Менің Әлемім қазақ тіліне аударылды

26.08.2014ж. Менің Әлемім әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион пайдаланушы үшін туған тіл болып табылатын қазақ тіліне интерфейсін аударды және бейімдеді.
Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін аудитория өсіп келеді. Қазақ тілінің іскери және тұрмыстық, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі қатысымдағы рөлі біртіндеп өсіп жатыр. Бұл тенденцияларға мемлекеттік деңгейде де белсенді түрде қолдау көрсетіледі: қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты — мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық өмір салаларында басым ету.
Бұл жағдайларда республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің біреуі Менің Әлемімнің командасы қазақ тіліне локализациялауды жүзеге асырды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімде....
Жаңалықтар
Толық
3 -2

Өмірбаян: Қуандық Рахым (1992 жылы)

Тыңдарманға «МузАрт лайв» жобасы арқылы танылған жас әнші Қуандық Рахым 1992 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Қуандықтың анасы кезінде Жезқазған өңіріне танымал әнші болған екен. Баласын өнерге баулыған да – өзі.
Қуандық Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімін бітірген. Қазір Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алады. Қуандық дәстүрлі әнші болғанымен, эстрадалық бағыттағы әндерді орындап, халыққа кеңінен танылды. Бұл туралы әнші бір сұхбатында былай депті: «дәстүрлі әннен эстрадаға ауысқанымның өзіндік себебі бар. Өйткені, біз жастарға бірден дәстүрлі әнді тыңдатып кете алмаймыз. Эстраданы айтып, кейін арасында дәстүрлі әнді тыңдатсақ, олар жақсы қабылдайды».
Қуандық домбырадан бөлек, күйсандық пен қылқобызда ойнайды. Өзін сазгермін деп есептемесе де, ара-тұра ән жазатыны бар. Авторлық әндерінің ішінен іріктеп, «Уайымдама», «Кейіпкерімсің» мен «Мақта қызды» өз репертуарына қосқан екен. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
1 0

Қашықтықтан оқытудың маңызы және рөлі

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық...
Қашықтықтан оқыту
Толық
0 0

Айсәуле Бақытбектің елді шулатқан образдары

Танымал отандық продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбек те анасы секілді танымал. Ол мұндай танымалдылыққа анасының ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік желілердің арқасында жетті. Желіге үздіксіз суреттері мен видеоларын жүктейтін Айсәулені елдің барлығы таниды. nur.kz порталы қоғамда Айсәуле Бақытбектің дау тудырған образдарына тоқталмақ.
Жаңалықтар
Толық
0 0

ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады

ШҚО әкімі аппаратының бөлім жетекшісі Facebook желісінде Нұртас Адамбайды жабылып ұруға ұсыныс жасады. Бұған таңырқаған Нұртас әкімдік аппаратындағылардың іші пысып жүр деген тұжырымға келген.
Жаңалықтар
Толық
13,5 -7,5