің күшеюіне бағытталған сапалы қайта құрылуын бейнелейді.Кіші мектеп оқушыларының маңызды ерекшелігі -осы жас этапының 1-1,5 жыл ішінде қол жеткізген жетістігінің үлкен индивидуалды темп дамуының шашыраңқылығы болып табылады.Балалардың көбінде альфа-ритм құрылуындағы мәнді қозғалыстар 5-7 жаста болады,кейбірінде оның құрылуының белгілері 7 жаста көрінбейді,мұндай ритмнің сипаттамасы 5-6 жастағымен сәйкес келеді.Үлкен жарты шарларда торшаның дамуында кемшілігі бар балалар оқу процесінде қиындыққа тап болады.Құрылымды-функционалды кезең қиылысы жасандылығымен,ішкі әсерлерге жоғарғы сезімталдығымен сипатталады және бейімделудегі гомеостатикалық механизмге салмақ түсуге әкелетін үлкен энергетикалық күш талап етеді.Мұның көрсеткіші ретінде 1 сынып оқушыларының 1 жыл ішінде үлкен жарты шарлары торшасының құрылуы көрсеткішіндегі тұрақсыздықты айтуға болады,әсіресе жетілмеген балардағы көріністе байқалады.Кіші мектеп жасының соңына қарай 9-10 жаста функционалды жағдай тұрақталады,альфа-ритмнің негізгі сипаттамасы бүкіл оқу жылында тұрақты болып қалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

Кіріспе
Бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты
«Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тым ұзын болғандықтан біз оның орнына «Кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз І – сұраққа кіші оқушының психикалық тұрғыдан өзіндік сипатына тоқталдық. Бұрын балалар оқымаған кезде «Бастауыш мектеп жасы», «Кіші жас» деген жас кезеңдері кездеспейтінін біз ескерткенбіз. Бұл жастың (7 – 11 жастың) өзінше жас кезеңге бөлінуі оқудың (әсіресе орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алып қараудың себебі – бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне бастауыш мектеп жасының бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.
Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциасы дәрежесінде кездеседі дейтін. Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп совет психологтары (В.В Давыдов т.б.) қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз дейді. Олар мүмкіншілігін толық тауыса алмайды. Сондықтан олардың оқуға мүмкіншілігін толың пайдалану үшін тапсырманы одан әрі қиындату қажет дейді. Осылай деу, бәлкім, дұрыс та болар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Мектепке дейінгі оқыту | Балабақшадағы психологиялық қызмет

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ
Психологияда жеткіншек жас кезеңі ең күрделі және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын жас кезеңі болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі керек. Бала бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологі және педагогтар жеткіншектерге жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, И.С.Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: АӘД | Әскери іс әрекеттің кәсіби маңызды қасиеттерін психологиялық зерттеу мәселелері

Еліміздің егемендік алуына байланысты Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметкерлерге деген кәсіби талап күн сайын өсуде. Мұндағы басты мәселенің бірі - Қарулы Күштерде информациялық технология мен басқаруға қабілеті бар, мамандар дайындап, таңдау қажеттігі. Өйткені, қазіргі кезде барлық дамыған елдер имформатикамен жұмыс істейді. Бұл білімсіз әскери қызметкер әлеуметтік-психологиялық және әскери экономикалық мәселелерді тиімді шеше алмайды.
Әскери қызметкерлерді мамандыққа таңдау,бағдарлау,әскери және теңіз флоты мамандарын дұрыс орналастыру,ұлттық шиеленісті шешуде әлеуметтік әскери шептер мен жаңа бағыттарды таңдау, ұлттық территориялық әскер құруда әскери маман компьютерлік білімсіз жүзеге асыра алмайды.
Қарулы Күштерді және әскери қызмет жұмыстарында жақсы ұйымдастырылған мамандыққа жарнамасыз бағдарлау жұмысы онша тиімді болмайды. Өкінішке орай,қазыргы кезде әскери басшылар тарапынан бұл мәселеге онша көңіл бөлінбей отыр. Сонымен қатар әскери мамандық туралы әдебиеттер,брошюлар ,әскери оқу орындары жайында бейне фильмдер шығаруға жеткілікті көңіл аударылмауда. Офицер мамандығын насихаттау қарапайым дәрежеде қалып отыр. Осы мәселелерді шешпейінше ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0