Ұлы Отан соғысықазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б. Момышұлы “Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды” деп өз ойын айтып еді.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы – өмір аясы Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру; 2. Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалыққа баулу. 3. Отбасы мен ата-ананы бағалауды үйрету. Жабдықтандыру: компьютер, мультимедиалық жабдықтар, оқушылардың бірігіп жасаған шығармашылық газеталары. Тәрбие сағатының барысы. Серік Арайлым «Аққу» биі
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-Жүргізуші: Отбасы күніне арналған «Отбасы - өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер! 1-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. 2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді 1-жүргізуші: Әке деген - биік шыңы адамның, Әке деген - тірегі ғой ғаламның, Әке деген – бойыңда аққан қаныі да, Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.