Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптер оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өмір сүру қабілеті шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері,
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Өмір сүру қабілеті шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері анықтайтын әдістемелерді іріктеп талдау , оларды қазақ тобына бейімдеп аудару.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Өмір сүру қабілеті шектелген баланы тәрбиелеу әдістері мен қағидалары және тәрбие әдісінің топтастырылуына байланысты болады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні: Тәрбие түрлері, тәрбиенің ерекшеліктері және заңдылықтары мен қағидалары жайлы қазақ тіліндегі әдіснамалық теориялық материалдар толықтырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Еркіндік құндылық ретінде

Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
"Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі - зияткерлік ойындар. Оның - жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар - тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.
Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.
Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.
Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.
Ғылыми жаңалығы:....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ

Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi

Прокуратураның пайда болу және даму тарихы ежелгi дәуiрлерден басталады. Оның негiзгi қызметтерiнiң белгiлерi ежелгi Шығыс, Греция және Рим мемлекеттерiне таныс болған. Мысалға “Прокуратура” түсiнiгi латын сөзi “procuro”, “қорғаймын, қамтамасыз етемiн, алдын аламын” деген мағынаны бiлдiредi. Мемлекет пайда болғалы, үстем таптардың мүдделерiн қорғау үшiн “procuro” қызметiн атқаратын институттар пайда болды.
Ежелгi және Орта ғасырларда дәлме-дәл прокуратураға ұқсас институттар болған жоқ. “procuro” қызметiн ақсақалдар, ру басшылары, монархтар тiптi мемлекеттiң азаматтары да жүзеге асырған болатын. Бiртiндеп заңды қорғау механизмi дамыған сайын прокуратураның белгi үлгiлерi қалыптаса бастады.
Прокуратура институтының құқықтық жүйедегi алатын орны айқындалған кезде. Мемлекет оғаннақты қызметтер мен өкiлеттiктердi бере бастады. Мысалы, ежелгi Грециядағы халық жиналысында арнайы номофилактар коллегиясы заңдарды қорғау қызметiн атқарған, синофактар институты сотта айыптаумен айналысқан. Римде патрицийлерден қорғану үшiн халық трибунаты құрылды /плебейлiк магистратура/. Оның қызметiне заңдарды қорғау мен соттағы бәсекелестiктi қамтамасыз ету кiрдi. Бiр уақытта, әр түрлi лауазымды тұлғалар мен институттар арасындағы бытырап жатқан “procuro” қызметi бiрiгу жолына түскенде. Прокуратура институты толық құрылып, бүкiл қоғам мүдделерiн қорғай алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары

Кіріспе
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0