Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып ол жүзеге асты. Я.А.Каменский «Ұлы дидактика», деген еңбегінде тұлға дамуындағы
дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып түсіндірді. Яғни
дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік,
дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.
1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
2. Ойындардың тапсырмалардың әр түрлі тәсілімен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекілер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіп болуы шарт.
Жалпы, оқушылардың іс - әрекетінде пайдаланған ойындар дамытушылық – баланың физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін, елік) дамуын қамтамасыз ете алады.
Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушьшардың сана-сезімін оятады, оларды жаңа
өмір үшін күресуге тәрбиелейді. Тәрбие жұмысының саласында оқушылардың көркем -
өнер іс - әрекетінің бірнеше формалары бар. Олар: әдебиет,
музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы: балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркемөнер - паздар үйірмесі; көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және
өнер қайраткерлерімен кездесулер; поэзия,
музыка, кино және көркемөнер күндері; эстетикалық тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының ескелең
өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы, мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні өте зор.
Мақсаты– жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негіз және қазіргі заман талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.
Объектісі – жеке тұлғаның қалыптастырудағы қажетті қазіргі әлеуметтік қоғамның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының пәні – тұлға ны қалыптастырудың әдіс тәсілдері, әсер етуші факторлар.
Міндетері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудың – ежелден қалыптасқан факторлар мен озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
2. Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой – жүйесін анықтау.
3. Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау.....