Болашақ ұрпақты кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды ұлттық тәрбиеге аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие. Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу, халқының салт-дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау.......
Мемлекетіміздің кең - байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сонау ғұн, сақ заманынан бері ата-бабаларымыз осы жер үшін қан төгіп, ұлтарақтай бөлігі үшін жан алысып, жан берісті. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Жер көлемі бойынша 9-орындамыз.......
Отаным - Қазақстан, тілім - қазақ, тарихым - бай. Жалпы алғанда бұл сөздердің астында баға жетпес байлықтар жатыр, ал көбісі бұл байлықты аңғара бермейді. Себебі, оны насихаттаушы аз. Сонда, «насихаттаушы болмаса қазақ-қазақ болмай ма?» деген сұрақ туындайды. Жоқ, әрине, бірақ өз тілім дейтін, ұлтым дейтін азаматтар......
1941 жылғы 22 маусым – жалпы тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын басталып, халықтарды қатты күйреткен жалмап шығатын ажал. Әр жыл сайын еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер –елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті. Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 мил. адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз. Иә, майдангерлер қай салада да үлгі болды. Біз ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз деп есептеледі......
Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы.......