Қазақша ертегі: Жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.

Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен танып құлап түседі. Оны қоршап тұрған нөкерлері қорқып қалады. Тек данышпан қария ғана бетіне су бүркіп, ханның есін жиғызады. Басу айтып....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Қу түлкі мен қасқыр / Хитрая лиса и волк

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Балалары жоқ, екеуі ғана өмір сүріпті.

Бір күні шал:

– Кемпір, бүгін бәліш пісір, ал мен біраз балық аулап келейін, – деп киіне бастайды.

Сыртқа шығып, шананы атқа ерттеп, балық аулауға....
Ертегілер
Толық
0 0

Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар

Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс – адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары.

Әлемдегі барлық мемлекеттер өз балаларының, жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Патшаның қызы неге бақытсыз

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Күн астындағы Күнікей сұлу

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндердеешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүіріп, бір күндері шешесіне келіп:
- Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? - дейді. Шешесі:
- Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, - дейді. Бір күндері бала далада ешкілерін жайып жүріп, алтын мүйізді шұбар киікті тағы да көреді. Сол арада бала әлгі шұбар киікті ұстап алады. Ханға алып....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша аңыз әңгіме: Аруақтарға құран оқу

Аруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясында» мынадай аңыздар бар.

Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына болатын. Тәңірі тағала түр-түсі, шет-шегі, бет-келбеті, салмағы, мекені болмайтын мәңгілік құбылыс. Құдай өзінің құпиясын ашып, рухани қазынасы мен шарапатын он сегіз мың ғаламға тарату.....
Әңгімелер
Толық
0 0