Реферат: Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы

Адамдар мен қоғамның салауаттылығы - бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.
Олай болса «Салауатты өмір салты» деп нені айтамыз?
Ол үшін «салауаттылық» пен «өмір салты» деген ұғымдардың мәнісін анықтап алған жөн.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» –Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Дененің саулығы» – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
«Өмір салты» – адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты өмір салтын»:
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті ;
-зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да - әдет қалмайды»);
-жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.
Баланың денсаулығының басты негізі оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке қарым-қатынастары және рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Жан саулығы- бұл біздің ақыл-ойдың, тәніміздің, жанымыздың саулығы. Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделуді қамтамасыз етеді, бұл арқылы біз қоршаған ортаға, затқа, білім саласына, ұстанымға
қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ПОПУЛЯЦИЯЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.
Әрбір жеке түрдің езіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сай мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.
Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С.С. Шварц, А.М.Гиляров, А.В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен, С.С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруте тырысты.
Популяция - белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын түрақты үстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялық, географиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н.П. Наумов жүйесіне негізделеді.
Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шызғу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.
Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.
Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады.
Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалык алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Қазақстанның таулары

Қазақстан жерінде бұл жазық Орал тауларынан Алтайға дейін (ені 200-250 км) жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс, яғни ылдилай береді. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі.
Жазықтың оңтүстіктегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының, қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерек-шеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:
1. Есілдің жазық орманды даласы,
2. Тобыл-Обағанның жазық даласы
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланық (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы 200 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (567 м), Айрық (633 м). Тау Оралдың жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерінен мүжіліп, аласарған таулардын, қатарына жатады.
Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Берсүгір ойысы бөліп жатыр.
Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфозданған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыар-қаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процестер әсер еткен. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ

Отбасы құқығы бойынша неке бұл " ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең, құқықты одақ "
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болады
Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы беріледі. Кейін ерлі - зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау керек. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтінін көрсетеді.
"Неке және отбасы туралы" Заңның 10 - бабында белгіленгендей еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ КСР – інің неке және отбасы кодексінің 16 - бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18 , әйелдердікі 17 деп белгіленген болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТУА БІТКЕН ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

Жүректің туа біткен ақаулары қауіпті патология болып табылады, ол жас нәресте өлімімен, әсіресе өмірінің бірінші жылында ұласады. Жүректің туа біткен ақауларының жиілігі түрлі авторлардың деректері бойынша 0,7-1,7% құрайды. Салыстырмалы деректерге қарағанда, кеңестер одағында жыл сайын туылған 5,5 млн нәрестенің 44000- да жүректің түрлі ақаулары анықталған.
Жүректің туа біткен ақаулары эмбриогенез процессінің бұзылуынан және постнатальды кезеңде қалыпты дамудың тежелуінен дамиды. Барлық жүрек сырқаттарының арасында туа біткен ақаулар 1-2% жағдайда кездеседі. Жүректің туа біткен ақауларының 90 түрі және олардың көптеген үйлесулері анықталған.
Туа біткен ақаулар арасында қарынша аралық перденің дефекті (15-20%), магистральды тамырлардың транспозициясы (9-15%), Фалло тетрадасы (8-13%), аорта коарктациясы және сол қарынша гипоплазиясы синдромы (7,5%), ашық артериальды өзек (6-7%), ашық атриовентрикулярлы каналдың түрлі формалары (5%) кездеседі.
Жүрек ақауларымен туылған нәрестелердің 14-22% алғашқы 1-апталық өмірінде өліммен ұласады, 1-айда 19-27%, 30-38% бір жасқа дейін жетпейді.
Бір жасқа дейінгі өлім 40% құрайды, яғни нәрестелердің басым көпшілігі емшек жасында, ал олардың 70% алғашқы айда өледі екен. Тірі қалған науқастардың басым көпшілігі өкпе гипертензиясы, ОЖЖ зақымдалуы, септикалық эндокардит сияқты асқынулардың немесе ақаудың әлсіздігі арқасында операциялық емге келмейді. Үлкен жастағы науқастардың шағын тобы ғана оперативті емге мүмкіншілік алады.
Жүректің туа біткен ақауларын шартты түрде мынадай топтарға біріктіруге болады:
Веналық қанның артериялық өзекке түсуімен сипатталатын (оңнан солға, біріншілік-көк) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар. Бұл топқа: Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы, үш жармалы қақпақша атрезиясы, үш жармалы қақпақшаның оң қарыншаға қарай ығысуы және жүрекше аралық перденің дефекті, тамырлардың транспозициясы.
Артериялық қанның веналық өзекке түсуімен сипатталатын (солдан оңға, біріншілік-ақ) жүрек ішілік патологиялық қатынастары бар ақаулар: жүрекше аралық перденің дефекті (бітпеуі), қарынша аралық перденің дефекті, ашық артериалды өзек, аорта-өкпе жыланкөзі, митральды қақпақша тарылуы мен жүрекше аралық перденің дефекті.
Қанайналым бұзылыстары жүректің магистральды тамырларының тарылуымен сипатталатын туа біткен жүрек ақаулары: өкпе артериясының жекеленген тарылуы, аорта ұшының тарылуы, аорта коарктациясы.
Туа біткен жүрек ақауларына ортақ бір себеп жоқ. Олар генетикалық жүйенің көптеген факторларының және сыртқы әсерлердің қатынасында дамиды.
Мысалы, жүктілік кезіндегі қызамық, нәресте туылған соң бір қатар дефекттерге (саңырулық, катаракта, микроцефалия), сонымен қатар жүрек ақауларына (қарынша аралық перденің дефектіне, өкпе артериясының
тарылуына) алып келетіні анықталған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Синтаксис

Синтаксис -¬¬¬¬¬ грамматиканың өзекті саласының бірі, ол сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылымын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1.Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлем синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі- сөйлем құраудың материалы да, сөйлем- адам ойын айтудың негізгі формасы.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын- сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің тіркесе алу қабілеттілігі олардың басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстңне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп, бір лексикалық түйдек жасалады(аққайың, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады(нұрлы әлем, күн сайын келу т.б.).
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика- грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана «сөз тіркесі» деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысу нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика- грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы- бағыныңқылы сөз тіркесі жасалады, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, мееншіктілік т.б.) мағына пайда болады.
Сөйтіп,синтаксистңік қарым қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер(сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері)мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Интернет туралы ұғым

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ - тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi. Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Дәрумендер

Дәрумендер және олардың маңызы. Дәрумендер — ерекше органикалык, заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады.
Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.
Дәрумендер латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріп термен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жаңсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз ала-бүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.
В дәруменінің түрлері өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондың-
тан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда,
жемістерде және әсіресе ашытңыда болады. В дәрумендерінің'
тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді.
Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдыға-
ды, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. Ві2
дәрумені жілік майында ңызыл қан түйіршіктерінің жетіліп,
қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бүл дәрумен
жетіспесе, ңан аздық ауруының тууына себеп болады. ВІБ
дәрумені жүрек қан тамырларының жүмысына және бауыр-
дың серрозит ауруына әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жүңпалы ауруларға қарсы тұ-руыи арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсар-тады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бүл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістер-ді, ашыған орамжапыраңты тағамға көбірек пайдаланған жөн.....
Рефераттар
Толық
0 0