Алла тарапынан білдірмеген өмір және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дініміздің аты ислам діні. Бұл атты Алла қойған. Сондықтан Ислам діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес. Бүкіл адам баласына тән дін. Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже дін. Сүйікті Пайғамбарымыз былай бұйырған Мұсылмандық, негізгі бес нәрсенің үстіне орнатылған. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығынан, Мұхаммедтің. Оның құлы әрі еншісі болғандығына сену, намаз оқу. Зекет беру, рамазаның оразасын ұстау, қажыға бару.....
Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділіктерін дамыту жолында, біздің бозбалалармен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз. Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің еліміздің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастары өзін, өз отбасын, өзінің ата –аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады. ....
Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының Үздігі. Білімі 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген 1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті. Еңбек өтілі Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған 1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері...
Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі. Тамырға радиальды симетрия тән, ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше. Тамыр төбе (апикальды) меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады. Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған. Тамырда көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген. Жанама тамырлар сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді. Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі. Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады. Тамыр атпалы өсімдіктерге ақжелкек, бақбақ, сарықаулен және т.б. шөптесін өсімдіктермен қатар, тал, терек, қараөрік, шие, бүлдірген және т.б. ағаштар мен бұталар да жатады. Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар : 1. суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады. 2. өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 3. Де-Рон, Д.А.Сабинин, И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетінібелгілі. 4. тамырда қор заттары жиналады. 5. топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар, бактериялармен үйлесіп селбеседі. 6. вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады. Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі, морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді. Шығу типіне қарай тамырдың үш типін ажыратамыз. Олар : негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі. Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер асты метоморфоздары – түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. Негізгі және қосалқы тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады. Тамырлар жүйесі деп, бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің үш типін ажыратамыз. Бірінші – кіндік тамырлар жүйесі. Мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан екінші, үшінші және одан арғы өстер түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады. Екінші кейде үшінші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықты орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлімінің қос жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.....
Қазіргі кездегі жеделдете жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп арнайы атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі заман талабына сай адамдардың.......
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай – 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ланшафты белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн. – нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады. А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндіршілер болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамен 16%-ын береді. Каспи~ маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры - 3-3,5 млрд. тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады. Каспий тенізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек. ....
Ninety One немесе 91 (/ˈnaɪnti wʌn/, қаз. "Тоқсан бір") — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 5 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: A.Z., ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Тарихы Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.....
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. Өмірбаяны 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып,....
p бүтін мәндер, ал q натурал мәндер қабылдаса, рационал сан деп аталады да, олардың жиыны рационал сандар жиыны деп аталып, Q арқылы белгіленеді:
Әрине, санын әрқашанда қысқартылмайтын бөлшек деп қарауға болады, өйткені ол қыскартылатын болса, алдын ала алымы мен бөлімін ең үлкен ортақ бөлгішіне қысқартуға болар еді. 1. Рационал сандардың қасиеттері 1. Кез келген екі рационал санға арифметикалық амал қолдану нәтижесінде рационал сан шығады. 2. Тәртіптелгендік қасиет. Кез келген екі r1 және r2 рационал сан үшін мына үш арақатыстың: r1 < r2, r1 = r2, r1 > r2 тек біреуі ғана орындалады. 3. Тығыздық қасиет. Тең емес кез келген екі рационал сан r1 және r2 –нің арасында жататын ең болмағанда бір рационал сан r табылады. Демек, егер r1 < r2 болса, ең болмағанда бір r саны табылып, r1 < r < r2 теңсіздігі орындалады.
2. Рационал сандар жиынындағы қималар. Анықтама. Q рационал сандар жиыннының А және В кластарына бөлінуі қима деп аталады, егер мына үш шарт орындалса: 1. Ø, В≠ Ø, 2. АUB═Q 3. А класы қиманың төменгі класы, Вкласы қиманың жоғарғы класы деп аталады. Осылайша анықталған қима былай белгіленеді: (А,В) Рационал сандар жиынында үш түрлі ғана қима бар: 1. Төменгі класс А-да ең үлкен сан бар, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан жоқ. 2. Төменгі класс А-да ең үлкен сан жоқ, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан бар. 3. Төменгі класс А-да ең үлкен сан жоқ, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан жоқ.
3. Иррационал санды анықтау. Анықтама. Рационал сандар жиынында жасалған жоғарғы класында ең кіші сан жоқ, төменгі класында ең үлкен сан жоқ үшінші түрдегі қима арқылы анықталатын сан иррационал сан деп аталады.....