Өмірбаян: Марфуға Айтхожина Ғалиқызы (1936 жылы 25 тамыз)

Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).

Өмірбаяны
Марфуға Айтхожина 1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Атасы Айтхожа топжарған шешен, суырыпсалма ақын, ел сыйлаған би кісі болған. Қазақ елінің басына қаралы күн туған кезде бұл кісі алғашқы қүрбандардың бірі болған екен. Ол кісіні "Итжеккенге" айдаған. Ал өз әкесі Ғали арабша, орысша сауаты бар білімді, жан-жақты зиялы адам болған. Ол кісіні де сол жылдары "Қарағаш" мектебінен (сол кездегі Қапал уезі) Алматыға сексен адаммен бірге айдап әкелген екен. Бес баласы аштан өліп, түрмеден қашып, зайыбы Бифатима "Иіруден" қашып, Қытай жерінде табысып, қыздары Марфуға дүниеге келеді. Ақынның балалық шағы қаймағы бұзылмаған, тұнығы шайқалмаған, халқымыздың салт-санасын қаз-қалпында сақтаған ортада өтеді. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназиясын бітіреді. 1958 жылы атамекенге оралған. 1965 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1971 жылы Мәскеудегі жоғары әдеби курсты бітірген. 1961-1969 жылдары "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан мүғалімі" газеттерінде өдеби қызметкер болып істеген. Акынның поэзиясында ерекше бөлек әуен еседі. Көңіл-күй лирикасында адам жанын тебірентетін, ойын толқытатын ерекше бір күш бар. Әсіресе туған жер тақырыбына келгенде сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Алтынайұлы Қарасай батыр

Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс - шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).

Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарсай батыр туған.

Сөз орайында айта кеткен жөн, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы Қарасай батырдың тікелей ұрпағы. Атап айтқанда Қарасайдан Көшек, одан Айдыр, одан Мырзатай, одан Еділ, одан Сапақай, одан Назарбай, одан Әбіш, одан Нұрсұлтан туады.

Қарасай батырдың өмір сүріп, ғұмыр кешкен заманы қазақ-жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсап соғыстың енді тұтанып, енді шиеленісіп, бірте-бірте екі көшпелі елдіің тактикасы мен стратегиясының сынға түсе бастаған кезі еді. Бұл кезде қазақ халқының дербес ел болып, ірге бекітіп, біртұтас этникалық сана-сезімнің орныққанына екі ғасырдың жүзі болған. Содан да болар, қазақ-жоңғар арасындағы өрт тұтанған кезде елі мен жерін қорғау үшін алғаш рет атқа қонып, елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне шығып, ерлік көрсеткен батырлар қатарында Қарасай да болды. Қазақ-жоңғар соғысы XVI ғасырдың өзінде-ақ шиеленіскені жөнінде тарихшы В.В.Вельяминов-Зернов жазады. Ал ағылшын көпесі А.Дженкинсон 1557 жылы Қытайға бармақшы болып жолға шыққан, бірақ қазақ-жоңғар арасында Ташкент үшін қырғын соғыс болып жатқандықтан Қытайға өте алмағанын жазып қалдырған. Демек, Қарасай батыр ат жалын тартып мініп, сарбаздар сапына тұрған кезде көшпелі екі ел арасындағы соғыс тәсілдері, қорғаныс әдістері әбден шыңдалып, өліспей беріспейтіндей шиеленісіп үлгерген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы

Зерттеуде таспа құртар тек жабайы көк көгершіндерден анықталды және сирек кездесетіні белгілі болды. Анықталған бірінші таспа құрт Aporina delofondi - Cestoda класының Cuclophyllidea отрядына, Anoplocephalidae тұқымдасына, Aporina туыстасына жатады. Европа, Азия, Африка және Америка құрлықтарында мекендейтін көгершінтектес құстар арасында таралғаны белгілі. Оның ішінде жабайы көк көгершіндер мен үй көгершіндерінен де анықталған. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінен К.И. Скрябин [1905-1911] анықтаған. Бұл құрт биогельминт, аралық иесі құрлықта тіршілік ететін бақша ұлуы Linax cinereus-деп жазды. Ал, Қазақстанның шығыс өңірінде мекендейтін жабайы көк көгершіннен алғаш рет анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 4 - еуінің аш ішегінен бір-бір данадан бөліп алынды. Сөйтіп ИИ - гі 1 - ге, ИЭ - гі 7,6 % - ды құрады. Анықталған құрттардың ұзындықтары 60-70 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 4,7 - 5,0 мм аралығында болды. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 1 - ші микрофотосуретте қос жынысты (гермофрадит) бунағы көрсетілген. Онда жыныс тесігі бір жақты ашылатыны көрінеді. Жатыры түтік тәрізді және соңғы жағы біртіндеп кеңейіп одан көптеген өсінділер тарайды. Аталық бездерінің пішіндері домалақ, саны 100 - дей. Олар қос жынысты бунақтың өне бойына созыла, жатырды қоршай орналасқан.

Микрофотосурет 1 - Aporina delofondi таспа құртының қос жынысты бунағы

Жабайы көк көгершіндерден анықталған екінші таспа құрт Weinlandia sphenocephala. Ол Cuclophyllidae отрядына, Hymenolepididae тұқымдасына, Weinlandia тустасына жатады. Европада және Азияда (Индияда) үй көгершіндерінен анықталған. Қазақстан аумағында көгершінтектес құстардан анықталғаны туралы деректер кездеспеді. Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы көк көгершіндерден алғаш анықталып отыр. Барлық сойып тексерілген 52 жабайы көк көгершіннің 9 - ның аш ішегінен бөліп алынды. ИЭ - гі 13,4 % - ды құрайды. ИИ-гі бір көгершінде 2 - 7 паразитке тең болды. Құрттардың ұзындығы 70 - 80 мм, ең жалпақ бунақтарының ені 1,7-2 мм аралығында. Сколексі қарусыз, 4 сорғышы бар. 2 - ші микрофотосуретте қос жынысты бунағы көрсетілген. Жыныс тесігі бунағының бір жағынан ашылады. Жыныс тесігінің мойыны етті жиырылғышпен (ретрактор) жабдықталған және ол айқын көрінеді. Жатыр көптеген төмпешік-бұдырлар түрінде бүкіл бунақтың ішін толтырып жатыр. Аталық безі 3 - еу, ірі және бүйрек пішінді. Бірінің үстінде бірі ретсіз орналасқандықтан әртүрлі пішіндегі біртұтас орган түрінде көрінеді. Таспа құрттарды анықтағанда К.И. Скрябиннің сипаттамалары пайдаланылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қоғамдық өндіріс

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберіде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады-өнім қауым мүшелері,құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды,ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсібір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуді өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында-дара еңбек, екінші жақта-еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар еңбегінің бір болігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сараптау жүйелерін тұрғызудағы құрал-жабдықтар

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Қазақ тілінің сөзжасам негізі

Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі — сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. Олай болса, тілдің заңдылығы, өз ішінде сала-салаға бөлінетін алуан түрлі тармақтары бар.
«Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың қарастыратын мәселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тәсілдер арқылы жасалатынын анықтайды. Морфология бөліміндегі сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектерінің бәрі сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады. Сол себепті «Сөздердің жасалуын» лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп оқыту дұрыс ойластырылған. Сөздердің әрқилы жолдармен жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты, сондықтан сөздердің жаралуын орфография заңдылықтарымен ұштастыра оқыту оқушының сөйлеу, жазу тілін дамыту, сауаттылығын арттырудағы іскерлік дағдыларын қалыптастырады.
Сөздердің жасалуындағы нақты амал-тәсілдерді білдіру, оны жүйелі оқыту он жылдық орта мектептің 4-5-класс программаларында «Сөздердің жасалуы» бөліміндегі тілдік материалдар жетілдірілген жаңа программада мынадай жүйемен берілген.
Сөздердің жасалуы мен орфография. Қазақ тілі сөздерінің жасалуы. Түбір сөз. Қосымшалы сөз. Жұрнақ және оның турлері. Туынды сөз. Түбір сөз. Жалғау және оның түрлері. Дара және күрделі сөздер.Қосымшалар мен күрделі сөздердің емлесі. Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау.
V класта өтілген сөздердің жасалуын қайталау. Біріккен сөз туралы түсінік. Біріккен сөздердің жасалуы. Біріккен сөздердің емлесі. Қос сөз туралы түсінік. Қос сөздердің түрлері: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер. Қос сөздердің емлесі. Қысқарған сөз туралы түсінік.Қысқарған сөздердің емлесі.Сөздердің жасалуынан өткенді қайталау! (5-класс, 15 сағат).
Қазақ лексикасындағы сөздердің жасалуындағы амал-тәсілдер орфозпия, орфография заңдылықтарымен ұштастырыла оқыту жетілдірілген программада нақты көрсетілген. Сөздердің жасалуындағы обьектілер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 4-5-класта оқытылады.
Жаңа программада сөздердің жасалуына бұрынғыдан біраз сағат арттырылған. Сөздердің жасалуының жолдары өз ішінде жүйелі беріледі. Лексикадан алған білім негізінде сөздік құрамындағы сөздердің жасалуын өз алдына жеке бөлім етіп оқыту өте ұтымды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Нұрмұхамедұлы Жанқожа

Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Музыка | Музыка үндестігі

Математика мен музыканың тығыз байланысы өте ерте заманда байқалған. Бөлшек сандар пайда болған кезде ; ; ,.. бүтін сандарды нотаның ұзақтығына пайдаланған. Жоғарғы және төменгі дауыс жиілігін де физикада тербеліс теңдеуін косинус, синус графигін пайдалана отырып шешкен. Жұмыстың авторы математика, музыка, физика пәндерінің тығыз байланысын ғылыми жұмысын жазу барысында арнайы әдебиетпен таныса отырып, өзінің дүниетанымын, зерттеу нәтижелерін талдап, ұсынған.
Бегалиева Ақерке ғылыми жұмысын орындау барысында музыка мен математиканың арасындағы үйлесімдікті пайдаланып, қазақ әндерінің ноталарын геометриялық фигураларға орналастыра білген.
Бұл ғылыми жұмыс музыка мектептерінде оқитын оқушыларға математикадан алған білімдерін тереңдетіп, музыкамен байланыстыруға болатынын ұсынып отыр.
Жұмыстың барысында математиканың музыкаға ықпалын әлі де зерттеу керек. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Дағдарысқа қарсы басқару әдістері мен құралдары

Батысевропа экономистерінің түсінігі бойынша дағдарысты басқару менеджменті кәсіпорынның өмір сүруіне аса қажет қызмет. Бұл қызмет «кәсіпорындағы келеңсіз жағдайды жақсарту үшін, әр түрлі әдістер мен құралдарды қолданумен» түсіндіріледі. Хаберландтың ойынша, бұл арада көңілдің барлығы нақты уақыттағы, қысқа мерзімді келеңсіз жағдайларға ауады. Кей авторлардың ойынша, бұл жағдайдың оңжақтары бар, яғни кәсіпорын қызмет бабына басқа өзгерістер еңгізуге тырысады. Нәтижесінде бұрыңғысынан да зор жетістіктерге жетеді.
Дағдарысқа қарсы басқару уақыттық сипатқа ие. Біріншіден, жобаны құрастыру үшін кіретін барлық іс-шаралар және дағдарысты болу кезінде, бәсеңдететін, тоқтататын шараларды жүргізу және т.с.с. Екіншіден, Коппаның айтуы бойынша дағдарыстың профилактикасы мен терапиясын жүргізу қажет. Бұл дағдарысты басқарудың ауқымды, кең мәні. Бұл ойды Янике келесі дағдарыстық басқару түрлерімен толықтырады. Яғни, олар «дағдарыстық жедел менеджмент», «превентивті (ескертпелі) дағдарыстық менджмент» немесе «антиципативті дағдарыстық менеджмент».
«Дағдарысқа қарсы менеджмент» анықтамасы, бұл кәсіпорында-ғы базалық өзгермелі шамаларды сақтау үшін жоспарлар мен жүргізі-летін шаралар.
Өтімділік, табыс немесе айналым құралдары сияқты, базистық өзгермелі шамаларды сақтау үшін «дағдарысты жедел басқару» шарасы жедел қысқа уақыт ішінде нақты, анық мақсаттар қояды. Мысалға, нақты уақытта өтімділікті немесе табыстылықты мақсат еткен деңгейге жеткізу. Бұл басқаруда, уақыт аз болу себепті тиімді концепция ойлап табу қиындық тудырады.
Ал «антиципативтік» әдіс, керісінше жалпы мақсаттармен жұмыс істейді. Антицепативтік қатынастар ұзақ мерзімді менеджмент, ол саланың барлық жағын қамтуы мүмкін.
Бұл дағдарыстық кезеңді өту үшін өткен уақыт экономистері өз әдіс, тәсілдерін қолданысқа еңгізген. Бұл Сонымен, дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:
1. сақтауға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс кедергі және қауіп ретінде қарастырылады. Бұл дағдарыс, жауапты тұлғалардың дағдарыстық жағдайды қауіп ретінде қабылдамаудан пайда болады.
2. жаңаға бағытталған – дағдарыстық қатынас. Бұл арада дағдарыс, өндіріс орындарында жаңартпаның қажет екенін көрсетеді. Дағдарыс дұрыс қойылмаған бағыттардан, ережелерден босатады. Соңында, дағдарысқа апарған, жағдайдың өзгеруіне әсер еткен шарттар позитивті шарт болып танылады. Бұнда дағдарыспен күресудің негізінде, кәсіпорынның құрылымын жаңа бағытта өзгертуді көздейді.
Бұл концепцияларды таңдау барысында, дағдарысты басқарушы нақты алдына, өз қабілетіне және өндіріс деңгейіне сай жолды таңдауы қажет. Себебі, бұл дағдарыстың оң не теріс болуына негізі әсер етеді.
Дағдарыстық жағдай тек кәсіпорынның төлем қабілетсіздігімен ғана емес, сонымен бірге несие беруші мен иегерлердің мүдделерін ескермеумен сипатталады.
• инвестициялық құралдарды меншік капиталға салу тиімділігін анықтағанда альтернативалық мүмкіндіктерді ұмытпау керек;
• реструктуризация концепциясы, қаржылық жүзеге асу және тәуекелді ескере отырып жүргізілуі қажет.
Нарықтық экономикада дағдарыстық жағдайлар бүкіл жүйеде, кейде тек жекелеген субъектілерде болады. Көп жағдайларда жүйе ретке келтіретін механизімдерді өздігінен шығарады. Ондай механизмдердің біріне корпоративтік реструктуризация жатады. Жалпы қабылданған теорияға сай, оған өндірістегі кез – келген өзгерістер жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0