Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Сабақ тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.5 Соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау Сабақ мақсаттары: Соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің жетістіктерін білу, соғыс жылдарындағы шығармалардың басты тақырыптарын талдау, халықтың рухын көтерудегі маңызын бағалау.....
Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған. Жанды-жансыз бар табиғат түнерген, Әр кеудеде бір шер барын білсем мен. Қан майданда ерлік етсе біреулер, Қарсы жауға біз де шықтық түренмен. М.Мақатаев 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі шартты бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ең ауыр соғыс басталды. И.В.Сталин 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Тарихи әдебиетте бұл соғыс "Ұлы Отан соғысы" деген атқа ие болды. Ұлы Отан соғысы жағдайында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге, соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды. Малшылар да аянбай еңбек етті. Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайында техниканың жоқтығы миллиондаған бас малды жем - шөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. Тамақ өнеркәсібі жоғарғы қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жеткізді. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілігі майданға аттанды. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы, аянбай қиян-кескі шайқастар жүргізді.......
Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан отбасынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ, маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін. Отан менің барым да бағым да. Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер ғажайып сөз. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз елін, жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қасық қаны қалғанша жаудан қорғап бүгінгі ұрпақ бізге жеткізді. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Нәзік, сүйріктей саусағына ине ұстап, қолаң шашын еркелей тараудың орнына қолына суық қару алып елін, жерін қорғауға шыбын жанын шүберекке түйіп қаншама ару қыздарымыз ер азаматтармен бірге қан майданға аттанды емес пе? Әлия, Мәншүк, Бауыржан сынды аға - әпкелеріміз осы еліміз үшін жанын қиюға әзір еді. «Қазақ елін, қазақ жерін тек қазақ қана басқаруы тиіс. Біздің басшымыз тек қазақ болсын» деп барша қазақ жастары ұрандап, жүректерінде от лаулап алаңға шыққан Ләззат, Қайрат, Жазира сынды жастарымыз осы тәуелсіздігіміздің нышаны емес пе? 1986 жылғы оқиға халқымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке бастама болды. [justify][/justify].....
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде. Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады. Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ. Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының шаруашылығының дамуына тигізген кері әсерінің салдарын анықтау.
Отанның намысы үшін оттан қашпа, Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа, Тайсалма бар Отанның құрбаны бол, Өмірің орынсыз боп кетпес босқа. Мұхтар Шаханов
Адам баласы өмірге келгеннен бастап, оның Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бойында оянады. Анасы жас сәбиге бесік жырын айтып, сәбидің құлағына патриоттық сезімді құяды. Есейгенде еліңді, жеріңді қорғайтын ержүрек бол, ˗ деп ақ тілек тілейді. Ата-бабаларымыз аласапыран, қиын-қыстау, сан ғасырлық сұрапыл оқиғаларда ақ найзаның ұшымен жерін, елін қорғады. «Отан ˗ отбасынан басталады», ˗ деген мақал текке айтылмаған. Патриоттық сезім жанұяда қалыптасады. Адамзаттың бойындағы осы асыл қасиетті сезім оны ерлікке, Отан үшін жанын пида етуге жетелейді. Отанның арқасында әрбір адам баласы тіршілік етіп, дамып, ұрпағын қалдырады. Отан сүйгіштік ˗ кісінің тұла бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық игілігіне жұмсайтын ерекше сезім. Қай елдің адамы болса да, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең аяулысы ˗ Анасына балайды. ......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кері тригонометриялық функциялар Сабақтың тақырыбы: Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс анықтамалары мен мәндері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.3 Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс анықтамаларын біледі және олардың мәндерін табады; Сабақ мақсаттары: - кері тригонометриялық функциялардың ұғымын беру, түсіндіру; -кері тригонометриялық функциялардың геометриялық бейнесінің ұғымын беру; -кері тригонометриялық функциялардың мәндерін есептеу, табу тәсілдерін түсіндіру;.....
Мамыражай бейбіт таңның бірі еді. Кенет батыстан от шарпыған қара түтін бұрқ етті. Дүниедегі өмір сүйгіш,тыныштық сүйгіш жүректер солқ етті.Адам да, жан-жануар да,жаңа ғана гүлге орана бастаған дала да күңіренді.Аналар аңырап,азаматтар күрсініп, балалар ұлардай шулап жатты. Әдемінің бәрін түтінге орап,тәтті сезімдерді мұңға айналдырған неміс фашизмі ашқан соғыс еді... Осы қанқұйлы соғысқа біреу жалғыз ұлын,біреу бауырын ,енді біреу сүйікті жарын қимай аттандарды. Отан қорғау-ұлы міндет. Бірақ тыныштықты, әсемдікті аңсаған Әйел-Ана жүрегі соғыс деген сұрапылға ерлерді езіле, егіле аттандырып жатқан-ды.Сол аттанған ердің бірі менің атам-Айтжан Ділешұлы. Айтжан атам 1917 жылы 1 қаңтарда Орда құмында дүниеге келген. Арғы аталарынан сынықшылық қасиет қонған отбасында үш қыз (апалары Нұржамал, Жұмаш және қарындасы Сақила) және жалғыз ұл менің атам- Айтжан тәрбиеленіп өскен. 1938 жылы әскерге шақырылған, атам Прибалтикада әскери қызметін өтеп, 1940 жылы елге оралған соң «Әжен»№88 түйе заводында бригадир болып қызметке тұрады. 1942 жылы соғысқа аттанады. Жапонияға қарсы соғыс ашылғанда Қытай халық Республикасында Манчужурияда және Жапонияны фашистерден азат етуге қатысқан.Сол кезде «Жапонияны азат еткені үшін» деген медаль берілген. 1946 жылы елге оралған......
Жатқанда Отан жері отқа жанып, Тұрғанда туысқандар жауда қалып, Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ, Жігіттің неге жүрміз атын алып?! Жұбан Молдағалиев 1941 жылдың 22 маусымның таңы шапағат атып келе жатқан шағы еді... Дала құлпырып көк майса шалғын қыз көйлегіндей желкілдеп, құрбақа шұрылдап, құстары тамылжыта ән салып, шегірткесі шырылдап, адам баласы қолымен жасай алмайтындай табиғи симфониялық таңғажайып кез еді. Осындай мамыражай кеңістік тыныштығын кенеттен шыққан мотоциклдің, машинаның және танктың қосыла шыққан гүрілі әлем-тапырық етті. Бұл - басқыншы Германияның Кеңес Одағына жарияламай, тарихта болмаған күшпен басып кіруі еді. Бұл кезеңде қазақ елі Ресей мемлекетінің отаршылдығында болатын. Жалғыз қазақ емес, тағы да оннан астам мемлекет Ресейге бодан еді. Сол уақыттағы идеологиялық саясат өте қатты қарқынмен жұмыс істегені соншалық, осы соғыстың алдында ашаршылықтан қазақтың жартысы қырылғаны, жазықсыздардың репрессияға ұшырап, атылып түрмеге қамалғаны, тағы басқа зардаптарға қарамастан сол сәтін "ең бақытты елдің азаматтарымыз" деп мақтаныш тұтты. Ақиқатты білетіндер болса, олар үнсіз қалды. Өйткені, қылышынан қан тамып тұрған қанішер Сталиннің жандайшаптарынан зәрезап болғандар бір-біріне сөз айтудан үркіп сақтанатын.......