КIРIСПЕ Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады. Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады. Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр. Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2]. Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты. Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады. Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар. Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
1.1.1 Қазақстанның нан пісіру өндірісі және оның даму жетістіктері
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы бойынша Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында үкімет аграрлық секторды қолдаудың лайықты деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жүйелі бейімдеу шараларын іске асыру керек. Сондықтан да биотехнология бағыттарын дамыту керек.Ашыту өндірісінде престелген және құрғатылған ашытқы өндіріледі. Негізінен олар нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витамин өндірісінде D және B2 витаминдерін алуда, медицинада-бір қатар емдік препараттарды, нуклеин қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологияда-қоректік орталарды дайындау үшін қолданылады. Бүгінде алдына қойылған маңызды мақсаты болып: ауыл шаруашылығының өсімдік культурасын және жануарлардың өнімділігін жоғарылатуға, ауыл шаруашылық культураларының жаңа түрін құру, қоршаған ортаны қорғауға және минералды ресурсты алуда, энергияның пайда болуына жаңа экологиялық таза процестерді құруға қалдықтарды тұтыну болып саналады.Кез келген биотехнологиялық процестердің маңызды мақсаты болып технологияны және оның аппаратураларын ғылыми негізде оптимизациялау және өңдеу болып саналады Ашытқы заводтары жеке кәсіпорын ретінде өткен ғасырдың ортасында пайда болған. Ашытқы өндірісінде негізгі шикізат ретінде ашытқы ....
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор. Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы. Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2]. Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан. ....
1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы 1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
КІРІСПЕ 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған. Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.....
Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. Бауыржан Момышұлы «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында басты мақсат – Қазақстандық патриотизмге нақты тоқталған. Қазіргі таңдағы еліміздің өркендеуіне тек патриоттық тәрбие, патриоттық рух, патриоттық білім менпатриоттық сана арқылы ғана қол жеткізуге болады. Расында да қоғамның қай саласында табысқа жеткізсеңіз де тек патроитизм арқылы ғана жеткізесіз. Алдымен патриотизм дегеніміз не?......
"Ақпарат" (информация) термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады. Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, қүрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Қазіргі қоғамда ақпараттық қоғам деп атау жиі қолданылып жүр, себебі қоғамда айналымда жүрген ақпарат мөлшері үлкен жылдамдықпен артуда. Сонымен қатар мол ақпарат мөлшерін сақтап , өңдеп, тасымалдап және оларды тиімді пайдалану үшін қажетті техникалық құралдардың күннен-күнге жаңарып , өсуі де кем қолмайды. Ақпараттың осындай жылдамдықпен айналуы қоғамдағы барлық өндіріс орындарында, әлеуметтік салада, экономикалық және саяси өмірде жақсы көмегін тигізеді. Сонымен қатар адамзаттың білімінің деңгейін көтеру талабын қойып отыр. Компьютерлік техника мен ақпараттық технологияның жылдам дамуы. Ақпаратты пайдаланушы ақпарат қоғамның дамуына зор әсерін тигізуде ....