Реферат: САЛЫҚТАРДЫҢ ӘКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

Салықтар - бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.
Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы) болып табылады.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүруінің, дамуының негізі болып табылады.
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық негізінің болған кезінде ғана өмір сүреді.
Салықтартар, баждармен қатар мемлекеттің өзіне ақша табуының ертеден келе жаткан әдісі болып табылады.
Салықтың көрсетілген белгілерін қарастырайық.
1. Салық - бұл мемлекеттің бекітімі.
Тек мемлекет қана азаматтардың салық салу режимін енгізе алады, оларға ақшаный, белгілі бір сомасын бергізуге міндеттейді. Қазақстан Республикасында салықтарды төлеу міндеті азаматтардың конституциялық міндеттері аясында белгіленген. Осы орайда мемлекет өзінің саяси билік субъектісінің өкілеттілігіне сүйене отырып әрекет етеді.
Белгілеген субъектісінің белгісі ретінде салық кез келген мемлекеттік емес міндетті төлемдерден айрықшаланады.
2. Салық әрқашан құқықтық нысанда ғана болады.
Салықты қандай да бір заң, жарлық, декрет, т.б. шығармайынша алу мүмкін емес. Бұл құқықтық акт жазбаша түрде жасалып, тиісті қолдар қойылып, мөрленіп заңдық күшке енеді.
Салықтың құқықтық нысаны оны төлемдердің, алымдардың, жарналардың кез келген түрінен ерекшелейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі ҚР- ның сақтандырудың жағдайы мен қызметтері туралы мәліметтерді кеңінен білу. Рефератым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен мынадай мәселелерді қарастырдым: Сақтандырудың экономикалық мәні, оның түрлерін және сақтанушылардың қандай мүдделері бар екендігіне тоқталдым.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарын кеңейтуге мемлекет те мүдделі. Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды ұйымдар мүдделерін сақтандыратын жағдайлар салдарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әбілқайыр хан

Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
18 ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:
Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Мемлекеттік басқару

Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тауарлық өндіріс

Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі – тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын – жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндретін адамдар.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынаста болады. Бірақ бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың білігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақпараттың қасиеттері (Информатика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратпен жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері
Осы сабақта қолжеткізілетін оқытудың мақсаттары: 9.2.1.1 Ақпарат қасиеттерің анықтау (өзектілігі, дәлдік, сенімділік, құндылық)
9.4.1.1 компьютерлерді ұзақ уақыт пайдаланумен байланысты тәуекелдерді сыни түрде бағалайды
Сабақтың мақсаты: Ақпараттың қасиеттері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.
Компьютерді қауіпсіз пайдалану ережелерін білу........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жалпы мемлекеттердің каржылары

Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді: - экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау; - табыстар мен байлықты қайта бөлу; - экономиканы тұрақтандыру; - ресурстарды қайта бөлу; Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен байланысты ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыштар

Соның ішінде мезгіл пысықтауышқа берілетін анықтама әр оқулықта әр түрлі. Көбіне бұл анықтамаларды жинақтап берсек, оның негізгі мазмұны мынаған саяды. «Мезгіл пысықтауыш қашан? қашаннан бері? қай кезде? қашанға шейін? т.б. сұрауларға жауап беріп, мезгіл үстеулерінен, мезгіл мәнді сөздерден және тіркестерден негізгі сөз бен кейін, соң, бұрын, шейін, таман, бойы, былай, сайын, әрі, бері, қарай сияқты септеулік шылаулардың тіркесінен болған пысықтауыштың бір түрін мезгіл пысықтауыш деп атаймыз», - дейді С. Исаев [16.42].
Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптасып, әбден тұжырымдалған қағидалардан басқа грамматикалық заңдылықтар болмайтындай ыңғайда түсінер болсақ, онда тілдің тарихи-диалектикалық дамуын жасанды түрде мойындамаған болар едік. Жоғарыда тұжырымдалған ереже негізінен мезгіл пысықтауыштың мәні, атқаратын қызметі жан-жақты ашуға талпынған.
Мезгіл пысықтауыш қимылдың, яғни белгінің мезгілін білдіреді. Бұл мезгіл қимыл болатын (ертең), болып жатқан (бүгін), болып кеткен (кеше) уақыттарға байланысты болады және қимылдың басталғанын білдіретін (қашаннан бері), созылатын уақыты түрінде (қашанға дейін) көрсетіледі дәл немесе болжалды (ертеңдері, 30-жылдары), қатысты, белгісіз (бір күндері), болымсыз түрінде көрсетіледі. Бұл мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталамыз.

2. Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары

Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар:
1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.)
2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді.
3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.)
4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.)
5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.)
6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты.
7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.
"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "По¬зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре¬тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Пла¬тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға¬сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғы¬лымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Конттан кейін әлеуметтану негізіен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам омірінің әлеу-меттік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті протоплазмадан адамға дейін ізерлеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын тусіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы қатынастарымен, этностық топтармен, адамдардың жаратылыстық қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық қубылыстармен танысып, сондайақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нетижесі емес не деген мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. Сондықтан әлеуметтік қатынастарды эволюция ықпалымен түсіндіруге ишараны біз тек Герберт Спенсердің алғашқы шығармаларынан ғана емес, Дарвин мен Геккель туындыларынан да табамыз. Бұл ишаралардың өздері әлі әлеуметтануды құрамайтын, өйткені ол үшін тікелей әлеуметтік қубылыстардан индукциялық жолмен алынған өзге факторлар кажет еді. Бірақ мұндай ишаралар жаңа ғылымның туғырлары қайда жатқанын жеткілікті көрсететін; сонымен бірге олар әлеуметтанудың негізгі
ұғымдарының кейббіреулерін жеткілікті айқындап, әлеуметтанушы тек тарихшы, экономист, статист қана емес, биолог және психолог болуға тиіс екендігін дәлелдеп берді. ....
Рефераттар
Толық
0 0