Көпбай Әлімбетұлы (1904, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – өлген жылы белгісіз) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті.
Дастан-қиссалары «Алмас – болат»
Арнау, толғаулары «Туған өлкем», «Алатау – ырыс аймағым», «Арыс – Түркістан каналы», «Ер шопан», «Ақ бидай». Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады....
Қ Р Азаматтық Кодексіне, басқа да заң шығару актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару органдары мынадай жарлық құжаттар шығарады: Министрлер Кабинеті – қаулылар; Премьер-Министр және оның орынбасарлары – жарлықтар; министрліктер – министрлердің бұйрықтарын, алқа шешімдерін; комитеттер мен комиссиялар – қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар – шешімдер; қоғамдық ұйымдар – қаулылар, жарлықтар. Үлесі жағынан әр түрлі құжаттар шығаруға өкілетті органдардың бірлескен жарлық құжаттары «бірлескен шешім» түрінде шығарылады және ол шешім бұл құжатты қабылдаған ұйымдардың әрқайсысы үшін құқықтық күшке ие болады. Мәселелерді талқылаудың барысы және алқалық органдар отырыстарында, кеңестерде, жиналыстарда, мәжілістерде қабылданған шешімдер хаттамаларда белгіленіп отырады. Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар (баяндамалар, сөйлеулер, анықтамалар мәтіндері, қаулы), шешім жобалары ( күн тәртібі, тіркелім қағаздары, келісім қағаздары т. б.) негізінде толтырылады. Қаулы – алқалылық негізінде жұмыс істейтін мекемелерді шешідерді, ұйғарымдарды жинақтайтын ресми құжат. Қаулы мәжілістерде, жиналыстарда талқыланатын мәселелер бойынша қабылданады, онда көрсетілген шаралардың орындалуы міндеттеледі. Ірі мекемелерде, министрліктер мен ведомостволарда ең маңызды мәселелер бойынша алдан ала анықтама және анықтама бойынша қаулының, шешімінің жобасы әзірленеді. Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.....
Қаржы(қолма-қол ақша,табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)-тауар-ақша қатынастарымен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды. Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577жылы «Республика туралы алты кітабың деген жұмысың бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге жазып қоюға болады.» Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт(б.э.д.430-365ж.ж.)болды.Аристотельдің(б.э.д.384-322ж.ж.)қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афинның мемлекеттік құрылысы»атты жұмысында баяндалған.Қаржының мәні ,оның даму заңдылықтары, тауар ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және оның ішкі ерекшеліктерімен,сонымен бірге ұдаиы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық катигорияға қатыстылығын баса көрсетеді. Қаржы экономикалық катигория ретиінде эканомикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипатымен даму денгейіне сәйкестік заңының, уакытты үнеидеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді ....
Жәрдемақылардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері. Зейнетақылар азаматтаға не заңдарға белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі. Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай-ақ және өмір сүруі шектелместен де, тіпті одан әрі еңбек ету мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жоғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін көздері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б. Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді. ....
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады. 1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі • жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған отаның нашарлауы. Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау. ....
Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазакстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген. ....
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.....
Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен етуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі. Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі. Этнолингвистика - тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика - оны адам психологиясына, ал социолингвистика - қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады. Этнолингвистика-ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1. Фольклористика 2. Этнология 3. Культурология 4. Мифология Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ. Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика - этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология - этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты, бері де этностық ерекшеліктерді сипаттайды. Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса, этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына сүйену қажет. Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін байқауымызға болады. ....
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді. Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды. А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды. Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді. Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды. 1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”. А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды. А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды. Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды. Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.....
Ернар Айдар – қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Өзбекстанның Навои облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Әнші Ернар Айдардың балалық арманы оны биік белестерге жетеледі. Заңгер мамандығына оқуға түссе де, қолы қалт еткен уақытта өнер академиясын жағалап, дыбыс жазу студияларын аралады. Інісінің бойындағы Алла берген талантын ағасы әрі продюсері Талғат Айдар байқап, барынша қолдау көрсетті. Осылайша әнші 22 жасында өнер әлеміне қадам басады. Ернардың алғашқы әні әкесіне арналған. "Асыл әке" әнін жас талантқа өнердегі ұстазы Қуаныш Құрманбаев ұсынған. Ернар Айдар бұл әнді алғаш рет әкесінің туған күнінде шырқады. Араға біраз уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев Ернарды белгілі композитор Бауыржан Есебаевпен таныстырады. Сазгердің "Жарығым-ай" әні жас жұлдыздың бағын ашқан туынды болды. Ән бірден хитке айналып, тыңдармандардың жүрегіне жол тапты. "Күнім, сен сөнбеші" әні де халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды........