Реферат: Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | 1993 жылғы Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы өндірістің өнімі. Сонда өнім мен тауардың айырашылығы неде? Тауардың ақшаның пайда болуына, оның қолдануының өрістенуіне әсер ету жағдайларын тарихи тұрғыдан қарап өтелік.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде басқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын, яғни өнімді сату - сатып алу қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі - тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт болса кеткен уақыт болған да, зат тауар түріне ие бола алмағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазіргі кездегі демографиялық проблема

Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында күрделі өзгерістер болды. 1991 жылдан бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі кездегі көші-қон үрдістерінің негізі кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі, мемлекеттік деңгейде жүргізілген қоныстандыру үдерістері мен оның нәтижелерін зерттеу қазіргі мемлекеттік көші-қон саясатын жүргізу үшін де қажетті. Қоғамның дамуына теріс әсер ететін қолайсыз демографиялық жағдайларды шешудің бір бағыты – қуатты көші-қон саясатын жетекші артықшылықтар қатарына қосу. Сондықтан біздің жас мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықта демократиялық бағытта дамушы ел деп танылуымен бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде.
Кеңестік мемлекеті ыдырап, тәуелсіз Қазақстан республикасының қалыптасуы кеңес дәуіріндегі тарихи процестерді саралауға, оның ішінде қоныстандыру мен көші-қон мәселелеріне ғылыми тұрғыдан баға беруге жол ашты. Кеңес дәуіріндегі қоныстандыру мен көші-қон үрдістерінің демографиялық қана емес біртұтас мемлекеттік билік тарапынан жасалынған іс-шаралар екендігі айқындала түсті. Себебі қоныстандыру үрдісінің жүргізілуі халықтардың көші-қонына әкелетіндігі заңдылық еді. Ал көші-қон қозғалысының халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне, психологиялық ахуалына әсері болады. Соңғы кездері елiмiздiң демографиялық даму үдiстерiн зерттеуге, көшi-қон үрдiстерiнiң барысы мен салдарын талдауға көп көңiл бөлiнiп жүр. Себебi ұлттық еркiндiктi сақтап қалу, тәуелсіздік тұғырын нығайту үшiн ең нәзiк те маңызды мәселелер қолға алынуда. ХХ ғасырдың соңына қарай еліміздегі көші-қон, әлеуметтік-демографиялық мәселелер мемлекеттік дәрежеде қарастырыла бастады. Яғни, Қазақстандағы тарих ғылымының зерттейтін өзекті мәселелердің бірі – кеңес мемлекеті тұсындағы елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуымен қоса жүргізілген көші-қон және халықтарды қоныстандыруға байланысты нақты тарихи үрдістер. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Беғазы Дәндібай мәдениеті ескерткіштерінің архитектурасы

Бұл ескерткіштің ашылуы Қазақстанның ғана емес, жалпы далалық Еуразияның археология тарихындағы қола дәуірінің жәдігерлерін зерттеу ісінде жаңа белестердің бірі болды. Бұл мақала Беғазы қорымы мен оның төңірегінде кейінгі жылдары жүргізілген ізденістердің барысын баяндауға арналған. Бүгінгі таңда қорымда жүргізіліп отырған ғылыми тұрғыдағы қайта қалпына келтіру жұмыстары мен «Беғазы-Қызыларай» қорық-мұражайын ұйымдастыру шараларының үлкен маңызы бар.

Беғазы қорымы орналасқан өлке әсем табиғаты, өзен алқабындағы шұрайлы-шүйгін жайылымдарымен көне дәуірде жанға жайлы мекен болуына байланысты адамдар назарына ерте уақыттан бері ілінген.

Беғазы зиратын алғашқы зерттеушілерінің бірі академик Ә.Х. Марғұлан өзінің аталмыш зиратқа қатысты бастапқы ғылыми еңбектерінде бұл зираттың жазба деректерде 1829 жылы хорунжий Потаниннің естеліктерінде кездесетінін айтады. Орыс өкілдерінің Ташкентке дейінгі жолда жолсерік қызметін атқарған хорунжий Потанин, Беғазы тауының баурайындағы Беғазы-бұлақ суының маңында тастары жерге қырымен қазылып орнатылған төртбұрышты қоршаулардың бар екендігін айтып кеткен [Кызласов Л. Р., Маргулан А. Х., 1950, с. 127]. Сонымен қатар, кейіннен бұл зират туралы И. А. Кастанье, В. Никитин, Н. Коншин өздерінің еңбектерінде атап өтеді
Беғазы зиратындағы зерттеу жұмыстар тек 2003 жылы ғана жалғасын тапты (1-сур.). Жоғарыда аталған олқылықтарды ескере отырып осы жылы Қарағанды облыстық Мәдениет басқарамасы тарапынан Мемлекеттік «Жібек жолы» бағдарламасы аясында «Беғазы зиратындағы археологиялық зерттеулерді жалғастыру» атты арнаулы жоба қабылданған болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛТЫН АДАМҒА ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛСЕК

“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт-қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?”, – деп, қын¬жыла ескерткен болатын.
Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр¬гізілген археологиялық жұ¬мыс¬¬тарға көңілі толмайтыны ай¬қын аңғарылады. Алайда Елба¬сы¬ның сол ескертпесін қатаң бас¬шы¬лыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Ал¬маты облысының Есік қаласы¬на жа¬қын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Ал¬тын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Еги¬пет¬тегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді (“ЕҚ”. 31.10.07). Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екін¬ші үлкен ғылыми жаңалық¬қа” лайық ұлттық шара жасай ал¬ған жоқ едік. Енді, міне, “Мә¬дени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көле¬мінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың!
Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойлас¬тыр¬ған жөн. Ол үшін ең әуелі, ме¬ніңше, Президент айтқандай, мұ¬ның “құрылыс емес, ғылыми жұ¬мыс” екенін есте ұстау қажет. Сон¬дықтан, қорық-мұражайды са¬лу жұмысымен қабат оның ғы¬лы¬ми-зерттеу жағын да тереңде¬туге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде таны¬тып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті кө¬мегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз.
Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға кел¬тірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бес¬шатыр келесі жағында жатыр. Қа¬зір ғалымдар екеуін де сақ дәуі¬рі¬нің ескерткіші дейді. Бес¬ша¬тырда ғалым К.Ақышевтың ай¬туынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл ара¬лығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұра¬ды: дәліз, ауызғы бөлме, қа¬бір”, – дей келіп ( “Ертедегі ес¬керт¬¬кіштер елесі”. Алматы, 1976. 31-бет)., “Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиг¬ра¬хаудалар тобына жататын тай¬па¬лардың қасиетті герросы бол¬ған¬дығына (патшалары мен кө¬сем¬дерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды (Сонда, 38-бет). Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Республикамыздың тұрғындарының жартсына жуығының тұрмыс жағдайына тікелей әсері бар экономикамыздың аса маңызды салаларының бірінен саналады. Қазақстан халқының 47%-ы ауылдық жерлерде өмір сүреді. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 1/3-і аграрлық салада еңбек етеді. Мемлекетіміздің жалпы өнімінің 5,3%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі.
Соңғы бес жыл ішінді ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемінің өсімі орта есеппен жыл сайын 4%-ды құрап отырды. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірген жалпы өнім көлемі 1трлн. теңгеден асып, 1386,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласында өнім көлемі 829,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында 557,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі тиісінше 113,2 және 102,6%-ға тең болды. 2009 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6 трлн. теңгеден асты.
Қазір еліміздің астық өндірушілері өнімдерін сақтау мен өткізуде күрделі қиындықтарға тап болып отыр. Міне, осы проблемаларды шешу мақсатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін 2010-2014 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында кешенді шаралар қарастырылған.
Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген кешенді шараларды іс жүзіне асыру аграрлық саланы әртараптандыру үрдісін қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалық деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Оның бүгінгі жаппай жаһандану дәуіріндегі бәсекелестікке қабілетін шыңдап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі азық-түлік рыногындағы тұрақтылықты нығайтып, еліміздің экспорттық әлеуметін арттырады.
Ал, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында (6-ақпан, 2008 жыл) дамудың жаңа кезеңі, ол агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
... Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде жіне тұсатай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарымымен жауап беретініне сенімдімін.
… елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту керек…
… Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет…» деп атап өтті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Дағдарыс түсінігі типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуын-дағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән қүбылыс және социа-листік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бүрьшдары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бүл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бүндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
Мүндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын қүрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бүдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады.
Әлеуметтік - экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жүмыс істеу және даму.
Жүмыс істеу - бүл тіршілік әрекетін үстап түру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау.
Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

Жүмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жүмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бүзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды.
Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік -экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.
Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бүл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т.б.) арасында.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сүт безінің аурулары

Сүт безінде әртүрлі патологиялық процестер өтіп жатады. Оларды емдеу шаралары әртүрлі болғандықтан, патологиялық процестің сипатын ажырата білуіміз керек. Ол үшін сүт безіне және бүкіл организмге зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оларды клиникалық және лабораториялық әдістерге бөлуге болады.
Клиникалық зерттеулерге: анамнез мәліметтері, организмді жалпы зерттеу және желінді зерттеу кіреді.
Анамнез: қашан бұзаулады, туу процесі мен туғаннан кейінгі кезең асқынусыз өтті ме, бағып-күтімі мен азықгануы, туғанға дейінгі, туғаннан кейінгі кездегі сүт безінің клиникалық жағдайы қалай еді, бұрынғы жылдары желін аурулары болған ба, сауу режимі сақтала ма, малдәрігерлік-санитарлық шаралар орындала ма, жалпы шаруашылықта желін аурулары көп пе, сиырдың сүгтілігі қандай, сиырдың ауырғанына неше күн болды, ауруы қалай білінді, кім емдеді деген сұрақтарға жауап алатын болсақ аурудың туу себебін, патологиялық процестің сипатын анықтауға біршама мүмкіндік туады.
Организмді жалпы зерттеу дегеніміз малдың дене температурасын өлшеп тыныс алу жүйесін, жүрек-қан айналу жүйесін, ас қорыту жүйесі мен жыныс органдарын зерттеу, малдың жатып-тұруына көңіл бөлу, сыртқы лимфа түйіндері мен кілегейлі қабықтарды зерттеу болып табылады. Өйткені, желін аурулары көбінесе гастроэнтерит, эндометрит, субинволюцші, т.б. аурулардың салдары болуы мүмкін. Сол сияқты желін ауруларының салдарынан басқа органдарының қызметі бұзылуы мүмкін.
Желінді зерттеу. Қарап, ұстап және сауып көру сияқты тәсілдерден тұрады. Желінді тексергенде сиырдың артқы жағынан және жанынан келіп қарайды. Желіннің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігін салыстырамыз: көлемі, терісінің түсі мсн бүтіндігі, тығыздығы, температурасы, малдың реакциясы, сауған кезде емшегінен сүттің шығуы, сүттің түсі, иісі, бөгде заттардың болуы (құм, ірің, іртік, ұйынды, фибрин т.б.). Бұл белгілер аурудың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Соңынан желін үсті лимфа безін зерттейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0