Сәлем дұғасы

Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға: «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм». «Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!
Дұғалар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Соқыртеке

«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

Ойынға қатынасушылар жиылып, алқа-қотан тұрғаннан кейін, бір қыздың, не жігіттің көзін байлап, қолына бір метрдей жас шыбық беріп, ортаға шығарады. Ол:

Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе сөзім жоқ.
Қайда кеттің қалқа жан,
Жетектейтін өзің жоқ.
Қолға түскен құтылмас,
Қала бермек көзім боп,.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қуық ауруына оқылатын дұға

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Уә асалука биасмаика, иә шафиъу, иә рафиъу, иә саниъу, иә самиъу, иә, кабиру, иә бәширу, иә назиру, иә кадиру, иә муқаддиру, иә мутакаббиру. Субханака иә лә иләһа илла әнта һаласна минәлъамми уә әлһум уәннари иә рабби!
Дұғалар
Толық
0 0

Тәубеге келу дұғасы

Бір күнә істі жасап қойса. Аллаһ Тағаладан: кешірім сұрап, тәубе етіп, дәрет алып екі ракат намаз оқылады және күнәсін жуу үшін жақсы, қайырымды іс жасау керек. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: "Аллаһқа ант, шын мәнінде мен бір күнде жетпіс мәртеден астам кешірім тілеп, тәубе етемін", деген, тағы бір хадисте....
Дұғалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Лексиканы оқыту әдістемесі және оның міндеттері

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Орта мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: „Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру.Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру”. Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байла-нысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдыларды анықтайды. Мәселен, 5-10-сыныптардағы лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді. „Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету” деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді ескертеді [1]. Ал Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал—лексика деп есептейді. [2].Белгілі бір тілді мегеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдк қатынас та жүзеге аспайды. Өйткені адам сөйлей білу үшін айтайын деген ұғымға қатысты сөздерді және сол сөздерді дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруі керек.
Адамдардың өзара пікір алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тілдік қатынасдың ең негізгі құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негізінен, сөздің екі жағы қарастырылған. Ол- сөздің қалпы, яғни сыртқы пішіні (дыбыс арқылы айтылуы, әріп арқылы жазылуы); сөздің мағынасы, яғни ішкі мазмұны, мәні. Мәселен,Н.П.Бехтерева сөздің мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: пішіні (форма); мағынасы (значение); қызметі (назначение).
Н.П.Бехтерева сөздің осы үш ерекшелігінің ішінен адамның ойын, сезімін көрсететін үш белгісі- атқаратын қызметі-негізгі деп есептейді. Автордың айтуынша, сөз сөйлеушінің көзқарасын, көңіл-күйін білдіргендіктен адамдар арасындағы қарым-қатыныстық қызметті атқара алады.
Сөзді қатысымдық тұрғысынан алып қарағанда, сөздің алатын орнынан да, білдіретін сезімдік жағынан да сөйлесу үшін қажеттісі- сөздің байланысу амалы мен қолдана білу заңдылығы. Өйткені өзіндік заңдылықпен қолданылмаған сөз сезімді де білдірмейді, тілдегі орнына сай қызметін де атқара алмайды. Мәселен, белгілі бір тілде сөйлеу үшін, көп сөзді білгенмен,оны дұрыс қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін емес.
Сонмен қатар, сөздің қай жағы (қалпы, мағынасы, қызметі т.б.) жетекші деген көзқарасқа келетін болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, ішкі мағынасы да, ішкі байланысы мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келіп, тілдік қатынаста әрқайсысы өзіндік қажеттілікпен, орнымен көрінеді. Сондықтан қатысымдық негізде сөзді оқыту жеке бірлік ретінде оның өзіндік белгілеріне байланысты. Зерттеуімізде сөзге тән мұндай белгілір мыналар деп есептедік:
- сөз—белгілі бір ұғымдарға қатысты семантикалық мәндерді білдіреді және осы семантикалық қасиеттерді әрі сақтаушы, әрі жинақтаушы ретінде тілдік қатынастың ең қажетті бірлігі болып табылады;
- сөз бір-бірімен байланысу арқылы адамдардың ойын білдіреді де, түсінісу құралы болудың нәтижесінде қатысымдық қызмет атқарады;
- сөз өмір шындығын ғана емес, эмоциялық сезім күйді де білдіреді;
- сөз тілдегі қалыптасқан ережелердің нәтижесінде бір-бірімен тіркесе келіп, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрауға негіз болады және тілдегі ең басты лексикалық бірлік болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Намазда оқылатын дұғалар

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың ....
Дұғалар
Толық
0 0

Смартфонды қалай «қоқыстардан» тазартып, жұмысын жеделдетуге болады?

Егер смартфоныңыз баяу жұмыс істеп, ұзақ «ойланатын» болса, оған себеп уақытша файлдар мен сіз өшіріп тастаған қосымшалардан қалған «қоқыстар» және вирус болуы мүмкін. Демек, тазалайтын уақыт жетті.
Кеңестер
Толық
0 0