Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай «Отыз бірінші қара сөз» (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай «Отыз бірінші қара сөз»
Оқу бағдарламасына сілтеме: Б/С2.Заманауилығы мен жаңашылдығы
6.3.2.1-кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтайды
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
кейіпкерлер жаңашылдығынының автор идеясынан туындағанын бағамдайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
шығармада көтерілген проблемаларды айқындайды;
автор өмір сүрген заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз» «Жетінші сөз» «Отыз бірінші сөз» (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
Сабақтың мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті сыны

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын сөз еткенде, оның коммунистік партияның тікелей басшылығына сүйеніп өмір сүргенін атап айту қажет. 30-жылдардың басында әлі республика басшылығында отырған Ф.И. Голощекиннің әдебиетте жік бар, соны әшкерлеп жою керек деген «нұсқауына» сәйкес, 1930 жылдың басында баспасөз бетінде «жікшілдіктің» сырын ашу мақсатымен айтыс ашылды. Бұл пікір талас «жікшілдікті» жоймақ түгіл,қайта ушықтыра түсті. Әдеби сынды көркем шығарманы сынау үшін емес,жазушының өзін сынауға пайдаланып,сынды сынампаздыққа айналдырып жібереді. Мерзімді баспасөз бетінде «жікшілдікті» жоюға арналған Ғ.Мүсіреповтың, Ә.Мұсаұлының, І.Жансүгіровтың, С.Мұқановтың мақалалары жарияланды. Бұрыннан келе жатқан «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық» сияқты атауларға, «сәкеншілдік», «бәйдіндилшілдік», «жансүгіровшілдік», «сәбитшілдіктер» қосылып,көбейе түсті. Жалпы,осы «жікшілдікке» байланысты жарияланған мақалаларда бір-біріне орынсыз кінә тағу, тіл тигізу сипат алған. [1; 59-86б].
Әдеби сындағы жағдайдың ушыққандығы соншалық, жазушылар бір-бірінің шығармаларының ішінен «тырнақ астынан кір іздегендей» болмашы кінәраттар тауып алып, оны халыққа, партияға қарсы «ұлтшыл», «халық жауы» етіп көрсетті. Мағжанның, Ахметтің, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқа шығармаларына тиым салынды. Әдебиет көшін бастаушылардың барлығы дерлік қуғынға ұшырады. Шығармада жас бала жыласа, «ол неге жылайды?» -деп күдікпен қарады себебі: «Кеңес Одағында ешкім жыламауы керек». Көркем туындының тағдыры «пролетариат», «кеңес», «партия», «кедей», «жалшы»деген сияқты сөздердің бар-жоғына қарай шешілді. Көркемдік категориялар елеусіз қалып, саяси бағытты ашу сынның басты міндеті деп ұғынылады. Көркем шығармаларды бағалағанда ол жазушылардың топтық шығу тегімен байланысты қаралды. Пролетариат әдебиетін тек «таза» пролетар жазушылары жасай алады деп түсіндірілді [3; 38б]. Жазушы шығармашылығын бағалауда «ең алдымен, біздің тексеретін мәселеміз кімнің қандай жазушы екендігі», «өлшеу: жазушы әдет, салт-сана, әдет-ғұрып тұрғысында пролетариат болып тууы бірінші шарт» делінді. [2; 123б].
Ә. Мұсаұлы осы өлшеміне сүйене отырып, Сәкен мен Сәбитті пролетариат жазушы емес деп тапқан. Сөйтіп, құрылыстың жұмысшы тобына шыққан еңбек ерлерін, колхозшыларды ол көрмейді. «Сейфоллаұлы коммунист бола отырып, көп реттерде байшылдық салдарынан шыға алмаған...»-деп жазды Әйтіке мақаласында.
«... ол жасөспірімдерді өз руын басқа рудан жоғары көтеруді міндетім деп білген ескі батырлардың әдемі дене құрылысынан үлгі алуға шақырады. Дене шынықтыру кезінде пионерге өгіздей қара күші бар Қажымұқанды үлгі етіп тартады. Сейфоллаұлының ескі ауылды сүйетіндігі сонща, кітабына Қажымұқанның суретін салдырады [4; 254б].
Ол С.Сейфуллинмен бірге Ғ.Тоғжановтың да кемшіліктерін көрсетуге біраз көңіл бөлген.Оны Ахмет Байтұрсыновты жеткілікті сынамады, сыни еңбектерінде Плехановтың пікірлерін пайдаланады-, деп кіналаған. «Мұны негізгі Тоғжанұлының әлі партияға жат ұлтшылдық-байшылдық әдеттен босана алмағандығынан шығады» деп, саяси сойылын тағы да сермеп өтеді. Ал Ахмет Байтұрсыновты қалай сынау үлгісін де өзі көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0