Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады. Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады. Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ....
Тұлға туралы жалпы түсінік Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең. Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Адам аралық қатынас дегенiмiз – қарапайым да күрделi проблемма. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес. Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей: жеке және қызметтiк, дара және топтық, тең құқықты және тәуелдi, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен күдiктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен мiндетiне тәуелдi емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруi де мүмкiн; өз қызметiн ойдағыдай атқарып жүрген мұғалiм бiр шәкiртiне үлкен сүйiспеншiлiк танытса, екiншiсiн көргiсi келмейдi. Қызметтiк қатынастар топ не мекеме мүшелерi арасында олардың сол топтағы құқы не мiндеттерiне орай қалыптасады. Егер ара қатынастар әрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынастар тұстай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Тең құқықты қатынастар – қатынастар мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тәуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайда қалыптасады. Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi. Адамдар арасындағы, тiптi кейде бiр тұлғаның да бойынан көрiнетiн адамдық қатынастар түрi мiне осындай. Бұл қатынастардың бәрi өмiрде адамдардың бiр-бiрiне беретiн бағалары мен мiнездемелерiнде, әр адамның басқаға бағытталған iс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезiмiнде көрiнiс бередi. Тұрақты да келелi қатынастар жүйесi қалыптаспаған ортада адамның өрелi өмiр сүруi өте қиын, себебi әрбiр жеке адамның да, топ мен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерiн тiктейдi. Ересекткрiң төңiрегiндегiлермен қатынасын сол ортаның көңiл-күйi айқындалып, алға қойған мұрат-мақсаттардың сәттi орындалуы не кедергiге ұшырауы мүмкiн. Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остракизм, қоғамнан алыстау, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сиымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жек көрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, елеңбейдi. Осыдан өзi қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.....
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» - деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету - дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. ....
Қазіргі әлеуметтік және экономикалық психологияның негізгі бағыттарының бірі – жарнама іс - әрекетін зерттеу. Нарықтың жеделдеп дамуы қызу бәсекелер туғызуда. Онда негізгі рольді жарнама алады. Жарнаманың дамуы социология, экономика, тарих, психология, мәдениеттану, этнопсихология білімдерін талап етеді. Олар кәсіби жарнамалар үшін өте қажет. Жарнамаға қатысты оны жақтаушылар мен сынаушылардың арасында әр түрлі пікірлер бар. Оны жақтаушылар – жарнама шаруашылық іс - әрекетке өте қажет, тауарды сатуға негіз болады, тұтынушыға шешім қабылдауда тәуелсіздік береді, тұтыну деңгейінің өсуін реттейді, қоғамның маңызды қажеттіліктерін анықтайды дейді. Сынаушылар – жарнама экономикалық жоспарда үлкен шығын келтіреді, адамдарда жасанды, пайдасыз, тіпті зиян қажеттіліктер туғызады. Бұл мақалананың тақырыбының негізгі өзектілігі жарнамаға деген көзқарасты ашып көрсетеді, дәлірек айтқанда, жарнаманың пайда болуын психоанализ ретінде бұл ғылымды бүгінгі мамандардың берілген ғылыми облыста қолдануын айтамыз. Алайда, бұл тіпті берілген облыстың соңғы емес өндемесі екенін атап өту керек, ол керісінше – берілген мәселеге сонау өткен біздің ғасырымыздың орта кезеңінің көзқарасымен қарау. Әрине, 90 жылдарға қарай кейбір үйлесімді емес жарнамаға көзқарастың оның құрушысы, оның тұтынушысы, көрермені, тыңдарманы ретінде және тағы басқа өзгерістері болды. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының 4 – бабында былай деп көрсетілген: 1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады; 2) Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартты осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. XX ғасырдың орта шенінде біздің өмірімізді жарнамасыз елестету мүмкін болмағандықтан–оны зерттеу біршама айтарлықтай қарқынды түрде қолға алынды. Біз жарнамамен бүкіл жерде кездесеміз. Мысалы, тіпті теледидар алдында отырғанда, радио тыңдағанда, жұмысқа немесе оқуға барар жолда, яғни біз қай жерде болсақ та тауарды немесе қызмет көрсетуді баяндайтын жарнамалық хабарландыруды естиміз немесе көреміз ....
І. КІРІСПЕ Зерттеу өзектілігі: Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері. Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады. Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды. Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас. Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау. Курстық жұмыстың міндеттері. Темпераментті дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу Темпераментті даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуы....
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс –– адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым –– осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген. Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –– оның мекені. Сана –– адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмприокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын ....
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі. Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді. Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды. ....