Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды. Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп, еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі – Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті. Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Тақырыптың актуальдылығы: Қазақстан Республикасы ғаламдық масштабта өріс алып отырған тұрақты даму Концепциясын (Концепция устойчиво го развития) қабылдауға (1) байланысты ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жүйесіне баса назар аударып отыр. Елімізде «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар тұралы заң» 1997 жылы 15 тамыз айында үкіметтің № 162-1 қаулысы бойынша қабылданған (2). Ерекше қорғалатын табиғи территориялар география ғылымының зерттейтін негізгі нысаналары екенін естен шығармау қажет. Осы заңның жобасында ерекше қорғалатын та- биғи территориялар жүйесіне (система) - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемле- кеттік табиғи ұлттық раоктер, мемлекеттік табиғи заказниктер, мемлекеттік таб- иғи ескерткіштер мен қатар зоологиялық парктер мен ботаникалық бақтар кіреді. Ботаникалық бақтар республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылыған еді. Қазақстанның Қызыл кітабына кір- ген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаникалық бақтарда табылады. Сондықтан республиканың табиғатын қорғауда өзіндік орны бар бақтардың географиясын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Ботаникалық бақтарды сондай-ақ экологиялық білім мен тәрбие берүдің ошағы екенін естен шығармауымыз қажет. Себебі мекетп оқушыларымен экологиялық тақырыптағы экскурсиялар осы бақтарда өтіп жатады. Болашақ география пәнінің мұғаліміне республикадағы ботаникалық бақтардың географиясын, олардың бірінен бірінің айырмашылығын білу - кәсіби біліктіліктің бір талабы Диплом жұмысының ....
Патриотизм - Отанға, туған өлкеге деген махаббат, туған жердің өсиеттеріне адал болу. Осы қасиет әр бір қазақтың бойында болса, басымызды тік ұстап, “тек алға” деген ұранмен болашаққа қарауымыз керек. Кез келген адам өзінің ата-бабасы мен қасиетті қазақ қаны, туған өлкемен байланыстырады. Отаншылдық – өзінің халқына, еліне деген адалдық сезім. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ жері қолымызға бабаларымыздың өмірімен, аналарымыздың зарымен, сол кездегі жасөспірімдердің балалық шағын айыр бастауымен келген екенін білеміз.......
Өмірі – ұрпаққа өнеге. Соғыстың аты соғыс қой, Жалмады талай арысты. Мылтықтың оғы босқа ұшпай, Өлім мен өмір алысты Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар және кинолар аталарымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізген. Содан бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы ... . Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр, Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Ардагерлердің жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, жауды жеңіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.......
Отан! Отан! Бәрінен биік екен Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем М. Мақатаев
Сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын, ана тілі мен ділін және басқа құндылықтарын сақтап қалу үшін қилы кезеңді бастан кешірді. Аттары аңызға айналған көшпенділер – сақтар, ғұндар мен көк түркілердің ұрпағы ретінде біз басты байлығымыз – қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ даласы.....
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы. 1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып ,бақ қонып,асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің. М.Мақатаев
Қазақстан, әскер, отаншылдық..... Бұл сөздер - мен үшін өте қымбат, менің өмірім үшін өте маңызды. Бұл сөздердің аясында халқымыздың басынан өткерген қиын да тартысты тарихы жатыр. Сонау жаугершілік заманда жоңғар-қалмақтарының тепкісінде қалып, елінен, жерінен айырылған ата-бабаларымыз еркіндікті аңсады. Шамасы келгенінше күресті, тартысты......
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.....