Ассалаумағалейкум! Жасым 25-ке толып, үйленуге асығып жүрмін. Екі жылдан бері сөз байласып жүрген қалыңдығым да бар. Үйлене қояйын десем, не жұмыстың, не қаражаттың ыңғайы келер емес. Екі жылдан бері қызбен жүруім күнәға жата ма?
Сұрақ: Ораза ұстап жүргенде күнә істеу, ғайбат айту оразаны бұзады ма? Жауап: Оразаны бұзбайды, бірақ әсіресе ораза ұстап жүргенде күнәдан көбірек сақтану керек. Хадис шәрифте: «Ғайбат айту, сөз тасу, өтірік жерде ант ету, бөтендерге шаһуетпен қарау оразаны бұзады»- делінген. (Дәйләми)
Имам Ағзам хазреттері бұл хадис шәрифті ашып түсіндірген және «Бұл күнәлар оразаның сауабын бұзады, өзін бұзбайды, ораза мәкрух болады»- деген. Яғни бұл күнәларды....
Ассалаумағалейкум! Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді.Шариғат бойынша қыз емес қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері болады ма?
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Пайғамбарымыз ﷺ Рамазанның соңғы он күнінде Мәсжидун-нәбәуиде иътикафқа отыратын-ды. Тіпті деректерде мешіттің ішінде шатыр тігіп парыздан соң зікір, құлшылық және Құран оқу үшін осы шатырға кіретіндігі риуаят етіледі. Мінекей осы сәттерде мынадай бір жағдай болағанын Әбу Зәрр жеткізеді: «Рамазанның соңғы он күні болғанда Алла елшісі мешітте иътикафқа отырды. (Рамазанның) 22-сіне сәйкес келетін дүйсенбі күні екінті намазын өткізіп сосын былай деп хабарлама...
1. Жақсы мінез иесі бір әйел жетпіс әулиеден жоғары. 2. Жаман мінез иесі бір әйел мың жаман мінез иесі ерден де жаман. 3. Жүкті әйелдің екі ракат намазы жүкті емес бір әйелдің жетпіс ракат намазынан да қайырлы. 4. Өз баласын емзірген әйелге әр жұтым сүті үшін жеке жеке сауап беріледі. 5. Күйеуі үйге шаршап келген кезде әйелі жылы жүзбен «ҚОШ КЕЛДІҢІЗ» деп айтса, жарты жихат (Алла жолында қызмет) сауабы беріледі. 6. Әйелі күйеуіне, күйеуі де әйеліне рақымдылықпен және мейірімділікпен қараса Алла Тағала екеуіне де рақымдылықпен қарайды. 7. Күйеуін Алла жолында қызметке шығарып салып, өзі де үйінде әдептілікпен отырған әйел күйеуінен бес жүз жыл бұрын жәннатқа кіреді. Жетпіс мың періштенің және хор қыздардың басшысы болады. Жәннат суымен жуынғаннан кейін жақұттан жаратылған аттын үстінде күйеуін қарсы алады. 8. Баласы жылау себебімен түнде ұйықтай-алмаған әйелге жиырма құл азат еткен сауап беріледі. ......
Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың жаратқанының ішіндегі кереметі Өзінің Елшісі,әрі соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с) екені баршаға мәлім.Сонымен қатар,Пайғамбарымызға ең жоғары мәртебе бергені шынайы мұсылмандардың барлығына құпия емес. Пайғамбардың сахабалары мен олардың ізбасарлары оны құрмет тұтып: «Салла Аллаһу алейһи уә саллам»-деп салауат айтулары және бұл сөздердің шынайы мұсылмандардың жүрегіне қуаныш ұялатып,оның дауысын естуге ынтықтыруы,сүйіктілерінің жүзін көру жан-тәндері мен ұмтылысы Пайғамбардың ұлылығының белгісі. Аллаһ Тағаламыз Пайғамбарымызға асыл қасиет,жайлы мінез-құлық, жүректілік, адамгершілік, құрмет тұтарлықтай болмыс берген. Адамзаттың ақыр заманға дейін Аллаһтың ақ жолынан тайып кетпес үшін Пайғамбарымыз ізінен екі түрлі мұра қалдарған екен.Оның бірі-Аллаһ Тағаламыздың қасиетті Құраны болса,екіншісі -өзі жазған хадистері болса керек. Пайғамбарымыздың хадистері өте көп, әрі әрбір хадисі ақыл-кеңес,түсінікке толы және Құдай дінімен байланысты әртүрлі анықтама беріп кеткен. Елшісінің ешбір хадисі Құдайдың қасиетті Құранының жазуларына қайшы келмейді.Хадистерді жақсы білетін мұсылмандар оның қадір қасиетін мадақтап,оның адамгершілігі туралы уағыз айтып, халыққа жеткізуге өте көп көңіл бөлген және бөлуде. ....
Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт. Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді. Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы. Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын. Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды. Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы. Рәби'ул-әууәл (ай календары бойынша) айының он екінші түні. Піл оқиғасынан кейін арада елу-елу бес күн өткен. ....