Курстық жұмыс: Педагогика | Білім беру парадигмалары

Кіріспе
Парадигма зерттеу міндетінің шешім улгісі ретінде қабылданған теория екендігі белгілі. Жалпы парадигма дегеніміз – ғылымдағы белгілі бір тарихи кезең аралығында орын алатын мәселені қою мен шешімін табудың, зерттеу тәсілдерінің концептуалды моделі немесе сызбасы. Ғылым философиясына бұл ұғымды нормативті методологияны сипаттау мақсатымен Г.Бергман енгізіп, ғылыми революция теориясын сипаттайтын өзінің ұғым жүйесін ұсынған Т.Кунмен дамытылды. Кунның пікірі бойынша парадлгмалардың
Ауысуы ғылыми революцияны білдіреді.
Мысалы, Н.Н Ероменко келесідей парадлгмаларды бөліп көрсетеді.
― жалпы ғылымдық, қызмет түріне, білім саласына тәуелсіз қоғамдық масындалатын;
― жеке(арнайы) , білімнің әртүрлі саласына теориялық негізді қалыптастыратын және саладағы қызметте қолданылатын;
― локальді белгілі бір өркениет немесе елдің жеке прадигмаларын қолдану. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Антикалық өркениет

Ежелгі Грекияның негізгі шарушылық-саяси бүтіндігі полис, яғни қала-мемелекет болған. Бүкіл ежелгі Эллада осындай салыстырмалы түрде жабық қала-мемлекеттерден тұрған. Полистердің өмірі демократиялық принціптерге бағынған. Әрине, олардағы демократияның өзіндік ерекшеліктері болған. Демократияның құлдарға, әйелдерге, азаматтығы жоқ жатжұрттықтарға қатысы болмаған. Ол тек жасы жиырмадан асқан еркін ер азаматтарға ғана қатысты.
Солай бола тұрса да, демократияның мұндай шектеулі түрінің өзі индивидуалдылықтың, жеке тұлғаның дамуына, көп әсерін тигізген. Философияда бұл көптүрлі көзқарастардың тууына жол ашады. Сондықтан ежелгі грек философиясы туралы оны біртұтас жүйе деп айтуға болмайды. Керісінше, қанша философ болса, сонша философиялық ілім болған. Оларды жалпы бағыттар мен мектептерге біріктіруге болады, бірақ соның өзінде әлемдік философияда әр филосов ерекше орын алады.
Жалпы ежелгі гректердің дүниеге көзқарасы оның Космос деп түсіндірілетін әлемге көзқарасымен ерекшеленеді. Космос, олардың түсінігі бойынша, аяқталған біртұтас дүние. Ол шекті, бірақ, біріншіден, ол жетілген, екіншіден, Космостан тысқары ешнәрсе жоқ. Бұл дүниеге көзқараста эстетикалық таным басым. Сондықтан Космос өте әдемі көркем шығарма – скульптура және сонымен қатар, күйі келген музыкалық аспап тәрізді. Ол тірі, жаны бар, тіпті рухты. Ежелгі гректер қазіргі ғылымдағы сияқты өлі табиғатты білмеген, олар үшін әлемде барлығы тірі, өсімдік, жануар, адам тәрізді өсіп-өнеді.
Космос шекті және аяқталған болғандықтан өлшем, шек, үйлесімділік сияқты ұғымдар оң мағынаға ие. Керісінше, шексіздік, өлшемсіздік сияқты ұғымдарға көзқарас теріс. Ежелгі гректердің дүниетанымындағы бұл көзқарастар философиясында да орын алады.
Классикалық грек философиясы екі периодқа бөлінеді. Бұлай болу Ежелгі Грекияның данышпаны – Сократтың философиялық іліміне байланысты: Сократқа дейінгілер, Сократтан кейінгілер. Сократқа дейінгі философияның ерекшелігі, онда көпшілік жағдайда жалпы өлшемге байланысты сұрақтар қарастырылған, яғни онтологиялық мәселелер басым болған. Олардың ілімдері біртұтас әлемнің негізінде не жатыр деген сұраққа жауап берумен ерекшеленеді. Біртұтас әлем көптүрлі құбылыстардан тұрады. Әлем біркелкі емес, көптүрлі. Көптүрліліктің негізінде не жатыр, бұл көптүрлілік неден пайда болады? Космос деп аталатын ағаш неден өсіп-өнеді?....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанның экологиялық аймақтары

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай — 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай — 1, 600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км). Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қоғамдағы дәрігердің біліктілігі

Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» - деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету - дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Этникалық топтардың психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі әлеуметтік және экономикалық психологияның негізгі бағыттарының бірі – жарнама іс - әрекетін зерттеу. Нарықтың жеделдеп дамуы қызу бәсекелер туғызуда. Онда негізгі рольді жарнама алады. Жарнаманың дамуы социология, экономика, тарих, психология, мәдениеттану, этнопсихология білімдерін талап етеді. Олар кәсіби жарнамалар үшін өте қажет. Жарнамаға қатысты оны жақтаушылар мен сынаушылардың арасында әр түрлі пікірлер бар. Оны жақтаушылар – жарнама шаруашылық іс - әрекетке өте қажет, тауарды сатуға негіз болады, тұтынушыға шешім қабылдауда тәуелсіздік береді, тұтыну деңгейінің өсуін реттейді, қоғамның маңызды қажеттіліктерін анықтайды дейді. Сынаушылар – жарнама экономикалық жоспарда үлкен шығын келтіреді, адамдарда жасанды, пайдасыз, тіпті зиян қажеттіліктер туғызады. Бұл мақалананың тақырыбының негізгі өзектілігі жарнамаға деген көзқарасты ашып көрсетеді, дәлірек айтқанда, жарнаманың пайда болуын психоанализ ретінде бұл ғылымды бүгінгі мамандардың берілген ғылыми облыста қолдануын айтамыз. Алайда, бұл тіпті берілген облыстың соңғы емес өндемесі екенін атап өту керек, ол керісінше – берілген мәселеге сонау өткен біздің ғасырымыздың орта кезеңінің көзқарасымен қарау. Әрине, 90 жылдарға қарай кейбір үйлесімді емес жарнамаға көзқарастың оның құрушысы, оның тұтынушысы, көрермені, тыңдарманы ретінде және тағы басқа өзгерістері болды. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының 4 – бабында былай деп көрсетілген: 1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады; 2) Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартты осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. XX ғасырдың орта шенінде біздің өмірімізді жарнамасыз елестету мүмкін болмағандықтан–оны зерттеу біршама айтарлықтай қарқынды түрде қолға алынды. Біз жарнамамен бүкіл жерде кездесеміз. Мысалы, тіпті теледидар алдында отырғанда, радио тыңдағанда, жұмысқа немесе оқуға барар жолда, яғни біз қай жерде болсақ та тауарды немесе қызмет көрсетуді баяндайтын жарнамалық хабарландыруды естиміз немесе көреміз ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Банктегі қаржылық есеп қисап

Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені іс- әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар экономикалық категориялар емес, олар- аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылалды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріспен құнның экономикалық категорияларының – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбек ақы төлеудің, іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялар өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді. Қаржылық есепті жүргізетін Navision Financials басқа қосымша программалардың бөліктерімен біріктірілген. Мұнда қаржылық операциялар құрылады, деректер өңделеді және есептемелер жасалады. Қаржылық есеп модулінде: аудит үшін қажетті ақпаратты тіркеуді; кез келген кезең, күн, апта, ай, тоқсан немесе жылдық әрбір шот бойынша бөлім немесе бюджет құруды, фирма балансын, пайда мен шығын есептемесін, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептемені қамтитын ішкі және сыртқы талдауға арналған баланстардың түрін және басқа да қаржылық есеп беруді құру; шоғырландырылған балансты және басқа есептемелерді даярлаумен отандық немесе шетелдік филиалдардың деректерін шоғырландыруды істей аласыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Азаматтық іс жүргізудегі тараптар

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады. (АІЖК-нің 44-бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар.

Тараптар – сотта субьективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар.

Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР-ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады.

Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субьективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға.Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі:1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады;2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды.

Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субьективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субьектілері.

Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі (АІЖК-нің 45-бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі (АІЖК-нің 46-бабы) қажет.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтықіс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын болса оны толық ааматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда, сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әркет қаббілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша

Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы – экономикалық теория.
Экономикалық теория негізінің маңызды факторларының бірі ақша болып табылады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты – меркантелистер мектебі. Ол қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі.
Ақша жалпы баламалы рөл ойнауы мүмкін, тауарлардың барлық тобының ішінен, қандай да бір тауарды бөліп алудың объективті қажеттігі пайда болғандағы, айырбастың дамуының ұзақ үдерісі нәтижесінде пайда болды.
Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай санының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Валюталық операциялар

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық .
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996ж.) сәйкес, «Валюта- мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар(айналымнан алынған немесе алынатын, бірақайналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішіндехалықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».
Осы заңда «валюталық операцияларға» төменгідей түсінік берілген:
1.меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдалану мен байланысты мәмілелер;

2. валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
* шетел валютасы;
* номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
* тазартылған құйма алтын;
* ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
- ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
- ҚР-ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар,олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өклеттігі;
- ҚР-нан тысқары жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өклеттіліктер жатады.
Ал, бейрезиденттерге резиден құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жердегі олардың филиалдары мен өклеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттер валюталық құндылықтар қатарына бағалы металлдар (алтын басқа да) мен табиғи асыл тастарды(алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызады.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Әбу Насыр ӘлФараби шығыстандық педагогы психологы философы

Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.
Толық аты-жөні. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде –оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған.
Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия, жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. ....
Рефераттар
Толық
0 0