Мобильді ойындар продюсері. «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді ойындарды ойлап тапқан. Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеу үстінде.
Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қытайдың Xiamen қаласында тұрады, Mechanist Games компаниясында еңбек етеді. Жасы 26-да.....
Мұрат Құсайынұлы Құсайынов (1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында туған) – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Дос-Мұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы. Мұрат Құсайынұлы 1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Шығармашылығы 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Жас кезінен өнерге, ән-күйге құмар Құсайыновтың бұдан былайғы өмірі түгелдей осы ансамбльмен бірге өтеді. Оның өңдеуімен халық әні «Жайдарман», Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен», т.б. әндері жаң шырқалды. Соның нәтижесінде ансамбль халыққа жақсы танылып, абыройы өсті. 1969 ж. Венгрияға барып, Будапешт студенттері алдында концерт берді.....
Қоғамның өтпелі кезенде, қоғамдық өмірдің көптеген саладағы дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жөзекшелік, амориялизм сияқты мінез-құлық риякциясының өршуін туғызуы белгілі. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, әс-әрекеттері жатады. Нормадан ауытқу жағымды және негативті, жағымсыз болуы мүмкін. Негативті мінез-құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды-қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, деликвентті –қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық-қылмыстық заңдылықтар нормасын бұзады. Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі ....
Бұл рефератта қазіргі объектілі-бағытталған программалау қолдайтын С++ құралы — динамикалық идентификация типтері қарастырылады. Бұл құрал оригиналды С++ спецификациясы болған жоқ, дегенмен оны орындалу кезінің полиморфизімін күшейту мақсатында қосты. Прогамманы жасау барысында обьект типін анықтап алу үшін , typeid операторын қолданамы Динамикалық идентификация типтерімен біз таныс емеспіз, өйткені олар полиморфты емес тілдерде болиады. Мысалы С және Basic секілді тілдерде. Программа орындау барысында полиморфты емес тілдерде типтер туралы ақпарат алу керек емес. Алайда С++ секілді полиморфты тілдерде, программа толығымен іске қосылмағанынша обьектінің типі компиляцияға периодына белгілі емес болады. Біз білмейтініміздей С++ ирархия класын қолданғанда және базалық кластарда виртуальды, функция мен нұсқаушылар полиморфизмін тұрғызады. Базалық класқа нұсқаушы ретінде осы базалық класындағы обьектілердің сілтемелері .шін қолдануға болады немесе кез-келген кластар обьектілерінде әрқашан алдын-ала белгілі бола бермейді.Олардың барлығы программаның орындалу барысында, яғни динамикалық идентификация типтерін қолданған кезде. Прогамманы жасау барысында обьект типін анықтап алу үшін , typeid операторын қолданамыз. Ол үшін программаға басына қосу қажет. Кең таралған және қолданыста жүрген typeid типінің операторы: Typeid(object) Бұл жердегі object обьектінің мағнасы, яғни бізге керекті обьект типін алу үшін. Бұл жерде тек қана орнықты типті ғана емес, сонымен қатар кластық та типін ала аламыз. Typeid операторы object обьектінің типін сипаттап,type-info обьектінің типінің сілтемесіне қайтарады. type-info класында мынандай public мүшелері анықталған. Bool operator==(const type_info &ob); Bool operator!=(const type_info &ob); Bool before (const type_info &ob); Const char *name(); Жүктелінген операторлар “==”және ”!=” типтерді салыстаруға қызмет етеді. Before функциясы true мағнасын қайтарады, егер шақырылған обьект реті параметр ретінде қолданылған обьект алдында (обьект элементімен) тұрсын. Ал name()функциясы нұсқаушыны типтің атына қайтарады.Қарапайым typeid мысалын қарастырсақ. ....
Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс үдерімін және жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың іс-жұмысының нәтижесіне ықпалын тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың пайда болғанын ескеріп қана қоймай, есепке алып отырулары керек. ....
Кезкелген инженер қызметінде есептің табысты шешілуі, әсіресе жобалау процесінде қанағаттандырарлық тудырады. Шынында, жобалау есептерін шығару кезіндегі интеративті тәсілдер мен инженерлердің творчествалық табиғатында көптеген бірлік, бірдей байланыс бар, себебі инженер ЭЕМ-ге жүгінеді, ондағы жағдай есепті тез, әрі үлкен дәлдікпен шығару. Бірақ, бұл мүмкіндіктер инженер жұмысында алгаритімді қалай алды және қалай қолданады осы есептерді шешу үшін соған байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз ЭЕМ-н дұрыс пайдалану, ол үшін жобалаудың нақты есептерін шешу үшін тиімді есептеу алгаритімдерін құру, ол үшін әрине сандық тәсілдерге жүгінеміз,әрине, ол сандық есептер біреу емес, бірнеше. Сондықтан солардың қайсысын қай уақытта пайдалано болу-біздің мақсатымыз, бұл инженер үшін де, бұл жобалау процессі үшін де өте тиімді.....
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi. 1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.....
Дәурен Айдарқұлов - актер. «КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке үйленген. Бұл жұптың 2017 жылдың жазында Ибрагим есімді ұлдары дүниеге келді. Алдыңғы некесінен актердің үш баласы бар. Дәурен Айдарқұлов 1982 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Дәурен физика-математикалық мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетіне «Менеджмент» мамандығына түскен. Кейін магистратурада халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқыды.....
Бәсеке - өндіріс құрал-жабдығы жеке меншікке негізделген қоғамда тауар өндірушілердің тауар өндіруде және өткізуде неғұрлым қолайлы жағдай туғызу жолындағы өзара күресі, капиталистердің немесе капиталистік бірлестіктердің барынша көп пайда алу жолындағы күресі. Өндіріс анархиясына байланысты жоспарсыз, бет – бетімен, бей – берекет. Өз тәуекелімен тауар өндіріп жатқан жеке тауар өндірушілер бір – бірімен бөліспей – біріспейтін рақымсыз күрес жүргізу арқылы ғана өзіне жол ашады тауарды өндіруге, оны сатып өткізуге өзіне қолайлы жағдай туғызады. Стихиялық түрде әрекет ететін бәсеке тартыстың нәтижесінде ұсақ өндірушілер жіктеліп шығып, ат төбеліндей біразы ғана капиталистер қатарына ауысады, ал басым көпшілігі өндіріс құрал – жабдығынан айырылып, күйзеліске ұшырайды да, пролетарлар қатарына келіп қосылады. Капиталистік тауар өндірісінде тереңдей бәсеке, оның ажырамас серігіне айналады. Капитализмнің негізгі экономикалық заңды – қосымша құн заңы бәсеке тартыс арқылы тауар өндірушілерін өндіргіш күштерді дамытуға итермелейді. Капиталистік бәсеке тартыс арқылы тауар өндіріс пен капиталдың шоғырлануына және орталықтануына әкеліп соғады. Ірі – ірі капиталистер өздеріне керекті шикізаттарды арзан бағаға сатып алып, өндірген тауарларын қымбат бағаға сату мақсатымен дара монополияларға ұйымдасады. Еркін бәсекенің орнын монополия басады. Монополия еркін бәсекенің қарама – қарсысы. Бірақ монополия бәсекені құртып жібере алмайды, ол неғұрлым жойқын, қатал, апатты түрге енеді. Бәсеке – капитализмнің барлық сатылары үшін, оның ішінде империализмге де тән құбылыс. Монополиялық капитализмге дейін бәсеке тартыс ірі капиталистермен ұсақ капиталистер арасында жүргізілген болса, империализм тұсында бұл монополиялық капитал мен монополияланбаған капиталдың арасына ауысады. Бұл бәсеке тартыстың мәні бір жағынан монополияланбаған фирмалардың кәсіпорындарда жасалған қосымша құнның басым бөлігін монополиялардың басып алуға ұмытылуы болса, екінші жағынан, монополияланбаған фирмалардың өз кәсіпорындарында жасалған қосымша құнды түгелінен өздеріне қалдыруға күш салуы. Әдетте бәсеке күресте күші басым монополиялар жеңіске жетіп отырады. Сондықтан, ірі монополиялардың бақылайтын капиталының мөлшеріне қарай алатын пайда нормасы да жоғары болады. Олардың монополиялық баға жүйесі арқылы жиынтық қосымша құнның, жұмыс күші құнының басым бөлігін барған сайын монополиялық пайдаға айналдыру жолындағы күресіне әкеліп тірейді. Олардың әрқайсысы пайданың жалпы мөлшерінен алатын өз үлесіне көбейте түсуге ұмтылады. ....
Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған.
Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді. Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады ....