Жанар Ибраева Жеңісқызы, Астана қаласы, № 68 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағат тақырыбы: Ана — өмірдің гүлі Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. 2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. 3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу. Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі. Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген. (Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).