Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық оқу сауаттылығы түсінігіне тоқталу. Танысу сәті «HELLO» әдісі, «Кітапты тап» ойыны. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Кітапты тап» ойынының тапсырмасы: Тақтаға кітаптардың мұқабасын іліп, оқушыларға сол кітапты кітапхана ішінен өздері тауып алып келу. Оқушылардың бойында оқу сауаттылығын даумыту.....
КІРІСПЕ Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды. Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет. ....
Бассүйек, сrапішп, бір-бірімен өзара шемір-шектік, сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын, беттің әлпетін құрап қана қоймай, асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін, көздің шарасын, мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай екі топ сүйектерден: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады. 1. Ми сауытының сүйектері — саvіtas сrапі, деп аталу себебі, мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл топ сүйектерге: маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады. 2. Бет сүйектері — оssа fасel, беттің негізін, түр-әлпетін құрайтындықтан бет сүйектері деп аталынады. Бет сүйектер тобына: жоғарғы, төменгі жақ сүйектері, таңдай кеңсірік, мұрын, көзжас, төменгі кеуілжір және меншікті бет сүйектері жатады. Шүйде сүйегі Шүйде сүйегі — оs оссіріtаlе, ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстаукелген жақ сүйек. Шүйде сүйегінің төменгі, артқы жағында ми сауытын омыртқа өзекшесі мен жалғастырушы шүйделік үлкен тесік fоrатеп таgпит, бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгегі, sulcuz sinus sітgоіdіеиs, орналасқан. Төбе сүйек Төбе сүйек, оs рагіеtаlе, ол бас сүйек қақпағының жоғарғы бүйір қабырғасын қүраушы жұп қабыршақтық сүйек. Бұл сүйектің сыртқы пішіні жалпақ, төрт бұрышты келгендіктен: екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің псшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады. І.Алдыңғы немесе мандайлық қыры, таrgоfrontalis ,тісшеленіп, тәждікжік, Sutura coronalis арқылы маңдай сүйекпен жалғасқан. 2.Артқы шүйделік қыры, таrgо occipitalis, да тісшеленіп, ламбда атты жік арқылы, Sutura lamboieda, шүйде сүйегі мен шектелген. 3. Сагитальды қыры, margo sagitalis ол сагитальды жік арқылы, sutura sagitalis, екі жақ-тық бөлігі бір-бірі мен өзара шектелген. 4.Төртінші самайлық немесе қабыршақтық қыры, margo sguamaso, басқа қырларына қарағанда тегістеу келіп, қабыршақтық жік арқылы самай сүйктің қабыршақтық бөлігі мен байла-нысқан. ....
Курстық жобада қарастырылған деректер базасымен ақпараттық жүйелерді қолдану барған сайын қазіргі замандағы адамның іс-әрекеті ілгері жылжып келе жатқан ұйымның ажырамас құрамдас бөлігіне айналуда. Осы себептен тиісті технологиялар мен бағдарламалық өнімдерді құру мен тиімді қолданудың принциптерін игеру ісі үлкен өзектілікке ие болуда. Ақпарат деп дәстүр бойынша адамдар ауызша, жазбаша не болмаса өзге әдіс арқылы беретін мәліметтер аталады. Ақпараттық жүйе (АЖ) ақпаратты алу мен жинақтауға, оны кез келген мақсатта тиімді пайдалануға арналған. Ақпаратты өңдеуден өткізу ісін жеңілдету мақсатында ақпараттық жүйелер (АЖ) қолданылады. Автоматтандырылған АЖ деп өздерінде техникалық құралдар, атап айтқанда ЭЕМ қолданылатын АЖ атайды. Қолданыстағы АЖ-дың көпшілігі автоматтадырылған болып табылады, сол себептен оларды қысқартып жай ғана АЖ деп атайтын боламыз.
Ақпараттық жүйелердің автоматтандырылуы есептеу техникасының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ақпарат ЭЕМ жадында сақталатын деректер түрінде ұсынылады. Соған сәйкес, Ақпаратты жобалау кезінде бір жағынан, жүйеде қандай мәліметтер және қандай мақсатпен сақталып жататындығы туралы мәліметтер, ал екінші жағынан – тиісті деректер ЭЕМ-нің жадында қалайша ұйымдастырылып, АЖ пайдалану кезінде оларға қалайша қолдау көрсетіліп, және өңдеуден өткізіледі деген міселе шешіледі. Кеңірек түсінгенде АЖ анықтамасы ретінде ақпаратты өңдеуден өткізудің кезкелген жүйесін түсінуге болады. Қолдану саласы бойынша өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтауда, ғылымда әскери істе, әлеуметтік салада және өзге салаларда қолданылтын жүйелерге бөлуге блады. Білім беру саласы бойынша АЖ-лердің екі тобын айырады: ақпараттық іздестіру жүйелері мен деректерді өңдеуден өткізу жуйелері. Ақпаратты іздестіру жүйелері, әдетте, қайсыбір іздеу жүйелерін қанағатандыратын, сақталатын мәліметтердің ішкі жиынын алуға бағытталған. Пайдаланушылардың деректерді өңдеуден өткізу жүйелерін қолдануы көбінесеақпараттың жаңартылуын тудырады; ақпарат шығарылмауы мүмкін не болмаса ол мәліметтердің өздерін емес, сақталып жатқан мәліметтерді бағдарламалық өңдеуден өткізудің нәтижесі болып табылуы мүмкін. Деректерді өңдеуден өткізу мысалы ретінде қаланың жинақ банкісінің АЖ –сін алуға болады.
Ақпараттық жүйелерді фактографиялық пен құжаттық деп екіге бөлуге болады. Фактографиялық жүйелер заттық саланың объектілері жөніндегі мәліметтерді сақтайды. Және әрбір объекті жөнінде, мысалы
қызметкер туралы мәліметтер жүйеге көптеген дерек көздер мен әртүрлі құжаттардан келіп түсуі мүмкін. ЭЕМ жадында осы мәліметтерді орналастырған кезде олар түрлендіріліп, жазблар түрінді сақталады.Құжаттық жүйеде сақтау объектісі болып құжаттар табылады, себебі сол құжаттар жинақталып өңдеуден өткізіледі. ....
Батырдың балалық шағы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді. Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен. "Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов. Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Пысықтауыш болатын сөз таптары Пысықтауыш болатын сөз таптары: 1. Үстеуден болады 2. Сын есімнен болады 3. Сан есімнен болады 4. Көсемшелер сөйлемде қайтіп? қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап берсе, пысықтауыш болады 5. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс-бағыт, сын-қимыл мағыналарын білдіріп, қайда? қайдан? қашан? қалай? деген сұрауларға жауап берсе, пысықтауыш болады 6. Мезгілге байланысты зат есімдер тәуелдік жалғау я шылау тіркесу арқылы, кейде оларсыз да, басқа сөздермен бірігіп те пысықтауыш болады. o барыс септіктегі кейбір сөздерден кейін шейін (дейін), бола, қарай, таман сияқты шылаулардың бірі тіркесіп пысықтауыш болады. o кейбір шығыс септіктегі сөздердің соңынан соң, кейін, ары, бері, қарай, бұрын сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады. o кейбір көмектес септіктегі сөздердің соңынан бірге, қабат, қатар сияқты шылаулардың бірі тіркесіп, пысықтауыш болады o кейбір сөздерге арқылы, арқасында, үшін, сайын шылаулары тіркесіп келіп, пысықтауыш жасайды. ....
Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет? Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін заттарды зерттейтін ғылым деп келді. "Организм" деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда бодды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола тұрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр. Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады. Өте ерте кезден-ақ адам баласы кейбір органикалық заттарды ала білген және оларды өздерінің тұрмыстық қажетіне пайдаланған. Мысалы, қантты заттарды ашыту арқылы шарап ішіщцктерін дайындаған. Индияда қант қамысынан қант ала білген, ертедегі Римде өсімдік текті бояулар-индиго, ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. органикалық заттар белгілі болған. Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды. Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетіддіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды. Химияда осы кезден бастап химиялық анализ, яғни заттың сандық және сапалық құрамын анықтау пайда болды. Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда бірқатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды. Химия ғылымының алғашқы даму кезеңдерінде ғалымдар органикалық және бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды байқамады. Тірі және өлі табиғаттан алынатын заттардың түзілу жолдарының әр түрлілігі және қасиеттерінің өзгешелігі химияны органикалық жөне бейорганикалық деп екіге бөлуге негіз болды. Сонымен, XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмінде түзілетін заттарды зерттейтін "органикалық химия" деген алғашқы ұғым қалыптасты. Бұл кезең виталистік көзқарастың кең тараған кезеңі еді. Көптеген ғалымдар, соның ішіңце, әйгілі швед ғалымы Берцелиус те, "органикалық заттар тек тірі организмде ерекше бір "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі" деген пікірде болды. Органикалық заттардың пайда болуы туралы бұл көзқарасты витализм деп атады (Vita латынша тіршілік). ....
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. ....
Нұрболат Абдуллин Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген. Ол Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы университетті бітірген. Соңғы жылдар бедерінде Нұрболаттың есімі халық арасында жиі аталатын болды. Оған әртістің “Шалғайдағы оқиға” фильмінде және “Қазақстан” ұлттық арнасынан көрсетілген танымал “Көзайым” телехикаясында ойнауы себеп болды. Телехикаяның екі бірдей маусымында жағымсыз кейіпкер Сұлтанның рөлін ойнаған Нұрболатты көрермендер актерлік қырынан таныды. Ал, әншілігіне келер болсақ, Нұрболат 2014 жылы Алматыда “Майра” продюсерлік орталығы ұйымдастырған “Күміс көмей, жезтаңдай” байқауында халық әні “Екі жиренді” орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1 миллион теңге оның өнер жолында жеңіп алған алғашқы қомақты жүлдесі болатын. Бір жылдан кейін әнші Бішкек қаласында өткен «Дельбарим» конкурсында «Джип» автокөлігіне ие болды. Абдуллин алдағы уақытта халықаралық дәрежедегі үлкен байқауларда бақ сынағысы келетінін де жасырмайды.....