Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды . Көптеген оқушылар: батаны жатқа біледі Кейбір оқушылар: батаның түрлерін атай алады......
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн га жерлерін өнеркәсіп орьгадары, транспорттьтқ жолдар, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті. элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстармен (Бетпақ далада) ластану кең таралуда. Кейбір аймақтарда топырақтардын тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы, сонымен қатар Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендеріиің су бассейнінің азаюы, Арал теңізІнің тартылуымен тікелей байлаынысты болып отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағыньң экологиялық жағдайына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармсн және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610,7 мың га алып жатыр. Соңғы жылдары байкалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестецидтерді қолданбаудан арамшөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы еғістіктерге 1 млн.т. минералдық және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998 жылы 16 мың т қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кең орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау зоналарында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд т жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле. Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. ....
Ом заңдары тек қарапайым электр тізбегін есептеу үшін ғана жарамды.Ал күрделі тізбектегі токты аныктау керек болса ,онда жалпыланған заңдылықтар болуы қажет.Сондықтан осындай заңдылықтың түріне заряд пен энергияның сақталу заңының салдары ретінде неміс физигі Кирхгов 1824-1887 ашкан заңдар немесе ережелер жатады. Кирхговтың бірінші ережесі түйіндерге қатысты оған келетін ток пен одан шығатын ток арасындағы байланысты қарастырады.Тармақталған тізбек деп аталатын тізбекте түйіндер үштен кем емес өткізгіштер тоғысатын кез-келген нүктені айтамыз Біз тұрақты токты қарастырғандықтан,түйінге қанша заряд ағып келсе ,сонша ағып кетуі керек.Егер түйінге кіретін токтарды оң,ал шығатын токтардытеріс деп есептесек,онда мынадай ережені айтуға болады,түйінде тоғысатын ток күштерінің алгебралық қосындысы нөлге тең.I+I-I=0 Мұны былайша түсінуге болады.Егер түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлден өзгеше болса,түйінде зарядтар көбейіп не азайып кетер еді де,бұл өз кезегінде түйіндегі потенциалдың және тізбектен ағатын токтың өзгеруіне әкеп соғар еді.Кирхговтың екінші ережесін жалпы түрде энергияның сақталу заңына сүйеніп,тармақталған тізбек үшін Ом заңын қорытындылау арқылы түсіндіруге болады.Тұйықталған жүйені құрайтын әрбір қосылғыштар энергияларының өзгерістерінің қосындысы нолге тең.Сондықтан тұйық тізбек үшін қатысы орындалады.Бұдан кернеудің түсуі екенін ескерсек ,Сонымен Кирхговтың бірінші және екінші ережелеріне сәйкес құрылған тәуелсіз теңдеулердің саны тармақталған тізбектерден өтетін әр түрлі токтардың санына тең болады.Сондықтан электр қозғаушы күші және барлық токты есептеуге болады. КЕЗ-КЕЛГЕН ТАРМАҚТАЛҒАН ТІЗБЕК ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛІК ДИАГРАММАЛАР • Егер тармақталған тізбектің бір тармағындағы кедергі,мысалы,екінші тармақтағы кедергі өзгеретін болса,ал басқа тармақтардағы кедергі және қоректендіргіштердің Э.Қ.К-і өзгермесе,онда кез-келген тармақтардағы токтар мен кернеулер бір-бірімен түзу сызықты тәуелділікте болады.Бұл тәуелділік тұрақты токқа да және амплитудасы өзгермейтін Э.Қ.К бар синусоидалы токқа да әділетті болады.....
Қоғамдық сектор экономикасында қызмет істейтін немесе қызмет көрсететін қызметтің еңбек қорытындысы тауар, қызмет, жұмыс. Адамның талғамы мол, талғамына байланысты заттар материалдық және рухани болып бөлінеді. Рухани: кино, кітап, би, ән және т.б. Материалдық: үй, жиhаз, киім және т.б. Қоғам белгілі бір нәрсеге қажеттілік етеді. Белгілі бір тауарға, қызметке. Сол қажеттілікті дайындайтын, қоғамдық секторға қызмет ететін адам болып табылады. Ол қажеттілік белгілі бір сұраныс есебінен болады. ....
Нарық дегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі. Нарықтық экономикада адам, бір жағынан, игілікті жасаушы болса, екінші жағынан, сол игілікті тұтынушы. Игілікті адамдар арасында бөлу мен тұтынуда да бағаның қызметі зор. Нарық пен адамдар арасындағы экономикалық әрекет сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының түйіскен жерінде, яғни нарықтық бағамен шешіледі. Нарықтық экономиканың үлгілер. Нарықтық экономиканың даму үлгілері әлемнің әр жерінде түрліше қалыптасқан. Дүниежүзілік тәжірибедегі нарықтық экономика үлгілері ....
Қоршаған ортадағы барлық элементтердің іздері тірі жүйеде байқалғанымен тіршілікке қажет элементтердің саны жиырмаға жуық. Клеткадағы олардың концентрациясына сәйкес бұл элементтерді үш категорияға бөледі-негізгі элеметтер, микроэлементтер және ультра-микроэлементтер деп. Түрлі түрдегі элементтердің жалпы жинағы түрліше болды. Кейбір элементтердің универсалдық маңызы болады (сутегі, көміртегі, азот, оттегі, натрий, магний, фосфор, күкірт, кальций, калий және хлор) басқалары бәріне бірдей керек болғанымен түр- лердің көпшілігіне қажет(темір, мыс, марганец, мырыш). Тірі табиғатқа ғана тән арнаулы элементтер болмайды. Бұл тірі және өлі табиғаттың байланысты екенін және біртұтастығын көрсетеді.Сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт клетканың органикалық қосылыстарын құрайтын құрылыс бөліктері.Көмірсу мен липидтер сутегінен, көміртегінен және оттегіннен тұрады,белоктар аталған элементтерден басқа азот пен күкірттен, нуклейн қышқылдары азот пен фосфордан тұрады. Сонымен, осы алты элемент тірі материаның басты элементтері. Клеткалар массасының 99% -тің құрайды. Көптеген элементтер әдетте иондар күйінде кездеседі. Мысалы, Na+, Mg2+,PO2-4, SO2-4, CL-, K+, Ca2+, CO2-3, NO-3. Клеткадағы каттиондар мен аниондардың мөлшері клетканы қоршаған ортадағы олардың мөлшерінен өзге болады. Мысалы, клетка ішінде К+ концентрациясы өте жоғары, ал Na+ төмен. Клетканы қоршаған ортада (қанда, теңіз суында) керісінше, К+өте аз болады, ал Na+ концентрациясы біршама жоғары келеді. Клетка мен қоршаған ортада бейоргани-калық иондардың болуы клетканың дұрыс қызмет істеуіне үлкен маңызы бар. Су мен бейорганикалық заттардан және өте аз концентрацияда кездесетін қосылыстардан басқа клетканың құрамында белоктар, нуклейн қышқылдары, көмірсулар, липидтер болады.....
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер. Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы. Шетелдік несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті бөлу шаралар жиынтығының маңызды құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тартудың тиімді формаларының бірі - әлемдік нарықта қазақстандық кәсіпорындар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде біріккен кәсіпорындарды құру. Бұл мәселені толығымен қарастыру үшін, қазақстандық инвестициялық ақуалын ғана талдап қоймай, сонымен қатар серіктестердің іс-қимылдарын да қарау керек.....
Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады: - уақтылы жасау; - позицияның сенімділігі; - дұрыс рәсімдеу. Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады. Құжаттар-кәсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады ....
Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
“Теңізшевройл” ЖШС-ны құру туралы Қазақстан Республикасы мен “Шеврон” компаниясы арасындағы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Содан үш күннен кейін-ақ, 6 сәуірде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шығып, онда келісім және ТШО қызметіне байланысты шарттар мақұлданды. ТШО-ға көмірсутегін барлау мен өндіруге лицензия 40 жыл мерзімге берілген. Республикамыз¬дың тарихында бұдан “ұзын” келісім-шарт жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл тұрғыда қарама-қайшы пікірлер бар, бірақ та бір жәйтке ешкім де дауласа алмасы анық: бүгінгі күнге бұл инвесторларға инвестиция¬ларды жоспарлауда белгілі бір еркіндік, ал Қазақстанға тұрақты бюджеттік түсімдерді қамтамасыз ететін еліміздегі ең тұрлаулы келісім-шарт. ТШО қызметінің негізгі түрлері Атырау облысындағы Теңіз және Королев кен орындарында көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және сату болып табылады. Қаты¬сушы әріптестер бүкіл әлемге танымал трансұлттық халықаралық “Шеврон” (50%) және “ЭксонМобил” (25%), “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (20%) және “ЛукАрко” компаниясы (5%). Қазіргі таңда ТШО Қазақстандағы мұнай-газ өндіретін ең ірі компания болып табылады, оның үлесіне елімізде өндірілетін мұнайдың 20%-дан астамы келеді. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде барлығы 125 млн. тоннадан астам мұнай өндірілген. – Парламент депутаттары “Теңізшевройл” ЖШС қызметінен келетін бюджеттік түсім¬дердің көлемі туралы мәселені қайта-қайта көтеріп жатады. Осыған байланысты біз өткен жылдың қаржылық көрсеткіштері туралы нақты да дәл ақпарат алғымыз келер еді. – 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі күрделі салымдар көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан астам болды. Бұл айтарлықтай ірі сома және Теңізді сол кезде көрген және бүгін оның қандай болғанын білетін кез келген адам салымдардың тиімділігіне көз жеткізе алады. Бұрынғы кеңестік бұрғылау орындарында Теңіздің ауыр мұнайын өндіру және өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық орталық пайда болды. ТШО қызметінің басынан бері салықтар мен роялти түрінде мемлекеттік бюджетке 9 млрд. доллардан астам қаржы, соның ішінде корпоративтік табыс салығына 3,8 млрд. доллар және роялтиге – 4 млрд. доллар төленген. Тек 2006 жылы ғана ТШО бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түрінде 2,5 млрд. доллардан астам қаражат төлеген. – БК-ның қазірдің өзінде іске асырылған жобалары туралы не айтуға болады? Олардың тиімділігі қандай? – Өндірістік технологиялық желілер құ¬ры¬лысына, зауыт құрал-жабдықтарын және тиісінше инфрақұрылымды жаңғырта жаңар¬туға әріптестер күрделі салым түрінде іске асырған инвестициялар өндіру көлемін 1993 жылғы 1,5 млн. тоннадан 2004-2006 жылдар¬ғы 13,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкін¬дік берді. Бұл еуропалық сападағы сұйытыл¬ған газ өндірісін жолға қоюға, атмосфераға шығатын қалдықтарды және газды факелде жағуды әлдеқайда азайтуға, қалдықтарды кәдеге жаратуды жақсартуға жағдай туғызды. ....