Аймақ та аймақ, аймақ көл Дария болып шалқымас Аяғы төмен аққан соң. Айдан жарық нәрсе жоқ - Сәулесі түспес жаһанға Қараңғы түнек жапқан соң. Арыстаннан күшті....
32 жасында АҚШ-тың төртінші ең бай адамы атанған Марк Цукербергтің шотында бүгінде 60 млрд доллар бар. Әйгілі миллиардердің бұл миллиардтарды қайда жұмсайтынын nur.kz порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру; 2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. 3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету. Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары. Тәрбие сағатының барысы. Серік Арайлым «Аққу» биі
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. 2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді 1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның, Әке деген - тірегі ғой ғаламның, Әке деген – бойыңда аққан қаныі да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.