Курстық жұмыс: Дүниетану | Пайғамбарымыздың дүниеге келуі
Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт.
Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді.
Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы.
Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын.
Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды. ....

Курстық жұмыстар