Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру. Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген. Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады. Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына септігін тигізбек. Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....
Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір адамзаттың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді......
Қоғамның дамуындағы электр энергиясының рөлі маңызы елеулі орын алатындығы көпшілікке мәлім. Өндірістің, көліктің әр түрлерінің, ауыл шаруашылығының, байланыстың және тұрмыстың барлық салаларында электр энергиясы пайдаланылуда. Элекрт энергиясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық, жылу, химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы. Электр энергиясы кез–келген қуаты бар қабылдағыштарға оңай таралады. Байланыс техникаларындағы, автоматикадағы және есептеу техникаларындағы қолданылатын қондырғылардың пайдаланатын қуаттың өлшемдері ваттың үлестерімен есептелінсе, электрлік қондырғыларда (двигательдерде, жылытқыш қондырғыларда) қуаттың өлшемдері мыңдаған және он мыңдаған киловатты көрсетеді. XIX және XX ғасырларда электр туралы ілім даму үстінде болды. Мұнда көңіл аударатын мәселе, электртехниканың дамуының алғашқы сатысында, ол физикалық тарауы ретінде жүріп өрбіді. Ломоносовтың және оның досы Рихманның, сол сияқты Франклиннің, Гальванидің, Вольтың және т.б. электр энергиясының көзі (вольттің бағанасы, гальвани элементері) және жайтартқыштарды ойлап табудағы жасаған зерттеу жұмыстары, электрлік құбылыстарды жүйелі түрде зерттеудің бастамасы болды. В.В.Петров электр тізбегіне тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде ол 1802 ж. Атмосфералық қысым жағдайында екі көмір электродтарының арасындағы электр доғасын тауып және оны зерттеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері "Галъвани вольттік тәжірибелерден хабар" атты кітапта жарық көрді (1803 ж). 1819 ж. Эрстед электр тогының магнит тіліне механикалық әсерін тапты, ал Ампер 1820 ж. тогы бар соленоидтың магниттік қасиетін ашты. Сонымен, токтың жүрісі магниттік құбылыспен ұштасатыны белгілі болды. 1831 ж. М.Фарадей электрмагниттік құбылыспен индукция құбылысын ашып, оны тұжырымдады. Электрдинамиканың фундаменталдық принципінің яғни, электромагниттік инерция принципінің көрінісі болатын, индукциялық токтың бағытын анықтау ережесін 1833 ж. Э.Х.Ленц тағайындады. 1844 ж. Ленц өз бетімен Джоульдан тәуелсіз, Джоуль-Ленц заңы деп аталатын, электротехниканың маңызды заңын ашты. XIX ғасырдың екінші жартысында, электр және магнитизм жөніндегі тәжірибелерді теориялық жағынан қорытындылаудың нәтижесінде, Дж.Максвелл кеңістікте таралатын, электромагниттік өрістің болатындығы жөнінде болжам жасады. Оның жасаған өріс теориясы, 1873 ж. шыққан, "Электр және магнетизм туралы трактаті" деген еңбегінде жарық көрді. Г.Герц 1888 ж. жариялаған еңбегінде, кеңістікте таралатын өрістітәжірибе жүзінде дәлелдегенін хабарлады. Алайда, Г.Герц және сол заманда электромагниттік өрісті зерттеген көптеген ғалымдар, өздерінің лабораторияларының шегінен шыға алмады, электромагниттік толқынды сымсыз байланысқа қолдану жолын ойластыра алмады. Мұндай мақсатты алғаш рет ойдағыдай шешкен атақты орыс ғалымы А.С.Попов болды. Ол дүние жүзінде алғаш рет радио байланысты 1895 ж. жүзеге асырды. Радионың ашылуы адамзат тарихында жаңа дәуірдің бастамасы болды. ....
Тақырыптың маңыздылығы: астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қаіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады. Арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3]. Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7]. Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың епс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді. Осыған сәйкес, оңтүстік облыстар (мысалы, Қызылорда облысы) қатты және күшті бидайды немесе оның ұнын солтүстік аймақтан сатып алуда. Сондықтан егіншілікті әртараптандыру (диверсификаииялау) бағдарламасына сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде жаздық бидайдың егіс көлемін 20-25 мың гектарға дейін ұлғайтып (бұл 1981-1990 жылдарғы егіс көлемі деңгейі), аталған дақылдың өсіру технологиясын жетілдіру арқылы сапалы астық мөлшерін арттыру керек. Бидайды өсіруге Арал өңірінің топырақ-климат жағдайы қолайлы, біра ....
Пән:қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасым және достарым Сабақ тақырыбы:Менің отбасым және достарым Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Берілген тақырып бойынша сөйлеу Сөздік қорды толықтыру Сабақ мақсаты: 1.2.2.1 сурет/үлгі бойынша 1-2 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою 1.2.1.1 сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтып қолдану ....
КІРІСПЕ Халықаралық еңбек бөлінісінде көліктік салаға ерекше көңіл бөлінеді, себебі кез-келген елдің халықаралық экономикаға интеграциялану мүмкіндігі және мерзімі осы көлік жұмысына тікелей байланысты. Өзінің “Transprotation” атты еңбегінде американдық экономист Джон Койл былай деп жазады: “Көлік өркениетті адамзат үшін әлемдік хаосты ретке келтіру құралы болып табылады. Адам өмірі күрделенген сайып көліктік қызметке деген қажеттілік өсе түседі”. Көлік экономикалық қатынастың барлық түрлеріне қызмет көрсетеді. Елдер арасындағы халықаралық экономикалық байланыстардың одан әрі дамуы халықаралық саудадағы жүк ағымы қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесін алға қояды. Евразия континентінің орталығында және Европа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттік жоғары потенциалдық-транзиттік мүмкіндіктерді тиімді қолданумен байланысты. Қазіргі шаруашылық әрекет жағдайы көліктік қызмет түрлеріне жаңа талаптар қояды. Ырғақтылық, реттілік, үздіксіздік, сенімділік, өнімді өндіріс орынынан тұтыну пунктеріне жоғары жылдамдықпен, әрі минималды жоғалтумен жеткізу – экономикалық байланыстарды тиімді және сапалы көмікпен қамтамасыз етудің басты шарттары болып саналады. ....
Кіріспе Қазіргі қоғам басқаруды қажет етеді. Басқару-бұл қоғамның жүйелі түрдегі іс-әрекеттерін ретке келтіру немесе әсер ету құрылымының қызметі. Әсер ету-жаһанданудың сондай-ақ қоғамдық проблемаларды шешудің нақты тәсілі мен формасы. Әсер ету мақсаты-объектінің, субъектінің, қалыптасудың, әлеуметтік процестің қызметін оңтайландыру. Әлеуметтік процесс технологизациясының айырмашылығы: 1) Әлеуметтік жұмыстың ішкі өзара байланысты этаптарын, фазаларын операцияларын бөлу және шектеу процесі; 2) Нәтижеге жетудің координациялық, этаптық ықпал етуіне бағытталған; 3) Технологияның процедурасы мен операциясындағы бірізділікті орындау. Әлеуметтік технологизация әлеуметтік технологияға негізделеді. Әлеуметтік технологиия 2 аспектіде қарастырылады. 1) Бағдарламаның процедуралық және операциялық мазмұны; 2) Осы бағдарламаға сәйкес құрылған іс-әрекет. ....
Зертеудің өзектілігі. Жас жеткіншектердің дене тәрбиесі Қазақстан Республикасы мемлекеті мен үкіметінің қашанда маңызды міндеттерінің бірі болып келеді. Республика Президенті мен үкіметтің жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге арналған қамқорлығы (оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаларды нығайту, педагогикалық мамандардың кәсіпкерлігін арттыру) бірқатар шешімдер мен қаулыларда өзінің жарқын көрінісін тапты. Қазақстан Республикасы барлық тарихи кезеңде ұлттық саясатты өрбітуге және де оны жетілдіру мен қалыптастыруға әрдайым көңіл бөліп отырды. Қазақстан Республикасында олимпиадалық ойындар бағдарламасын құрайтын және де жалпы халықтық байлықтың мүддесіне айналған дене күші жаттығулары көп. "Президенттік сынама" Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің, жалпы халықтың маңызына ие болып отыр. Жалпы халықтық және ұлттық мәдениет сәйкестігі мен олардың өзара байлық бірлестігі осылардың кеңінен дамуына жол ашуды құрайды. ....