Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев «Нұр Отан» партиясының атынан үміткерлер тізіміне спортшылар мен әртістердің енуіне байланысты тілшілердің сұрағына жауап берді деп хабарлайды nur.kz.
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным. Сабақтың тақырыбы: Отан оттан да ыстық Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу Сабақ мақсаты: Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу....
Жауды жеңіп табиғат сап, Жермен –жексен еткен ерім Қуан, қуан, күлші сақ-сақ, Шын жеңіске жеткен елім
Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсріп, елестететін газет- журнал материалдары радио, телехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә содан беріжарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Осыдан жетпіс бір жыл бұрын ,дәл таң қыла бергенден фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыста біріншілердің бірі болып Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық- шекарашылар қарсы алған еді. Соғыс өрті кенеттен тұтанғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен – ақ жұдырықтай жұмылды. Республиканың түпкір- түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да, соғысқа сүранды. Біз соғыстың тек қана майдан жерінде ғана емес, тылда да жүргенін айқын білеміз. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін , Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығын жаудың қолына бермеу үшін тылға көшіре бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан аумағына жүз қырық екіге жуық кәсіпорын жайғасты. Ер азаматтардың барлығы армия қатарында болғандықтан , зауыттарда әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер тынбай тер төкті. Еңбек тәртібі қатайтылды , жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық , жиырма үш сағаттық жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ел «Бәрі де , майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», деген ұранмен еңбек етті.Сол кездегі Кеңес Одағының халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «Тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалист мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. ......