Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық, саяси бірлігінде. Елімізді сақтасақ, қорғай білсек, кез келген сынақтар мен кедергілерден сүрінбей өтеміз. Н. Ә. Назарбаев.
Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан «Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп, Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!....
Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.......
Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой ...Мүмкүн ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқар Алатаудай болар ма еді !? Иә әр адамға өз отаны мен туған елінен қымбат ештеңе жоқ шығар. Мен де адал сәби жүрегіммен Қазақ жерін мақтан етемін! «Қазақстан» дегенде менің көзіме небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек , қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді !......
Біздің ел – Қазақстан Республикасы – бұл жүзден астам адамдар тұратын ел: орыстар, қазақтар, немістер, украинецтер және т.б. Біздің Отанымыздың үлкен және кіші халықтарын есептеуге өте қиын. Қазақстан – бұл барлығымыз үшін Отан. Біздің көбіміз мұнда туды, өмір сүреді, білім алады, біздің Отанды дамыту үшін жұмыс істейді. Қазақстанда он бес миллион адам тұрады . Мында тұрғандардың бәрі тілді, тарихты және қазақ халқының дәстүрін білуге талпынады.Қазақ халқы өте қонақжайлы және Менің Қазақстаным – бұл ең қымбатты, мәнді,......
Тұнжыраған күн туды, Жау қолқаға ұмтылды; Топыраққа теңемек Ата мекен жұртыңды. Аянатын не қалды? Аяулыны жау алды! Жеріміздің сәулеті Кавказға да таянды.....
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Біздің аталарымыз бен әжелеріміз, Отандастарымыз қаза тапты. Отанымызды қорғау үшін қаншама қан төкті. Отанды қорғау үшін Қарулы Күштер ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы – Президент. Қарулы Күштедің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындалуы, он сегіз жасқа толған әрбір азамат өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылу туралы әрине, өзіміздің Елбасшымыз жарлығында айтып өткен. Қазақстанның Қарулы Күштері құрлықтағы әскер тобынан, Әскери әуе күштерінен және Әскери теңіз флотынан тұрады. Бұлардан басқа Елбасымыздың тікелей өз қарамағындағы әскер тобы – Ұланы бар. «Отанды қорғау – оның әрбір азатының қасиетті борышы және парызы». Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлеріміз қаншама. Олардың Отанды қорғау үшін жанын беріп шайқасқа түскен 100 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер «Батыр» атағына ие болды. Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегилденов және басқа да жауынгер ата-әжелеріміз, аға-бауырларымыз бар. Солардың бірі Әлия Молдағұлова шайқаста қаза тапқан ғұмыры былай болады екен. Шайқас барған сайын қыза түскен. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен соғысты үдете берді. Бір кезде неміс офицері Әлияға тап береді екен. Әлия оны басынан асыра лақтырып жіберді. Шалқасынан түскен жау Әлияны тапаншамен атып қалды. Қапылыста қаза тапқан Әлияны майдандас жолдастары өз Отаны үшін жанын берген Ардагер Жауынгерімізге «Шығыс Жұлдызы»- деп атады. Үкімет Әлияның ерлігін жоғары бағалап, оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Әлия Молдағұлованың ерлігі мәңгі ұмытылмайды........
Еліміздің тұтастығын, оның тынышытығын, яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болсын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді Н.Ә.Назарбаев
Патриотизмнің негізгі элементтерінің бірі – рух не болмаса ұлттық патриотизм. Патриотизм әр пенденің өз Еліне, халқына деген сүйспеншілікке негізделеді. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Әрбір патриот өз отанын қорғауға, халқы мен отбасына тіреу болуға міндетті.....
Өлімі де өнеге ғой алыптың, Лұқпан хакім көз жұмғанда Дөңгелегі тоқтап қалған секілденіп тарихтың, Қайғысында шек болмапты халықтың. Қасіретке кім тұрады арашы, Кім билігін жүргізе алмақ тағдырға? Осы шақта Лұқпан хакім баласы Әкесіне арнап жоқтау жыр жазып....
Отан! Басайын сенің барлық жолдарыңды, Қосайын құстар салған хорға әнімді. Бұлбұлдың әуезіне араласып, Бұл әнім араласын орманыңды. Қалдырмай байтақ елдің сай-қырларын, Тарасын май айында майда ырғағым. Шөптерің шөпілдесіп, бұл ырғаққа Билесін бұлақтарың, айдындарың. Қарасам, қазынаның табам түрін, Күнбағыс — табақ-табақ сары алтының. Әр тасың жай тас емес, гауһар маған, Жақсы әтір — жалбызың мен қалампырың.......
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, аминқышқылдаарынан ғана тұратын ақуыздардың өте аз екендігі дәлелденілді, сондықтан жалпы жіктелу жүйесі бойынша алынған жәй ақуыздары екі топқа бөлінеді: ақиқат және шартты жәй ақуыздарға. Ақиқат жәй ақуыздарға гистондар, альбуминдер, протаминдер жатады. Шартты жай ақуыздарға протеинойдтар, глобулиндер, проламиндер, глютелиндер жатады, олардың құрамына өте аз мөлшерде ақуызға жатпайтын компоненттер (моносахаридтер, дисахаридтер, олигосахаридтер, липидтер, металлдар) кіреді. Гистондар. Бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Гистондар екінші реттік құрылым ғана түзеді, олардың молекулалық салмағы жоғары емес (11000-24000) құрамындағы лизин мен аргининнің сандық мөлшеріне байланысты, гистондардың бес түрі белгілі: H1, Н2а, Н2в, Н3, Н4. Гистондық фракциялардың изоэлектірлік нүктелері 9,5-ДНҚ аралығында болады. Табиғи жағдайда гистондар хроматиннің ДНҚ- сымен электростатикалық байланыстармен байланысқан (көпжасушалы организмнің рН мағынасында гистон оң, ал ДНҚ теріс заядталынған). Гистондар құрылымдық реттеуші қызметтерін атқалы Гистондардың төрт фракциясы нуклесомдарды түзуге, ал Hi фракциясы нуклесомдар арасындағы ДНҚ-ның фрагменттерін орауға қолданылады, яғни хроматинді және хромосомды түзуге жүмсалады Гистондардың реттеуші қызметтеріне, олардың әсерімен ДНҚ-даі РНК=ға берілетін гендік мәліметтердің реттелуі жатады Протаминдер. Бұл ақуыздардың құрамына кіргіш аминқышқылдарының 60-85% аргининнен тұратындықтан, протаминдер өте жоғарғы негіздік қасиет көрсетеді. Олардың молекулалық салмағы төмен, 4000-12000 аралығында болады. Протаминдер ұрықтардың хроматинінің ДНҚ - сымен байланыс түзеді. Осы ақуыздар негізінең барлық сперматозоидтарында кездеседі. Кейбір протоминдер, өздерінің алыну көзіне байланысты аталады. Мысалы: лосось ұрығына алынған протаминдер сальмин, селдь уылдығынан—клупейн, форель ұрығынан — труттин, скумбрия ұрығынан - скумбрин деп аталады. Протаминдер құрылымдық қызметін атқарады, бірақта реттеуші қызметін атқармайды, сондықтан Бұл ақуыздар бөліне алмайтьн жасушалардың (сперматозоидтардың) қүрамына кіреді.....