Отан деген не? «Отан» деп отбасы мен ошақ қасын, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең-байтақ жерді, қазыналы қарттармен, ақ жаулықты әжелеріміз тай құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен баламыз жүрген елді айтамыз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – әрбір мұсылманның діни, әрі азаматтық борышы. Отан тақырыбына қалам тербегендер көп. Осыған орай, Отан туралы жазылған 10 өлең ұсынады.
Отан деген әрбір адамның туған жері, отбасы, бауырлары. Отан ұғымы өте кең. Дүниеге келген әрбір адамның өз отаны болады. Өсе келе отанның қадір қасиетін түсінесің. Себебі халқымыз «Отансыз адам болмайды, ормансыз бұлбұл болмайды» деп бекерге айтпаса керек. ......