Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: 9-сабақ Кел, балалар, оқылық! Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту 3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу. 3.1 Оқу түрлерін қолдану .3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу. 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану. Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтін мен көру материалдарына сүйене отырып, өз ойын айту. 2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәнерлеп оқу. 3. Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауларын дұрыс қолдану. Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәнерлеп оқиды. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған, көрген мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсініп, қолдау арқылы өз ойын айтады. Сөздердің орын тәртібін сақтап жалғауларды дұрыс қолданады. Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтін мен көрген суретке қатысты өз пікірлерін дәлелдей алады, мәтін құру барысында өзгелерді толықтырады.....