Дипломдық жұмыс: Қаржы | САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi. Аталмыш проблема салықтық базаның және салықтарды есептеу сұрақтарын, сондай-ақ салық салудың хұқықтық аспектiлерiн қалыптастыру мәселелерiн қозғайды. Бiздiң ойымызша, бұл мiндет салық салу жүйелерiнiң құрылымын оптимизациялау негiзiнде шешiлуi керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Отбасының берекесі бәрінен де қымбат (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалу мәдениеті. Мейрамдар»
Сабақ тақырыбы: Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.3 Отбасылық құндылықтарды анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Бақытты отбасы белгілерін анықтау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру әдістерінің көрсеткіштерін талдау

Кіріспе
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез- келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің мауысымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорында өнім сапасын

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Бұл реферат тақырыбының өзектілігі ҚР – ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекегеқабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды. Өнімнің сапасын және техникалық деңгейін жетілдіру – ҒТП–ның және өндірістік тиімділіктің артуына, сонымен қатар экономиканың интенсивті дамуына, отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігін және елдегі халықтың өмір деңгейінің өсуіне жол ашады.
Өнімнің сапасын көтеру – кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП–ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз.
Өнімнің бәсекегеқабілеттілігі негізгі екі фактор арқылы анықталынады: 1. Өнімнің бағасы
2. Өнімнің сапасы
Қазіргі таңда өнімнің сапасы бірінші орынға қойылуда. Сондықтан кәсіпорында сапа менеджментін енгізу өзекті мәселе ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке тұлғалардың төлейтін салықтары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы экономиканы мемлекеттік басқару құралы ретіндегі құқықтың ролінің кеңейе түсуімен сабақтасады. Бірақ, құқық өзінің реттеуші функциясын тек мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде салықтық қызмет саласында да, талаптары қатаң сақталынғанда ғана тиімді атқара алады.
Мемлекеттің салықтық қызметі мемлекеттің кірістерін салық төлеушілер есебінен қалыптастыруға бағытталған. Себебі, мемлекеттің бюджетінің негізгі бөлігі салықтардан, басқа да міндетті төлемдерден қалыптасады. Сондықтан, салық заңдары заңды тұлғалармен жеке тұлғалар төлейтін салықтардың біршама бөлігін бекіткен.
Тарихтағы салықтық саясатқа көз жүгіртетін болсақ, салықтардың көп алынуы мемлекеттің қазынаны тиімді түрде толықтыруды қамтамасыз етпейді. Оған әсер ететін бірнеше факторлар бар. Мысалға алатын болсақ, салық төлеушілермен мемлекеттің мүдделерінің балансының бұзылуы, салықтардың түрлерінің көптігі, салық ставкілерінің көптігі, салық заңдарының тұрақсыздығы, салық төлеушілердің салық заңдарын жетік білмеушілері, т.б.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Қазақстан Республикасындағы еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

Кіріспе
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі

Кіріспе
Қазіргі жағдайда дәстүрлі басқару әдістері тұрақты істеп тұрған кәсіпорындарға бағдарланған болғандықтан қажетті нәтиже бермейді. Кәсіпорындардың басым көпшілігі уақытша қиындықтарға ғана емес, тұрақты қауіпті ситуацияларға душар болып отыр. Осыған байланысты кәсіпорындарды кризистік жағдайға жеткізбейтін басқарудың әдістері мен формаларын табу және іске асыру өзекті мәселесі болып табылады. Бұл кезде жүзеге асырылған және ғылыми негіздерге іс - шараларда жүргізілетін тәуекелдерді басқару қарастырылады.
Көптеген салалардың кәсіпорындары адамға да, қоршаған ортаға да потенциалды қауіпті, төтенше оқиғаларды, аварияларды тудыратын, толассыз экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге жетудің ықтималдық дәрежесі жоғары болып табылады. Адамның кез — келген іс - әрекеті қауіп — қатер көзі болып табылады, шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін және экологиялық тәуекелмен байланысты боладьь,
Экономикалық әсер етудің механизімінің әкімшілік басқару әдісіне бағынуы, экологиялық мәселелерді түбегейлі шешетін жана технологияларды қолдануды ысырьш, тез іске асыратын табиғатты қорғау іс - шаралары арқылы экологиялық қайшылықтарды шешу, экономикалық жағдайды жақсартпайтын табиғатты қорғау іс-әрекеттерге кәсіпорындардың бұрыс қарауы жалпы алғанда республикадағы экологиялық жағдайдың нашарлануына әкеліп соқтырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

І КІРІСПЕ
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валюта¬сы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Осылар ескеріле отырып, 1 бөлімде мемлекеттік бюджет туралы түсінік және оның экономикалық мәні, кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы, бюджет тапшылығы және балансы туралы қарастырылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік – экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Ел бюджетінің құрылымы сол елдің құрылымымен байланысты. Осыған орай 2 бөлімде Қазақстан Республикасының мелекеттік бюджет жүйесінің құрылымы туралы толық айтылған.
3 бөлімде, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру маңызды орын алады. Бұл бөлімде бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу саясаты сипатталады. Қазіргі бюджетаралық қатынастар механизмін талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, аймақтардың қаржылық өз еркіндігі ынталандырылмайды, бюджеттік қаржылардың ағымдары ұлғаюда. Субвенциялар мен мақсатты трансферттерден басқа, республикалық бюджеттен облыстарға бюджеттік несиелер қайта бөліну ықтимал. Бұл жағдайда бюджетаралық қатынастарды ары қарай реформалау қажеттігі туындайд ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫ

Қазіргі кездегі шығарылатын кез-келген байланыс аппаратураларында: радио, теледидар, телефон, телеграф, көпканалды байланыс аппаратураларды, сонымен қатар бақылау және өлшеу аппаратураларының құрамында әр түрлі цифрлық қондырғылардың сан алуан микросхемалары кездеседі. Келесі уақыттарда олардың қолданылуы кеңейіп, бұдан да көбейе түспек.
Цифрлық техниканың негіздері. Цифрлық сигналдар туралы жалпы мәліметтер.
Кез-келген цифрлық қондырғыларда біз сигналдың екі түрін кездестіреміз.
1. Логикалық 0
2. Логикалық 1
Бұл цифрлық сигналдар екі түрде көрсетілуі мүмкін.
1. Бірінші түрі – потенцилдық – бұл жағдайда логикалық 0 сигналына бір кернеу деңгейі, логикалық 1 сигналына басқа кернеу деңгейі сәйкес келеді. Бұл түрінде барлық цифрлық қондырғылар екі топқа бөлінеді.
1.1. Оң логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына төменгі кернеу деңгейі, ал 1 сигналына жоғарғы кернеу деңгейі сәйкес келеді. Оң логикалық сигналы бар цифрлық қондырғылар өте жиі кездеседі. Цифрлық қондырғылардағы кез-келген хабар логикалық 0 және логикалық 1 сигналдарының белгілі бір сандарының х х х х х кезектесіп ауысуы түрінде көрсетілуі мүмкін. Хабарларды беретін цифрлық сигналдардың бұндай комбинациясы кодтық сөз немесе жай код деп аталады.
1.2. Теріс логикалық – бұнда логикалық 0 сигналына жоғары кернеу деңгейі, ал логикалық 1 сигналына төменгі кернеу деңгейі сәйкес келеді.
2. Екінші түрі – импульстік – бұл жағдайда логикалық 1 импульстің бар кезі ал логикалық 0 сигналына импульстің жоқ кезі сәйкес келеді.
Цифрлық техникада импульстік сигналдар ретінде импульстік генераторлар шығаратын тік бұрышты импульстер қолданылады. Кез-келген импульстік генератор автотербеліс режимінде бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын біркелкі импульстерді шығарады. Осындай цифрлық қондырғылардың бірі процессорлық қондырғылар.
Процессор – бұл қажетті бірізділікпен белгілі сан операциясын автоматты түрде орындайтын қондырғы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0