Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектеп оқушыларына банктің депозиттік ресурстық потенциялын бағалау жолдарын үйрету

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Халық бата-тілегі

Уа, Жаратқан, жарылқа,
Бақ - дәулетін аумас қыл!
Жарылқағанмен жалғас қыл,
Ала ауызды алыс қыл,
Қорғаннан қалыс қыл!
Ниеттері ақ болсын,
Бейнеттері пәк болысын,
Мұраттарын асыл қыл!
Қолқасын шаң қаппасын
Жүрген жерін жасыл қыл!

****
Далақтатар даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта!
Ашыққан бөріден сақта,
Қара жердің көрінен сақта!
Ашынған ұрыдан сақта,
Құлқыны құрыдан сақта!
Дауылдың кәрінен сақта,
Жыланның зәрінен сақта!....
Баталар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар оқу (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Балаларға арналған тақпақтар оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді
2.2.1.1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: оқыған өлеңнің мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша сөйлемдер құрайды.
Көбі: оқыған өлеңдегі бейнелі сөздерді пайдаланып, әңгіме құрап айтады.
Кейбірі: өлеңнің идеясын анықтайды, анасы туралы өлең жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 1.2. Шығарманы мазмұндау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/сахналау
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: кейіпкерлердің портретін сипаттап оның іс-әрекетін, мінез-құлқына баға береді және өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, мінез-құлқынын анықтап, соған ұқсас мысалмен байланыстырып мазмұндай алады.
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап баға беріп, өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырып мазмұндай алады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға» Б С Қошым-Ноғай (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: «Өнер»
Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға» Б С Қошым-Ноғай
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.
Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау

І. Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептің оқу тәрбие процесін басқару

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдылық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
- жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
- Республика тұрғындарының жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктерін жасау;
- Жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып – үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерінің жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Алпыс тілектен тұратын бата

Қысыр бақсаң қазылы болғай,
қара қойың қозылы болғай!
Ойсыл қараң жоталы болғай,
жыл құрғатпай боталы болғай!
Өрелі биең құлынды болғай,
Қызылмеңдең тұлымды болғай!
Інінің бәрі иықты болғай,
шетінен алып сиықты болғай!
Тау менен тасың қорықты болғай,
көл - дарияң борықты болғай,
Ақ жүгерің шашақты болғай,
арпа - бидай масақты болғай!
Мәуелі бағың жемісті болғай,
жоталы жоның егісті болғай!
Қараңның бәрі қарынды болғай,....
Баталар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Информатика бастауыш сыныпатардағы оқу пәні ретінде және оның оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері

Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.
Компьютер көмегімен осы сияқты сүлбелерді жүзеге асыру әрекеттері бұрын 2-ші, 3-ші буын машиналарында да жасалған, ал қазіргі кезде дербес техникада жалғастырылып келеді. Бірақ бұл бағытта әлі де айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Бұның себебі: компьютерге тіпті оған тән емес дидактикалық функцияларды (жаңа ақпараттарды хабарлау және оқу барысын басқару) беруге тырысады, ал ол үшін әйтеуір бір жолмен оқу үрдісін алгоритмдеу керек және оқу барысының әр түрлі сценарилерін қарастыру керек. Осы туралы бірқатар қарсы пікірлер айтуға болады:
біріншіден, оқушылардың көбі жаңа ақпаратты мұғалімнің баяндау және түсіндіру жолымен қабылдағанды жөн көреді;
екіншіден, берілген ақпаратты меңгеру кезінде пайда болуы мүмкін барлық жеке жағдайларды болжау және бағдарламалық жүйенің оларға реакциясын ңарастыру мүмкін емес;
үшіншіден, оқу тактикасын машина анықтайтын жағдай, ал адам оған бағынышты жағдай ең өрескел педагогикалық және психологиялық қате болып табылады.
Сонымен, егер жоғарыда айтылған оқу үрдісіндегі рольдерде бөлу сүлбесін қабылдасақ, онда жаңа ақпаратты оқушыларға беруге бағытталған бағдарламаның мұғалімге керегі жоқ екенін мақұлдаған орынды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Белгісіз жан

Жаздың бір күнінде менің ішім пысып өзім интернет арқылы 1 мир ашып алдым.Оган өзімнің толық аты-жөнімді жазбадым.Фотоға интернеттен әдемі 1 қыздың суретін қойып қойдым.Басында өзіме ұнайтын баланың атын жазып поисктан іздеп көрдім.Оның атына ұқсайтын аттар көп шықты.Солардың ішінен 1 сүйкімді балаға дружба жібердім.Ол мени қабылдады.Мен ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін.Ол бала маған көбіне орыс тілінде жазатын.Өзінің ұлты қазақ болсада орысша сөйлеп,орысша оқыған.Сонымен ол баламен күнде сөйлесіп жүретінмін.Күндердің күнінде оның достары маған дружба тастады.
-Салем сұлу қыз деп бір баланың атынан хат келіпті.Мен оның авасына қарап түрін онша ұната қоймадым.Ол маған күнде смс жазатын.Мен оған кейде қолым тигенде,ішім пысқанда жауап қайтаратынмын.Ол маған мақтаншақ,өзімшіл боп көрінген.Ал ондайлар маған мүлде ұнамайтын.Ол маған күнде смс жазуын тоқтатпады. 1 айдай сөйлесіп ол жоқ боп кетті.Бір күні агентте отырсам сол жаннан хат келіпті.Салем,қалайсың... -сонымен екеуміз 2 күндей тағы сөйлестік.Келесі күні ол менен номерімді сұрады.Мен ол кезде басқа қалада болатынмын.Ішім пысып отырғаннан сөйлессем сөйлесіп көрейінші деп номерімді бердім.Ол маған телефоныма қоңырау шалып, күнде сөйлесіп телефонмен сөйлесіп тұрдық.Мен ол баламен басқа қыз боп сөйлесіп жүре бердім. 1 күні кешке ол маған звандап ұйықтардың алдында өлең айтып берді.(Қайырлы түн,жаным!)Мен ол балаға бауыр баса бастадым.Ол маған ертесі күні звандағанда оған маған енді хабарласпауын өтіндім.Ол Неге,не үшін деп таң қалды.Мен оны алдап жүргенімді айта салғым-ақ келді.Бірақ мен оған мен тез бауыр басып қалам,сондықтан сөйлеспегеніміз абзал дедім.Ол маған сол кезде телефонмен өз сезімін білдіріп,жауабын менен сұрады.Мен оған келісімімді бердім.1 күн сөйлестік.2-ші күні ар-намысым шыдатпай оған бар шындықты жайып салдым......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0