Реферат: Психология | Қиял туралы жалпы ұғым

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Темперамент оның түрлері

Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.
Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз:
1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді.
2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді
3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады.
4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.

Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін.
Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады.
Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т.б. есте сақтай алумен ерекшелінеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18). ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы

1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Спортшы жастардың кәсіптілігін арттырудағы психологиялық қызметтің анықтау

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн:
«Болса тәртіп, бала өседі сомдалып
Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,-
дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностиканың даму тарихы

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше - жан, - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі – психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты – психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау.
Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып зерттелген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар жасалады.Сондықтан психодиагностиканың екінші бағытының мақсаты келесі түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар, т.б. зерттенушілердің, жеке даралық психологиялық даму ерекшеліктері туралы толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдына келесі мәселелердішеш талап етіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері

Курстық жұмыс тақырыбы: «Балалар қабылдауы мен ерекшеліктері»
Курстық жұмыстың мақсаты: Қабылдау ерекшелігі мен дамуын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Адам қабылдау ерекшеліктері мен даму жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы

Кіріспе
Қоғамдағы түрлі бағытта болып жатқан өзгерістер білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бағалауды, сонымен қатар оқушылардың танымдық әлеуетін дамытуды талап етеді.
Таным – объективтік шындықты адамның ойын бейнелейтін және қайта жаңғыртатын, қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылық ретінде қаралады. Ақиқатқа жетудің, объективті шындықты танудың диалектикалық жолы: нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірибеге көшу болып табылады. Таным барысында ойлаудың түрлі тәсілдері пайдаланылады. Оқушылардың танымдық әрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық дербестік және шығармашылық әрекеттен тұрады.
Танымдық іс-әрекет оқушының білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Психологияның ежелгі таным екендігін эксперименталды зерттеу

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет болғалы бері білім саласына, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп келеді. ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 11 қазанда №1459 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» әлемдік тәжірибе мен тұрақты дамуы қағидаттары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымын жақсарту басты міндеттердің бірі деп қарастырды. Бағдарламада білім беру процесінің оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру туралы сөз болды. Ал елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әдемдегі жаңа Қазақстан» (28.02.2007ж.) атты халыққа жолдауында осы заманғы білім адамзаттың сана сезімін дамытып, жаңа күш-қуат беретіндей болуы қажет екенін атап өтті.
Қазақ халқы бұрыннан «Жан бар жерде қаза бар», «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың, жаны сау», «Жан кеудеге қонақ» деп жан дүниесініңсыры жайлы пікірлер білдірген. «Психология –ежелгі таным. Дәстүрлі емес психологиялық көзқарастардың ерекшелігі» атты жұмыста да жоғарыда көрсетілген мәселелер қарастырылған. Онда барлық адамзаттың жан дүниесі мен тәнінің құпия –сырлары, адам тәнінің күш-қуат көздері, адамның медитация арқылы өз ішкі әлемін тануы біздің қоғам үшін жаңа ақпараттар болып табылады. Ұмыт болған эзотерика ғылымы мен өмірде жиі қолданатын экзотерикалық ілімдердің психологиямен байланыстылығы қарастырылды.
Жұмыс барысында астрология ілімінің адам психикасына ықпалы; Друнвало Мельхиседектың адам чакрасының жүйесі; Лобсанг Рампаның тән аурасына қатысты мәселелері мен тәжірибелік нұсқасы; ежелгі Шығыс шеберлерінің адамның ішкі жан дүниесін тазартуға бағытталған медитациялық әдістері; Үнді философы Раджниш Ошоның психология ғылымына сыни пікірлері мен салыстырмалары, жаңа білімге ұсыныстары; ежелгі және қазіргі таңдағы Батыс философтары мен психологтарының жан мен тәнге қатысты көзқарастары мен зерттеулерінің мән-мағынасы ашылды. Сонымен қоса Американ психотерапевті Мильтон Эриксонның емдік гипноздық техникалары мен әдістері; жаңа заманғы медитацияның технологиялары кеңінен пайдаланылды.
Қазіргі кезде Қазақстанның жан-жақты ғылым саласында дамуының басты себебі адам білімінің нәтижесі екенін көруге болады. Адам білімін жетілдіру барысында өзін-өзі дамытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Бүгінде эзотерика адамзат біле бермейтін құпия сақталған адам жаны мен тәнінің сырларын психологиялық тұрғыда ашқалы отыр. Мұндай көне ілімді меңгеру әсіресе психология мамандығында оқитын студенттерге өте қажетті әрі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені адамның күш-қуаттарының көзі чакралар арқылы психолог адамның күй -жағдайын, өзін-өзі жетілдіруінің деңгейін анықтай алатын болса, адам тәнінен шығатын аура арқылы оның эмоционалды көңіл-күйін, денсаулығын, өзін тұлға ретінде қалыптастырған деңгейін білуге мүмкіндік алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0