Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев

Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев (6.8.1949 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Есберлі ауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2001). КСРО ҚҚМ эскери-саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген. 1968 жылдан қарулы күштер қатарында. Мәскеу облысындағы ерекше міндет жүктелген бригаданың рота, батальон командирінің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту

І. Кіріспе бөлім
Тілді оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдарды немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихынан өн бойында үнемі жалғасып келеді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, оны сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезінен бастап мектептерде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады.
Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы олқылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлінгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы дене дайындығын оқыту

Тақырыптың өзектілігі. Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.
Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Есептер шығару арқылы информатиканы оқыту

Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Баяндама: Жаңа заман талабы – Кембридж тәсілімен оқыту мен оқудағы өзгерісім туралы

Жылдар өте заман да, қоғам да, адам да өзгереді. Соған сәйкес ғылым да жаңа
жаңалықтарымен толығады. Бұл табиғи заңдылық. «Мен қалай өзгердім? Менің
оқушыларым қалай өзгерді?» - деген сауалдарға ой жүгіртсем, кешегі күндері осы
Кембридж бағдарламасына келген кезім еріксіз ойға оралады.
Үміт, қорқыныш, қызығушылық.....
Баяндамалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Теріс емес бүтін сандарды және арифметикалық амалдарды оқытудағы көрнекіліктер

К і р і с п е
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін үйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықгайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын окулықгарын енгізіп жатыр.
Жаңа оқулықгар:
1. Көп деңгейлі.
2. Интеграцияланған.
3. Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына
сәйкестендірілгендігімен ерекшелінеді.
Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.
Білім беру саласындағы жаңалықгар:
1. Үйымдастырудағы
2. Технологиялардағы
3. Оқулықгар мен бағдарламалардың өзгеруі.
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бүл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жүмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.
Бүл тақырып бойынша материалдар жинақгауда Д. Нурпеисова атындағы орта мектептің көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан шебер, озық үстаздар бірі Ибрагимова Түрғанкүл, Пономарева Людмила, Турисова Шолпан, Мадыбекова Анар деген апайлардың математика сабақгарына қатыстым, сабақга көрнекілік пайдалану әдістерімен таныстым.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Самбо күресіне оқыту тәсілдері мен әдістерін студенттердің дене қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылудың практикалық алғы шарттары

Жоғарғы мектеп реформасы жоғарғы оқу орнының дене шынықтыру мұғалімдерінен, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардан дене шынықтыру жөніндегі лекцияларда және практикалық сабақтарда пән бойынша теорияны және практиканы беру әдістемесін одан әрі жетілдіруді талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт бойынша білімін тереңдете түсу, денсаулықтарын нығайту. Сабақ беру, оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттерін жетілдіретін, олардың болашақ мамандықтарын игерулеріне ықпал ететін сабақтарға қызыға-ынтыға қатысуларына бағытталған болуға тиіс.
Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген қызығушылығы арқылы олардың дене қасиеттерін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда медицина университеті студенттерінің дене қасиеттерін даярлаудың бастапқы кезеңінде самбоның техникасы мен тактикасын зерттеудің зор маңызы бар. Біз спорттың самбо секілді түрінің негізінде, жоғарғы дене шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің денем – оқылым №3 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Менің денем – оқылым №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлемде қолданады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0