Махаббат хикаясы: Парақорлық
Кластастар басқосуы деп әлдекім телефон шалып шақыра қалды. Оларды көрмегелі де оншақты жыл өтіпті-ау. Оқу бітірген соң көп санды кластастарымның тасы өрге домалай бастады. Ешбір таныс-тамырым болмағасын мен бір зауытта жұмыс жасап жүрдім. Әйелім мектепте мардымсыз жалақымен сабақ береді. Екеуміз әр айда тапқан аз ғана ақшамен отбасымызды асырап келеміз. Бас қосуға бару ойымда жоқ еді. Бірақ, бала күнгі достардың көңілін қимадым.
Әйелім ұлымның сабақтарына қолғабыс етіп жүр. Бұл қаладағы деңгейі жоғары орта мектепте ақша төлеп оқытуға жағдаймыз белгілі. Алайда бастауышты жақсы нәтижемен аяқтаса, үкімет қаржысымен жақсы мектепте оқуға орай бар еді.
Бас алмай сабақ қарап отырған балама мейірлене қарап қойып, үйден шықтым. Бас қосу осындағы ең ірі «Салтанат» қонақсарайының оңаша бөлмесінде өтеді екен. Мен кірген кезде кластастарым жиналып қалыпты. Дастарқан қыза бастады. Көбі бастық болып алған. Тіпті класта ең нашар оқитын Балтабек те білдей бір соттың бастығы. Бір-бірінің мақтауын асырып, шалқып отырды. Үстелдегі тағамдарға қарап, өз тұрмысымды ойладым. Мына аста-төк дастарқан әйелім екеуміздің үш айлық еңбекақымызбен бірдей. Балтабек мына дастарқанды өзі жайып отырғандай жік-жапар болып, қонақтарға шарап құйып жүр. «Дастарқанды өзім жайып отырмын. Бүгін мен қонақ етейін. Ақшасын өзім төлеймін» дейді кеудесін қағып. Бастық болған қандай жақсы. Қыран-топан дарақы күлкі, сыңғырлап, босап жатқан қымбат бағалы арақ бөтелкелері........

Махаббат хикаялары