Реферат: Тарих | 70 80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1966 басталған эканомикалық реформа бастапқы кезде эконмикалық дамуға белгілі дәрежеде сепін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен эконмикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіп орын немесе олардың жалпы санының 84 проц. жұмыс істейді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың
негізгі көрсеткіштері бойынша орындаладыц: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 проц. артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді.Бірақ белгілі дәрежеғдегі радикализмге қарамай, эканомикалық реформаның бірінші қадамынан бастап - ақ оның жүйесіздігі, жарты кңештігі көрініп тұрды. Тотаритарлық жүйе оның өмір сүріп отырған эканомикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз соцлизімнің үстемдік қүрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарыцнан 70-жылдардың басында эканомикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруғ бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіп орындарндың шаруашылыцқ дернбестігін жоспарлыц кеңейту – тек көрсеткіштерді кемітуге және коллектиптердіңкормелеғу қорларын қалыптастыру тәртібін әкеп сайдыц. Көптеген кәсіп орындарпайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға - өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсу есебінен алынған пай»д жалқыны көбейтуге мүмкіндік бе,рді, оның өсу еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мүныцң өзі 70- жылдардың басында-ақ инфляциялық процессордың басталуының себебі болды,бұл экономиканың дамуына
теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіп орындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомствалврдың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саласындағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық техникалық саласымен ғана шектеліп қоғамының саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі-мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пеноның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар эканомиканың қызметіндегі әкімшілікжүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-жылдар басында реформаны жүргізу тоқталды, сол жылдары әлә де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғаны мен мұның өзі нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, эканомикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша эканомиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіленді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Медицина | ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз. Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінң мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір- біріне ұқсас. Қалып- дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдалынылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алады. Бірнақ та бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір- бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені, олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т. б. Айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Аида Боранбай (1990 жылы 24 қыркүйек)

Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады.
Еңбек жолы.
Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Мәдениет | Мәдениет пен өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің – «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
• 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
• 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
• 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
• 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
• 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский жөне т.б.).
• 6. Өркениет-мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дидар Қамиев Жанатұлы (1988 жылы 10 желтоқсан)

Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан.
Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.[1] Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0